Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет19/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

Ахмет Йасауи ХІ – ХІІ ғасырда өмір сүрген, ислам дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. «Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым сәлем» – деп өзі жырлағандай, Арыстан бабтың жолын жалғастырушы. Арыстан бабтың орнын басуға білімінің жеткіліксіз екенін білген Ахмет Йасауи 1110 жылы жиырма жеті жасында сол кездері білім ордасы болған Бұқар қаласына барып, атақты ғұлама Хамаданиден мұсылман ілімі сатыларын меңгереді. Ахмет Йасауи отыз алты жасында Хамадани мектебінің сопылық оқуын толық аяқтайды. Ахмет Йасауи өзінің сопылық-философиялық дүниетанымын «Диуани хикмет» – «Даналық кітабы» еңбегінде жан-жақты баян етеді. «Диуан» – жинақ, «хикмет» – Алланың ақ жолы деген ұғымды білдіреді.

Ахмет Йасауидің 149 хикмет-жырдан тұратын «Диуани хикмет» өлеңдер жинағы ХІІ ғасырда дүниеге келген түркі тілді халықтардың әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады. Кітап тақырыбы жағынан екі топқа жіктеледі: 1) үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы; 2) ақынның өзі өмір сүрген кезеңдегі дәуір, қоғам туралы лирикалық шығармалары. Ахмет Йасауидің түркі тілінде жазған «Диуани хикметі» ұстаздың шәкірттеріне, болашақ ізбасарларына, оқушыларға арнаған өсиет сөзі іспетті.

Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті ұстазының сопылық ілімін Орта Азияға, Түркияға таратқан.

Әбунасыр әл-Фараби – 870-950 жылдары өмір сүрген, музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан, Шығыстың «Екінші ұстазы» атанған ұлы ғұлама. Әбунасыр әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы», «Өлең өнерінің қағидалары», т.б. трактаттары мен еңбектері бар.
Әбунасыр әл-Фараби Отырар қаласында туып, оқу іздеп Бағдатқа барған. Ол 150-ге тарта ғылыми еңбек жазып қалдырған. Әбунасыр әл-Фараби мұрасы Орта түркі дәуірінің Сыр бойы әдебиетіне жатады. Әбунасыр әл-Фараби туған жер, өмірдің өтпелі екендігі, адамның ішкі сезімі туралы лирикалық өлеңдер жазған.
Сыр бойы әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл, данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұни 85 тараудан тұратын «Құтадғу біліг» дастанын 54 жасында 18 айда жазып бітіріп, Қарахан мемлекетінің билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегіне тарту еткен. Осы кітабы үшін ханнан «Хас Хажиб» – «сарай министрі» деген атақ алған. «Хас Хажиб» – араб сөзі, ханның ең сенімді кеңесшісі деген мағына береді. Кітапта төрт кейіпкер бар: 1) Күнтуды бек; 2) Айтолды уәзір; 3) Өгдүлміш – уәзірдің баласы; 4) Одғұрмыш – уәзірдің бауыры. Аталмыш кейіпкерлер Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат бейнесінде алынған. Күнтуды бек – Әділет бейнесі, Айтолды уәзір – Бақыт бейнесі, Өгдүлміш – Ақыл-сана бейнесі, Одғұрмыш – Қанағат бейнесі. Кітаптағы әңгіме желісі осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауабы арқылы дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет