сәйкес оқырмандарға қалай ықпал
жасауға болатынын анықтауға
көмектеседі.
Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін
айқындай отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса
назар аударуға көмектесе аласыз.
Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, кезқарасыңыз және үсыныстарыңыз
аналогия,
ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде
берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажететпейді, ал
кейбіреулері дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ тақырыпты
зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа
идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын
автор ұстанымының
негізіне автордың жеке әсері, толғанысы жатуы
мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе, жаңа бастаған) қосымша
ақпараттар артықтық етпейді.
Эссеніңтақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл
кітапхана, интернет ресурстары, сездіктер,
анықтамалықтар, қайта оқып
шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ
жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет.
Келесі кезең - дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді
құрастыру,
жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.
Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады. Деректерді тексеріп,
бар материалдарды ретімен қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір
мәліметтерді алып тастап, басқаларын
кеңейтуге тура келеді, қандай
жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.
Тезистержұмыста ұсынылатын ақпараттарды жүйелеуге, идеялардың
арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі.
Эссе жазуда кездеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың
езін таңцаудан бастаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: