Динаева б. Б., Сапина с. М


Тезистерді мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?



Pdf көрінісі
бет87/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   119
Тезистерді мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?
Жүйелі ақпарат, идеяларды нақтылайтын деректер болып, автор 
оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің 
хабарламасымен қандай нәтижеге жеткісі келетінін кере білсе, тезистерді 
мағыналы баяндауы қажет.
Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі 
композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі дөлім, қорытынды.
Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және 
мінсіз (өзіндік) болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, 
жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл 
ескертпе т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас
137


сақталуы керек. Егер де эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 
сөз алу үсынылады.
Негізгі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер 
жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектер болуы керек, 
себебі идеяны дәлелдемелер мен мысалдар арқылы нақтылайды. Түрлі 
статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырып ашылуы 
қажет. Көтерілген мәселе айқындалып, оның туу себептері керсетлуі 
керек.
Қорытынды бөлімде нақты және айқын тезистер келтіріліп, 
проблеманы шешуде қолдануға түрарлық нақты ұсыныстар келтіріледі. 
¥сыныстар өмірде кездесетін жағдаяттар тұрғысынан келтірілген, нақты 
өмірмен тығыз байланысты болады.
Ал баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге 
немесе индуктивті-керісінше), эссеніңтақырыбын қандай тәсілмен ашқан 
жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. 
Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.
Қайта қарап шығу дегеніміз - эссе мәтінін сапасы мен нәтижесі 
тұрғысынан редакциялау: ойдың айқындығы, түсінікті жазылуы, яғни 
мағыналық байланыстың болуы, бірізділігі, сауаттылығы мен стильдің 
дұрыстығын айқындау. Қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның 
қажеттілігітуындайды. Екіншінұсқабойыншажұмысөтеүлкенбөліктерден 
басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге 
дейін, сөйлемдерден сезге дейін талданады, сараланады. Баяндаудың 
жатықтығына, ойдың логикалық сабақтастығына, байланысына назар 
аудару керек.
Түзету барысында мәтіннің сауаттылығына, сөздердің байланысына, 
тыныс белгісіне, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.
Мәтінніңшебереңделуісоңынадейінжалғасады. Мәтінде«жағымсыз» 
сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, 
кепмағыналы сездерді пайдалану барысында мұқият болу керек: 
мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? 
Мұнытексерудіңбірнешежолы бар: мәтіндідауыстапоқу, өзжазғаныңызға 
оқырманның кезқарасымен қарауға тырысу, ең соңында адамдардың 
пікірін білу.
Адам әр уақытта өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет