«Құтадғу біліг» түркі тілінен аударғанда «Құт әкелетін білім» деген мағынаны білдіреді.
Сыр бойы әдебиетінің көрнекті өкілі, білімпаз тілші-ғалым, әдебиет үлгілерін жинаушы Махмұт Қашқари ХІ ғасырда өмір сүрген. Қашқари араб тілін, грамматикасын жетік білген. Махмұт Қашқари 1070 жылы «Диуани лұғати-т-түрк» атты үш кітаптан тұратын еңбегін жазған. «Диуани лұғати-т-түрк» араб тілінен аударғанда «Түркі сөздерінің жинағы» деген мағынаны білдіреді. Сөздікте 29 түркі тайпасының аты аталып, алты жарым мыңға жуық түркі сөзіне арабша түсінік берген. Кітапта әдебиетке, түркі тіліне, тарихына, географиясына, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көптеген мәліметтер келтірілген. Махмұт Қашқари қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған. Махмұт Қашқари түркі қалалары мен даласын аралап жинаған 260-тан астам мақалдың алпыстан астамы қазіргі күнде тілімізде өзгеріссіз қолданылып жүр.
Күндестің күліне дейін дұшпан
Жалғыз қаздың үні шықпас.
Тау-таумен қауышпас, кісі-кісімен қауышар.
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
Күндестің күліне дейін күндес.
Жалғыздың үні шықпас.
Тау мен тау қосылмайды, адам мен адам қосылады.
Махмұт Қашқари өлеңдерінде ақыл-білім жинау, өмірдің мәнін түсіну, өткінші өмірді өз дәрежесінде өткізу туралы айтқан. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрік» еңбегі қазір Стамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.
ХІV ғасырда өмір сүрген Рабғузидің «Қиссасул-әнбия» кітабы 1370 жылы түркі тілінде жазылған. Әулие-әнбиелер туралы қиссалар деген мағынаны білдіретін «Қиссасул-әнбия» кітабы – ежелгі шығыс мифтері мен аңыздарының, өлең-әңгімелердің жинағы. Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар, діни қайраткерлер жайлы баяндалған. Кітапта Рабғузидің өз туындылары – өлеңдері де бар. Рабғузидің «Қиссасул-әнбия» кітабын қазақ тіліне әдебиеттанушы ғалым Алма Қыраубаева аударған.