Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет7/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   131
Әдістеме дегеніміз - қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы. Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар.

Ғылымның дамуында үш негізгі теориялық әдістің үлкен маңызы бар. Олардың біріншісі - аксиомалық әдіс.




Аксиома дегеніміз - логикалық дәлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайтын ереже екені белгілі. Евкпид геометриясында «жазықтықта жатқан екі нүкте арқылы тек бір ғана түзу сызық сызуға болады» деген аксиома бар (істің дәл осындай екенін тексеруге болмайды). Аксиомалар бір-біріне қайшы келмеуі керек. Аксиомалық әдістер логика мен математикада кең қолданылады. Ол қайшылықтардың кез келгенін жоққа шығарады. Теориялық қана емес, эмпирикалық деңгейде де зерттеу жүргізілетін ғылымдарда болжамдық-дедуктивтік әдісті қолдану дұрыс болады. Мұнда аксиоманың орнына болжам қойылады.


Болжам (гипотеза) дегеніміз - тәжірибелік айғақтармен салыстыра карағанда, теріске шығарылуы мүмкін білімдер. Болжамдық-дедуктивтік әдіс жақсы математикалық дайындықты талап етеді. Ол қазір физикада, электротехникада, радиотехникада, экономикалық ғылымдарда кең қолданылады. Болжамдық-дедуктивтік әдісті қолдануға мүмкін болмағанда, сипаттау әдісіне жүгінуге тура келеді. Зерттелетін нысанның «келбеті» сөзбен, графикамен, сызбамен берілуі мүмкін. Қазір зерттеушінің ойы болжамдық-дедуктивтік әдісті қолданғаннан гөрі, тура тәжірибе мәліметтеріне жиірек жүгінуге мәжбүрлейді.


Сипаттау әдісі филологияда, биологияда, медицинада, психологияда, әлеуметтануда қолданылады. Егер сипаттау әдісі болжамдық-дедуктивтік әдіс деңгейіне дейін көтерілетін болса, оны әрқашан да жеңіс деуге болады. Болжамдық-дедуктивтік әдістің талаптарына бағынбайтын кейбір ерекше күрделі құбылыстарды зерттеуде сипаттау әдісі тиімді болуы мүмкін.

Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мәліметтер алудыңаса маңызды шарты болыптабылады. Танымныңдаму үдерісінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау, жинақтау,






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет