Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТI ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ



бет15/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТI ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ
Тараз көне қытай, араб, парсы және ұрым (Бизантия) деректерінде жиі кезігетін мәшһүр қала. Қытай саяхатшылары мен араб тарихшыларының еңбектерінде әбден суреттеліп аталатын Тараз қаласы Иран уә Тұран далалары тоғысқан жердегі үлкен сауда орталығы және Жібек жолы бойымен жүретін керуен жолдарының торабы ретінде көрінеді. 576 жылы өлген Истеми қағанға елшілікке жіберілген Земархтың саяхаты туралы деректерді жазған Бизантия тарихшысы Менандре Протектордың еңбегінде бұл қала “Талас”, қытай саяхаткері Хиеюен-Тсаңның еңбегінде “Та-лұ-си”, кейбір қытай авторлардың еңбектерінде “Та-ла-за” ретінде, ал араб авторлардың еңбектерінде “Тараз”, “Тираз”, “Талас” формасында аталған. Белгілі шығыстанушы Хоуорттың пікірінше Тараз ХХ ғасырдың басындағы Әулие Ата қаласының орнында болған Академик В.В. Бартольд бұл пікірді қолдайды, ал Шаваннестің пікірінше Тараз қаласы Әулие Атаның 5 фәрсах түстігінде болған. Осы деректердің барлығы да Тараздың VI-XIII ғасырларда қаншалықты мәшһүр болғандығын көрсетеді.Алайда, Тараздың мұсылмандыққа бет бұруындағы шешуші уақиға 751 жылы осы өңірде болған және тарихи әдебиеттерде “Талас ғазауаты” деп аталған соғысқа тікелей байланысты. Өйткені, Таласта болған ғазауат, түрiк қағандығындағы iшкi қырқыстарды пайдаланған қытайлардың Жетiсу өңiрiн жаулап алып, Шашқа (Ташкент) дейiн барған кезінде болған еді. Талас ғазауатынан кейiн Орталық Азия халықтары лек-лек болып мұсылмандықты қабылдайды. Олар өздерiн қытай шапқыншылығынан қорғаған мұсылмандарды жақсы көредi, елдер арасында махаббат, достық пайда болады. Мұсылмандар мен басқа дін өкілдерінің арасында оң өзгерістер, жылы мұғамалалар хасіл болады. Алайда, қытайлық авторлар, Талас ғазауатын Орта Азиядан күдер үзген соғыс деп бағалайды. Өйткенi, олар жеңiп алғанда, Орта Азияның қытай билігіне қосылары анық еді. Мұның табиғи нәтижесі түрiк-соғдылар жаппай бұддашылықты қабылдауға мәжбүр болар еді. Демек, Талас ғазауаты тек саяси-әскери тағдырды емес, Орталық Азияның діни тағдырын да шешкен бек маңызды уақиға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет