Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет63/119
Дата27.09.2022
өлшемі5,44 Mb.
#40470
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Еркін конспект. Мұнда конспектінің бірнеше түрі аралас болады. 
Еркін конспект материалдармен жұмыс істеудің бірден бірнеше тәсілін 
пайдаланатындарға арналған. Онда үзінділер, дәйексөздер, жоспар, 
көптеген тезис түрлері жазылуы мүмкін. Сіздің өз ойыңызды қысқа әрі 
нұсқа бере білу, жоспармен, автордың дәйексөздерімен жұмыс істеу 
дағдыларыңыз қажет болады. Ақпараттарды осылайша жазу жан-жақты 
әрі толық қамтылған мәлімет беру деп есептеледі.
Конспектілеу техникасы
Материалды аяғына дейін оқып шығу қажет, мәтіннің ерекшеліктерін, 
оның сипатын, таныс емес терминдерді беліп көрсету керек. Мәтінді тағы 
бір рет оқып шығып, мұқиятталдау жасау қажет. Материалмен осылайша 
жұмыс істеу басты мәселеден қосымша ақпаратты ажырата білуге
оларды рет-ретімен жазуға үйретеді.
Мәтіннің негізгі ойын бөліп көрсету тезис деп аталады. Оны 
дәйексөздермен (егер автордың ойын беру қажет болған жағдайда) 
немесе өзіңіздің жеке тәсіліңізбен жазуға болады.
Тез конспектілеуге (осылайша оқытушының айтқанына үлгеруге 
болады) мына тәсілдер көмектеседі:
- қарастырылатын басты мәселені беле білу;
- ақпаратты сызба, кесте, тезис түрінде бере білу;
- қысқартулар жүйесі;
- «өрнектеп» жазудан бастарту (мысалы, «каллиграфиялық» 
жазудан).
Конспектілеу алгоритмі
• Материалға көз жүгірте қарап, онда не жазылғандығын түсіну. 
Мысалы, кейбір оқулықтарда материалдың жоспары мен негізгі 
терминдері бар глоссарий, сызба т.б. болады. Бұл сіздің міндетіңізді 
айтарлықтай жеңілдетеді.
• Негізгі мәселеден қосымша мәселені ажырата отырып, мәтінді оқу 
және оған талдау жасай алу керек. Ақпарат белгіл і бір тәртіпте орналасқан 
бөліктерге бөлінеді.
• Мәтінде (тезисте) жазылған негізгі ойды бөле білу.
• Конспектілеу техникасын ескере отырып, конспектілеуді бастау.
Материалды конспектілеу кезінде темендегідей негізгі ережелерді
есте ұстаған жөн:
Конспектіде міндетті түрде жекелеген беліктері бөлініп көрсетіледі. 
Тақырыптарды, тақырыпшаларды, тұжырымдарды бөлу қажет, бір 
тақырыптан екінші тақырыпты жеке қою қажет. Бөлуді басқа түспен сызу 
арқыльі көрсетуге болады (тек мәтінді алабажақ суретке айналдыруға 
болмайды). Абзацтар мен жоспардыңтармақтарын, бір ойдан екінші ойды 
бөлу үшін бос орын қалдыру, нөмірлеуді белгілеу үшін шегіністер (отступ)
104


жасау ұсынылады. Егер мәтіндегі анықтамаларды, формулаларды, 
ережелер мен заңдарды ерекшелеп керсету үшін оларды қоршап қоюға 
болады.
Жазбаларды қабылданған шартты таңбаларды қолдану арқылы 
жүргізугеболады. Материалды конспектілеп отырып, әртүрлітаңбаларды, 
қысқартуларды қолдану міндетті түрде қажет. 
Мұндай таңбалар 
көрсетуші немесе бағыттаушы белгілер, сұрақ белгісі мен леп белгісі, Р5 
(постскриптум, кейін жазылатын сөздер немесе мәтін) белгісі және МВ 
(назар аударыңыз) белгісі болуы мүмкін. Мысалы, «демексо н д ы қт а н » 
сездерін => математикалық таңбасымен белгілей аласыз. Өзіңіздің жеке 
таңбалық қорыңыз қалыптасқан кезде материалды конспектілеу тіпті 
оңайға түседі, кейін оны оқу тез әрі жеңіл болады. Сөздерді жазғанда 
қысқарта беру кейін оны оқыған кезде сізге қиындық келтірмеуі тиіс 
екенін есіңізден шығармаңыз. Не жазғаныңызды түсінбей, таңбалардың 
мағынасын ашуға уақыт жоғалтпас үшін қалыптасқан қысқартуларды 
қолданыңыз. Дұрысы, жеке өзіңіздің қысқартулар жүйесін әзірлеңіз және 
ол қысқартуларды барлықжазбаларыңызда сол сөздерге қатысты бірдей 
қолданыңыз. Мысалы, үлкен әріппен
«М» таңбасымен «мақала» сөзін, «Ж» әрпімен «ж ү м ы с » сезін барлық 
конспектілеріңізде белгілеңіз.
Конспектілеген кезде хабарлы сөйлемді қолданған дұрыс. Өз бетінше 
сұрақ қоюдан аулақ болған жөн. Сұрақтарды дәптердің (қағаздың) шетіне 
жазған абзал. Материалды сөзбе-сөз кешіруге тырыспаңыз.
Материалды дұрыс конспектілеудің барлық қыр-сырын үйренгеннен 
кейін сабақта жеңіл әрі нәтижелі еңбектенуді үйренуге болады, бірақ оны 
ерекше ынтамен істеуге ұмтылу қажет.
Конспект ж а зу ү л гісі
Түпнүсқа мәтін
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Саясаттану - [грек, роііііке - мемлекетті басқару өнері, Іодоз - сөз, 
түсінік, ілім] саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX ғ. 50 жж. 
саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 
1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі 
құрылды. объектілері:
• 
саяси теория;
• 
саяси институтгар;
• 
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
• 
халықаралық қатынастар.


Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. 
Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда 
болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси 
сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша 
нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта 
дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, 
саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның 
саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән 
ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына 
енгізілді. 
Қазақстан 
Республикасының жоғары оқу орындарында 
саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
Саясаттану әдістері саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми 
әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай 
да бір әдістері мен құралдарының басымдылығы саясаттанудың 
ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Саясаттану 
әдістері: әлеуметтанулық, тарихи, салыстырмалы талдау, құрылымдық- 
функционалдық, бихевиористік, жүйелік.
Әлеуметтанулықәдіссаясатты қоғам өмірініңэкономикал ық, әлеуметтік 
құрыльім, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына 
қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып 
қарастырады. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді 
олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Салыстырмалы 
әдіс әртүрлі 
елдердегі 
саяси 
құбылыстарды 
салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін 
ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір 
бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі 
орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын 
зерттейді.
Бихевиористік әдісжеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір 
саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға 
негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси 
қатынастар субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді 
зерттеу әдісі. Функция арқылы құрылымдардыңәлеуметтікмәні, қоғамдық- 
саяси процестегі орны мен релі лайықтьі түрде анықталады.
Саясаттанудың қызметі
Саясаттану қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді
(функцияларды) атқарады. Оған, ең алдымен, танымдық қызметі 
жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси 
мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға,
106


іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық 
мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. 
Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін 
қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі
- қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол 
адамдардың саяси емірінде езін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер 
етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану 
қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар 
береді.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым 
саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, 
оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң 
шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар 
мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып
зерттеледі, қоғамда немесе оныңжеке аймақтарында қалыптасып жатқан 
нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол 
кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай 
басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы 
үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз 
шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси 
зерттеулердің 
құндылығы 
саяси 
процестердің 
үрдісін 
айнытпай 
бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы 
қатарлы, озық саяси езгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген 
болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
Осы мақала бойынша жазылған конспект үлгісі
Саясаттану 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет