Динаева б. Б., Сапина с. М


Рефератты орындауға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет72/123
Дата07.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#106409
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Рефератты орындауға қойылатын талаптар
Реферат ғылыми жұмыс болып табылады, себебі онда ғылыми 
зерттеудің элементтері болады. 
Осыған байланысты 
рефератты 
ресімдеуге де басқа ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар міндетті 
болып табылады.
Барлық ғылыми 
жұмыстарды 
ресімдеу ережесі 
бүкіл 
білім- 
ғылым саласы үшін стандартты болып табылады және мемлекеттік 
стандарттармен 
реттеледі. 
Рефераттар үшін 
мынадай 
талаптар 
орындалуы керек: жалпы талаптар, сілтеме беру ережесі, сілтемелерді 
дұрыс әрі анық ресімдеу, библиографиялық тізім, қысқарған сөздер мен 
атауларды дұрыс қолдану. Аталған ережелерді кейін оған уақыт кетірмес 
үшін бірден есте сақтаған жөн.
Рефератты ресімдеу ережелері
Реферат мазмұнын ресімдеген кезде жоғары оқу орнының, жоғары 
мектептің (факультеттің), кафедраның толық атауы, реферат тақырыбы, 
автор мен жетекшінің аты-жені, қала және реферат жазылған жыл 
керсетілетін жұмыстың титулдық бетген басталатынын естен шығармау 
қажет. Екінші беттен бастап беттер немірленіп, рефераттың мазмұны 
жазылады.
Рефераттың жалпы келемі 
15-20 беттен 
аспауы керек. Абзац 1,25 
см. болуы тиіс.
Парақтың жиегі:
®
сол жағы - 3 см.;
• оңжағы -1 ,5 см.;
® төменгі жағы - 2 см.;
• жоғарғы жағы - 2 см. болуы керек.
Мәтін 1,5 интервал арқылы басылады. Егер реферат мәтіні МісгозоЙ 
\Л/огсІ редакторында терілсе, Т іт е з Меш К о т а п шрифтін қолдану 
ұсынылады. Шрифт мөлшері -1 4 пт.
Рефераттың кез келген құрылымдық бөлігі (кіріспе, негізгі белім, 
бөлімдер, қорытынды) жаңа беттен басталады. Тарау мен оған дейінгі
114


мәтіннің арасы, сондай-ақтарау мен параграфтың арасының қашықтығы
1 интервалды құрайды.
Ортаға жазылатын тақырыптан кейін нүкте қойылмайды.
Тақырыптың асты сызылмайды.
Рефераттың титулдық беті рефераттың жалпы бет санына кіреді, 
бірақ титулдық бетке нөмір қойылмайды.
Әдебиет тізім і
Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты 
ұстану керек. 
Әдебиеттер дереккөзі 
МемСТ 7.1-2003-ке сәйкес 
ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме 
жасау тәртібіне қарай орналастыру керек және нүкте қойылмаған 
араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. 
Пайдаланылғандереккездергежасалғансілтеметөртбұрыштыжақшаның 
ішінде керсетіледі.
Рефераттағы әдебиет тізімінің саны - 4-12 болуы керек. Әдебиет 
тізімінде керсетілген жұмыстар соңғы 5-10 жылда жарық көрген жаңа 
жұмыстар болуы қажет. Ескі дереккөздерді ете қажет болған жағдайда 
ғана қолдану керек. Библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде 
келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттің авторы, жұмыстың аты, қаласы, 
баспасы, жылы, жалпы бет саны көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет