Қожа Ахмет Иассауи (1094 - 1167) – ақын, дана ойшыл, сопылық бағыт ұстаған. Туған жері Сайрам, ал өмір сүрген жері – Яссы, қазіргі Түркістан қаласы. Сол жерде дүние салған. Ислам дінін насихаттаушы. Мұхаммед пайғамбар жолынан ауытқып, байлыққа, басқа қызықтарға берілген бай, молда, ишан, бек, сұлтандарды сынаған. Пайғамьар жасына жеткен соң жер астынан үңгір қаздырып, қалған өмірін сонда өткізген. Аңыз бойынша, жер астында да сонша жыл өмір сүрген. Ел осы «Әзірет Сұлтан» дейді. Арада екі ғасыр өткен соң Әмір темір ол кісінің қабірі басына атақты кесене орнатқанын айтқан едік. Меккеге бара алмаған кісілер Түркістандағы кесенеге келіп, дұға оқытса, жеткілікті деген де сөз бар. Негізгі еңбегі – «Диуани хикмет» (Даналық кітап). Қожа Ахмет Иассаудің қазақ жерінде зор беделге ие болғанын айттық. Білімін Бұхарада толықтырған. Өзін Арыстан Бабтың шәкірті деп есептеген. Дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын, Мұхаммедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. Арыстан Бабпен өзі арасында сабақтастықты ұстаған. Қожа Ахмет Иассауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұщтастырған. Сондықтан Қожа Ахмет Иассауи шығармаларында Алла (ислам), Құдай (Зороастра), тәңір (шамандық) діндеріндегі түсініктер бірін – бірі жалғастырып, бірдей, қатар қолданылады. Әулиелерге сиыну, түнеу әдеттерін де қабылдап, елге таратады. Бұл да Қожа Ахмет Иассауидің ел арасында беделінің артуына себепкер болды.
Х-ХІ ғғ. ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштерді саралаңыз, олардың қазақ поэзиясының исламдық-эстетикалық негіздері екенін түсіндіріңіз.
Ежелгі дәуір әдебиетіне б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасырды және Х – ХІІ ғасырды қамтитын түрлі әдеби мұралар мен жазба ескерткіштер жатады. Зерттеуші ғалымдар: Х.Сүйіншалиев, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, т.б. ежелгі дәуір әдебиетін төмендегідей дәуірге бөлген.
«Тәңірлік дәуір әдебиеті» – б.з.д. VІІ – б.з. ІХ ғасыр мұралары.
Орта түркі дәуірі – Х – ХІІ ғасыр мұралары – бұл дәуір 2 кезеңнен тұрады:
1) Қараханид кезеңі; 2) Алтын Орда кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |