Динамикалық Қатарлар туралы түсінік және оның түрлері


Орташа шамалы динамикалық



бет4/16
Дата09.10.2022
өлшемі474,5 Kb.
#42059
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
8 тақырып.1

Орташа шамалы динамикалық қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін сипаттауды айтады. Бұған мысал ретінде республика бойынша; бір сиырдан сауылған сүттің орташа мөлшері туралы көрсеткіштерді алуға болады (11.3-кесте):
3-кесте. Республика бойынша бір сиырдан сауылатын сүттің орташа мөлшері

Жылдар

1990

1991

1992

1993

1994

1985

Бір сиырдан орташа сауылтан сүт, кг есебімен

3133

2958

2382

2356

2181

2172

Демек, осы берілген көрсеткіштерді біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің осы уақыт ішіндегі барлық бірліктерге тән орташа мөлшері деп түсінейік, ал бұл мөліметтер түрлі себептерге байланысты әрқашан өзгеріп отырады.


Динамикалық қатарларды зерттеу және талдау кезінде оның дұрыс құрылғандығын, сандық көрсеткіштерінің (дәрежелерінің) дәлдікті, нақтылықты көрсететіндігін білу кейбір шарттардың орындалуын талап етеді. Соның ішіндегі ең негізгісі болып саналатыны — динамикалық қатарлар дәрежелерінің бір-бірімен салыстырмалы болуы. Себебі динамикалық қатарларды қарастырған кезде ұзақ уақыт аралығындағы көрсеткіштер алынады және оларға әр түрлі себептердің әсер етуіне байланысты көптеген өзгерістердің болуы мүмкін. Мұндай жағдайда динамикалық қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға келмейді. Ал оның себебі мыналар: аумақтың өзгеруі, әр түрлі өлшем бірліктерінің қолданылуы, зерттелінетін зерзат көлемдерінің, мөлшерлерінің қамтылу дәрежелерінің әр түрлі болуы, есептеу әдістемелерін қолданудағы өзгешеліктер және т.б.
Аумақтың өзгеруіне байланысты динамикалық қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға болмайды. Олардың салыстырмалы болуы үшін алдыңғы, яғни базалық уақыттағы қатарлар дәрежесі аумақтың өзгергеннен кейінгі жана шекарасы бойынша қайта есептелініп, бір жүйеге келтірілуі тиіс. Мысалы, бір облыстан екінші облысқа аудан немесе елді мекен берілетін болса, онда екі облыстың барлық статистикалық көрсеткіштері жаңа шекара бойынша қайта есептеледі. Кейбір жағдайда біртектес динамикалық қатарлардың дәрежесі әр түрлі өлшем бірліктерімен берілуіне байланысты, олардың көрсеткіштері бір-бірімен салыстыруға келмейді. Мысалы, бір сиырдан орташа сауылған сүт бірде литрмен, бірде киломен беріледі делік. Мұндай жағдайда барлық уақыттағы қатарлар дәрежесін қайта есептеу арқылы салыстыруға келетіндей етіп, бір өлшем бірлігіне айналдырылады.
Динамикалық қатарлар дәрежесін дұрыс құру үшін ондағы көрсетілетін көрсеткіштердің уақытына қарай белгі бірліктерінің бірдей болуы қажет. Мысалы, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің сандық көрсеткіштерінің динамикасын зерттеу керек болатын болса, онда бірінші жылы күндізгі бөлімде оқитындардың сандық мәнін алып, екінші жылы барлық бөлімдерде оқитын студенттердің сандық көрсеткіштерін алып, бір-бірімен салыстыруға болмайды. Демек бұл көрсеткіштердің салыстырмалы болуы үшін барлық аралықтағы қамтылу көрсеткіштерінің толықтығы бірдей болуы тиіс. Тек сонда ғана қатар дәрежелерін салыстыруға болады.
Динамикалық қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға келмейтіндігі сол, ондағы берілген сандық мәндер түрлі әдістер арқылы есептелуі мүмкін. Мысалы, бір жұмысшының белгілі бір уақыт ішінде өндірген өнімі бойынша немесе жалпы жұмыскерлерге есептеу арқылы еңбек өнімділігін анықтауға болады. Бірақ, мұнда есептеу тәсілі әр түрлі. Біріншіде - тек жұмыс істеген жұмысшылар ғана алынса, екіншісінде - барлық жұмыскерлер түгелдей қамтылған. Демек, есептеу әдістемелері әрқайсысында әр түрлі. Сондықтан бүл көрсеткіштердің өзара салыстырмалы болуы үшін, есептеу әдістері біртектес болуы қажет және сонда ғана есептелінген мәліметтер салыстырмалы түрге айналады.
Кейбір жағдайға байланысты біртектес динамикалық қатардың керсеткіштері уақыт мезгіліне немесе кезеңіне қарай екі қатарда берілуі мүмкін және оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Сондықтан бұлардың салыстырмалы болуы үшін барлық уақыт ішіндегі көрсеткіштерді есептеу арқылы бір қатарға тіземіз (келтіреміз). Ол үшін үздіксіздендіру деп аталатын статистикалық тәсілді қолданамыз және оған мысал ретінде 11.4-кестенің көрсеткіштерін келтіреміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет