Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет20/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

фразеологизмдер» атты тақырыптың ауқымы өте кең. М.Әуезовтің шығармалары да көп, оларда қолданылатын фразеологизмдер

де көп. Мұндай тақырыпты алмауға тырысыңыз ^емесе тақырып аясын тарылтыңыз. Мәселен, «М.Әуезов шығармаларындағы құрамында сан атауы бар фразеологизмдер» немесе «М.Әуезов шығармаларындағы фразеологизмдер («Көксерек» әңгімесі бойынша)» деп алсаңыз, зерттеуіңіздің аумағы тарылады, жинайтын зерттеу материалыңыз нақгыланады және жұмысыңыздың нәтижелігі де артады.


Тағы бір мысал. Сіз жұмыссыздық мәселесін зерттегіңіз келеді делік. Бұл мәселеде, біріншіден, аумақтық шекті анықтап алу керек. Әңгіме бүкіл Қазақстандағыжұмыссыздықтуралы ма немесе нақты қаладағы, небелгілі бір аудандағы жұмыссыздық жайында ма? Екіншіден, хронологиялық шектеулер қажет. Сіз адамзат тарихындағы жұмыссыздық мәселесін зерттемейтін шығарсыз, сондықтан нақты кезеңді анықтау керек. Соңғы бес немесе он жылды қарастырғыңыз келетін болар? Бұдан соң зерттелетін топты белгілеп алған дұрыс. Сізді тек ресми түрде тіркелген жұмыссыздар ғана қызықтыра ма, әлде жұмыстан қысқартылған, жұмыс орны алыс немесе ақшасы аз болғандықтан, жұмыссыз отырған т.б. жұмыссыздар ма? Сіздің респондентіңіздің қатарына іліну үшін адам қанша уақыт жұмыссыз болуы тиіс?


Осының бәрі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Зерттеуіңізге кірмейтін құбылыстарды бірден шығарып тастаған жөн. Бұл туралы зерттеуіңіздің кіріспесінде нақты айту керек. Өзіңіз үшін анық, айқын болып тұрған мәселе басқаларға айтпай-ақ түсінікті болады деген ойдан аулақ болыңыз.


Кейбір жас зерттеушілер зерттеу мәселесінің аясын жинақталатын материалдың санымен, көлемімен, мазмұнымен байланыстыруды жоспарлайды. Мұндай ойдан бірден бас тартқан дұрыс, себебі сізге берілген немесе сіз таңдаған зерттеу тақырыбы (атауы) алдын ала бекітіліп қойылады, оны өзгерту, әдетте, мүмкін болмайды.


Осы жерде әңгіме зерттеу жұмысының тақырыбы (атауы) туралы


болмақ. Қазақстанның оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ғылыми жоба, курстық, дипломдық жұмыстар, магистрлік, докторлық диссертациялар) тақырыптары белгілі кафедра тарапынан, ғылыми жетекші тарапынан ұсынылатын дәстүр қалыптасқан, яғни ұсынылған



31


бірнеше тақырып ішінен өзіңіз ұнағанын таңдайсыз да, сол тақырыппен әрі қарай жұмысжасайсыз. Кей жағдайда зерттеу тақырыбын өзіңіз ұсынасыз, жетекшіні өзіңіз таңдайсыз немесе берілген тақырыптарға өзгерістер (нақтылау) енгізетін жағдайлар болады. Сіздің тақырыбыңыз, ғылыми жетекшіңіз хаттама түрінде бекітіліп қойылады, әдетте, оны өзгерту қиын немесе тіпті мүмкін болмайтынын жоғарыда айтқан болатынбыз.

Ғылыми жұмыс тақырыбын анықтау кезінде зертгеушілердің көбі қолданатын миға шабуыл тәсілін айта кетейік. Бұл тәсіл сыни ойлауды қалыптастыру, үйрету, үйрену кезінде жиі қолданылады. Таза парақ алып, ойыңызға келген тақырыптардың бәрін жаза беріңіз, жаза беріңіз. Қалай болғанда да, он шақты тақырыптацартық ойлап таба алмайсыз. Тізіміңізге үстірт көз жүгіртсеңіз, бес-алты тақырыптың мүлдем сәйкессіздігін байқайсыз, оларды сызып тастаңыз. Бұдан кейін сәл ойланып, қалған тақырыптарды зерттеу жұмысыңыздың басты мәселесімен, жинаған материалыңызбен қатар қойып, салыстырып көріңіз. Қорытындысында екі немесе үш тақырып қалады. Осы кезде оқытушыңызбен, ғылыми жетекшіңізбен ақылдасқаныңыз дұрыс. Ол сіз көрсеткен қысқа тізімнің ішінен нақты тақырыпты таңдауға, нақтылауға көмектеседі. Жұмыс тақырыбына қатысты мұндай ой- толғамдар зерттеуіңізде не туралы жазатыныңызды, нақты мақсатыңызды анықтауға үлкен көмек көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет