Динаева б. Б., Сапина с. М


«М.Әуезов шығармаларындағы



Pdf көрінісі
бет25/123
Дата07.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#106409
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

«М.Әуезов шығармаларындағы
фразеологизмдер» 
атты тақырыптың ауқымы өте кең. М.Әуезовтің 
шығармалары 
да 
көп, 
оларда 
қолданылатын 
фразеологизмдер 
де көп. Мұндай тақырыпты алмауға тырысыңыз немесе тақырып 
аясын 
тарылтыңыз. 
Мәселен, 
«М.Әуезов 
шығармаларындағы
қурамында сан атауы бар фразеологизмдер» 
немесе 
«М.Әуезов
шығармаларындағы 
фразеологизмдер 
(«Көксерек» 
әңгімесі
бойынша)» 
деп алсаңыз, зерттеуіңіздің аумағы тарылады, жинайтын 
зерттеу материалыңыз нақтыланады және жұмысыңыздың нәтижелігі де 
артады.
Тағы бір мысал. Сіз жұмыссыздық мәселесін зерттегіңіз келеді делік. 
Бұл мәселеде, біріншіден, аумақтық шекті анықтап алу керек. Әңгіме бүкіл 
Қазақстандағы жұмыссыздықтурал ы ма немесе нақты қаладағы, не белгіл і 
бір аудандағы жұмыссыздық жайында ма? Екіншіден, хронологиялық 
шектеулер қажет. Сіз адамзат тарихындағы жұмыссыздық мәселесін 
зерттемейтін шығарсыз, сондықтан нақты кезеңді анықтау керек. 
Соңғы бес немесе он жылды қарастырғыңыз келетін болар? Бұдан соң 
зерттелетін топты белгілеп алған дұрыс. Сізді тек ресми түрде тіркелген 
жұмыссыздар ғана қызықтыра ма, әлде жұмыстан қысқартылған, жұмыс 
орны алыс немесе ақшасы аз болғандықтан, жұмыссыз отырған т.б. 
жұмыссыздар ма? Сіздің респондентіңіздің қатарына іліну үшін адам 
қанша уақыт жұмыссыз болуы тиіс?
Осының бәрі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерінен 
туындайды. Зерттеуіңізге кірмейтін құбылыстарды бірден шығарып 
тастаған жөн. Бұл туралы зерттеуіңіздің кіріспесінде нақты айту керек. 
Өзіңіз үшін анық, айқын болып тұрған мәселе басқаларға айтпай-ақ 
түсінікті болады деген ойдан аулақ болыңыз.
Кейбір жас зерттеушілер зерттеу мәселесінің аясын жинақталатын 
материалдың санымен, 
көлемімен, 
мазмұнымен байланыстыруды 
жоспарлайды. Мұндай ойдан бірден бас тартқан дұрыс, себебі сізге 
берілген немесе сіз таңдаған зерттеу тақырыбы (атауы) алдын ала 
бекітіліп қойылады, оны өзгерту, әдетте, мүмкін болмайды.
Осы жерде әңгіме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет