Динаева б. Б., Сапина с. М


С аясаттанулы н кызметіне



Pdf көрінісі
бет65/119
Дата27.09.2022
өлшемі5,44 Mb.
#40470
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   119
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

С аясаттанулы н кызметіне. 
ен алдымен. танымдык кызметі жатады. 
Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін 
түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Келесі қызметі -
бағалау. Ол саяси куоылыскабаға беоеді. Лемокоатиялык мемлекеттеоде 
саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, 
халықтың демократиялық саяси 
мәдениеттілігін 
қалыптастырады. 
Саясаттану баскао^ кызметін аткаоады. Ол адамдаодын саяси өміоінде 
езін-езі ұстауына тікелей әсер етеді. Ең соңында саясаттанудың болжау 
қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің 
үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды, ол белгілі бір саяси 
жағдайларда озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми 
негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты 
да сонда.
108


Практикалық тапсырма
Төмендегі мақала 
бойыніиа 
конспект жазыңыз. 
Конспектінің қандай түрін қолданғаныңызды көрсетіңіз.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАҢА АТАУЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЖОЛДАРЫ: 
ЭКСТРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
Қазіргі кезең - жаңалықтар мен жаңа атауларға толы кезең. Қоғамда 
болып жатқан кез келген жаңалық, ең бірінші, тілден көрініс табады. 
Осыған байланысты тілде көптеген жаңа сөздер, яғни неологизмдер пайда 
болып жатады. Бұл - тіліміздің сөздік құрамын дамытатын тәсілдердің 
бірі. Сөздік құрамның дамуына екі түрлі фактор әсер ететіні белгілі, 
бірі - сыртқы экстралингвистикалық фактор болса, екіншісі - тілдің ішкі 
мүмкіншілігі. Экстралингвистикалық факторларға қоғамдағы тарихи, 
мәдени, экономикалық және т.б. жағдайлармен байланысты жаңалықтар 
жатады және тілге, негізінен, жаңалық әкелетін де осы факторлар болып 
табылады. Осы ретте жаңа сөздердің жаңашылдығы қандай деңгейде, 
осы сөздердің жаңалану дәрежесі қандай, тілімізде бұрын- соңды 
қолданылмаған сөздер қатарында ма немесе кенерген сөздердің тілімізге 
қайта оралуының нәтижесінде пайда болған сөздер ме деген сұрақтар 
туындайды.
Қай тілде де лексикалық жаңа жасалымдар көп және алуан түрлі, 
сондықтан да зерттеушілер оларды жіктеуге әрекет жасайды. Жіктеуде 
түрлі белгілер не ұстанымдар негізге алынады: формалдық, семантикалық, 
парадигматикалық, синтагматикалық, әлеуметтік лингвистикалық т.б. 
Зерттеулерде кездесетін жіктемелерде бір зерттеушілер жалпы лексиканы 
жіктеудегі белгілерді басшылыққа алса, екіншілері тек неологизмдерге 
ғана тән белгілерді негізге алады. Енді қолданыста жүрген неологизмдер 
жіктеліміне нақты тоқталамыз.
Тілдік бірлік түріне байланысты неологизмдер неолексемалар, 
неофраземалар, неосемемалар болып бөлінеді.
Неолексемалар деп өзге тілден енген жаңа сөздерді не жаңа 
құрылымдарды атайды. Мысалы, имидж, эдвайзер т.с.с.
Неофраземалар деп идиомдық семантикаға не жаңа тұрақты сөз 
тіркестері мен фразеологизмдерді атайды. Мысалы, Ақ үй, сенім иесі, 
құқықтық мемлекет, табыс туралы декларация, жарнамалық үзіліс т.с.с.
Неосемемалар дегеніміз - көнерген сездер мен фразеологизмдердің 
жаңа мағыналары. Мысалы, экология сөзінің «тазалық, дұрыстық, 
үндестік, тазалыққа қамқорлық» деген жаңа ауыспалы мағынасы пайда 
болды. Мысалы, рух экологиясы, тіл экологиясы, мәдениет экологиясы 
т.с.с.
Н.З.Котелованың пікірінше, неологияны өз зерттеу нысаны бар жаңа 
ғылым ретінде қарастырар болсақ, төмендегі мәселелер оның зерттеу 
нысанына енеді:
109


а) көнерген сөздіңжаңа мәнге ие болуы, мысалы, ескі сөздіңтұтастай не 
жеке мағыналарының терминденуі немесе «мерзімдік» не стилистикалық 
реңкінің езгеруі;
ә) сөзөзгерім жүйесінің жаңа формаға ауысуы: түрленбейтін сын 
есімдердің шырай категориясын алуы не көптік формада түрленбейтін 
зат есімдердің көптік формасын қабылдауы;
б) сөздің жаңа тіркесім түзуі;
в) сөздің жаңа лексика-грамматикалық қызметі, мысалы, жаңа 
модельдерге шылаулардың не тұрақты бір сөздердің қолданылуы [1, 34].
Ал тілдік бірл іктердің жаңалану дәрежесіне байланысты неологизмдер 
екіге бөлінеді:
а) абсолютті; ә) қатыстық.
Қатыстық неологизмдерді кейде функционалды неологизмдер деп те 
атайды.
Абсолютті неологизмдерге нақты сипаттама берілмей келеді. Оның 
негізгі сипаты тілде бұрын-соңды болмағандығымен анықталады. Мысалы, 
қазіргі таңда оқу үдерісінде қолданыста жүрген эдвайзер, кредиттік 
технология, триместр т.с.с.
ҚатыстықнеологизмдеркатегориясыорыстілбіліміндеТ.Н.Попованың 
зерттеуінде танылған. Бұл неологизмдер қатарына тілде бұрыннан бар 
тіл бірліктерінің жаңалануы жатқызылады. Осы қатарға жататын сөздер 
тобына нақты тоқталайық:
1) 
«Қайта оралған лексика» деп аталатын топ. Бұл қолданыста 
белсенділігі төмен сөздер мен көнерген сөздердің соңғы кезеңде белсенді 
қолданылуынан пайда болып қордаланады. Бұл кезде белсенділенген 
сөздердің бастапқы мағыналары мен стильдік реңктері сақталады. 
«Қайта оралған лексика» қатарына терминдік сипаттағы діни сөздер де 
жатады. Сонымен бірге бұл қатарға мемлекеттік органдар мен білім беру 
орындарының бұрынғы атауларының қайта қолданыстағы белсенділенуі 
нәтижесіндегі сөздер де жатады: гимназия, лицей, баж.
2) 
Әдеби тілде бұрыннан белсенді қолданылатын, бірақ соңғы 
кезде жаңа мәнге ие болған сөздер. Мысалы, демеу, демеуші сездері 
әдеби тілімізде белсенді қолданыстағы сөз болса, кейінгі кезде демеушілік 
жасаушы мәнін арқалайды.
3) 
Тілдің өз ішіндегі ауысу нәтижесіндегі сөздер. Бұл тілдің ауызекі 
сөйлеу жүйесінен, терминжүйесінен, арго және жаргон, диалект, арнайы 
кәсіби лексикадан әдеби тілге тілдік бірліктің ауысуы нәтижесінде пайда 
болады [2, 31]. Мысалы, арнайы лексикаға жататын мына терминдерді 
түсінбейтін тіл тұтынушысы жоққа тән: СПИД, ВИЧ-инфекция, мануалды 
терапия; жастар мәдениетіне тән жаргон сөздер: пирсинг, рэп, тусовка; 
бизнес пен қаржы ісі терминдері: бартер, брокер, инфляция. Жаңа сездер 
не неологизмдер жаңа түсініктерді атау қажеттілігінен туындаған. Олар- 
дың пайда болуына әсер еткен сыртқы жағдайлар сипатына сай жаңа 
сөздердің де тілдегі өмір сүруі мен қолданылуы түрліше болады. Олар- 
дың кейбірі әлеуметтік мәселелерге қатысты болып, тарихи жағынан құн-
110


дылыққа ие бола алса (мысалы, мемлекеттің жаңа түрінің пайда болуына 
байланысты: жариялылық, қос палаталы т.с.с.), енді бірі қысқа мерзімдік 
болады (мысалы, киім не шаш, аяқ киімге қатысты сән үлгілерінің атаула- 
ры). Негізінен, жаңа сөздің пайда болуы тілдегі бұрыннан қалыптасқан, 
белсенділігі жоғары, сол кез үшін өнімді тәсілдермен жасалып отыра- 
ды. Қалай болғанда да жаңа сөз жасалғанда, ескі не көне сөз мағынасы 
жағынан жаңғырады да, жаңарады, болмаса, жаңа сөз кірмелік сипатта 
болады. Сонда неологизм дегеніміз - жаңадан пайда болған сөз не тіркес 
немесе бұрыннан бар сөздің жаңа мағынаға ие болуы, я болмаса, өзге 
тілден жаңа түсінікке сай енген сөз, сез тіркесі.
Әр дәуірге сай терминдердің тарихи лексикологиялық жіктелуі 
құрылады. Олардың қатарында термин-архаизм, термин-неологизмдер 
болады. Термин-неологизмдер қалыптасушы терминжүйеге тән. Термин- 
архаизмдер ғылыми білімнің өсуімен байланысты пайда болады да, тілдің 
лексикалық бірлігі ретінде сақталып, жаңа терминжүйенің құрамында 
жаңа мағынаға ие болуы мүмкін. Олардың арасында терминге айналған 
көнерген сөздер де белсенді кездеседі. Мысалы, мемлекет пен құқық 
саласында «бағынышты, тәуелді» мағынасын білдіретін «бодан» сөзі 
«подданство» мағынасында термин ретінде қалыптасқан. Дәл сол сияқты 
«кежеуіл-телохранитель», «қарымжы-задаток», «бопса-шантаж», «болыс- 
волость», «ереуіл-забастовка», «сыбаға-паек», ақпараттық технологияда 
«ауани жады-виртуальная память», «айқұлақ-знак», «нобай-версия» 
сияқты кептеген сез тілімізге қайтаоралып, термин ретінде қалыптасқан.
Көріп отырған терминдік жаңа атаулар қолданыстағы белсенділігі 
төмен көне сөздердің қайта қолданысқа жаңа терминдік мән арқалап 
енуінен жасалып тұр. Байқап отырғанымыздай, олардың жасалуы мен 
іріктелуінде уәждік негіздемелері айқын байқалады. Осы қатардағы өте 
көне сөздердің неологизмге, жаңа термин сөзге айналуына жеке-жеке 
тоқталар болсақ, «айқұлақ» таңбасы - лексикалық архаизм, сыртқы 
формасының ұқсастығына байланысты, яғни метафоралық жолмен 
терминденіп, синтаксистік-аналитикалық тәсілмен жасалған. Сол сияқты 
«ауани жады» көнерген сөздердің тіркесуі арқылы жаңа терминдік сипатқа 
ие болып тұр.
Жоғарыда көрсетілген терминдердің бәрі терминжасамның барлық 
тәсілімен жасалып, оған тән қасиеттерге толық сай. Олай болса, көнерген 
сездерді қайта жаңғыртудың бір жолы оларды терминдендіру болып 
табылады. Бұл арқылы ұлттық терминлогиямызды қалыптастырамыз. 
Сонымен бірге кенерген сездердің (тарихи сөздер мен архаизмдердің) 
қоғамда соларға қатысты ұғымдардың сол күйінде не ұқсас сипатта 
қайта оралуына сай терминдік қатарда неологизм сапасында таныла 
алады және бұл құбылыс неология ғылымы мен терминжүйеде қатар 
қарастырыла алады.
111




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет