Мұсылманшылықтың абзалы жүректегі иманның дүние тіршілігінде көрініс табуында екендігін жақсы түсінгендіктен Әбубәкір Кердері:«Мұсылманшылық кімде жоқ
Тілде барда, ділде жоқ» - деп, ар тазалығына негізделген имани іліміне адал болған. Демек, адамның ішкі жан-дүниесі сыртқы дүниенің негізі және сыртқы дененің әрекетінің қозғаушы күші болып табылады.
Шәкәрім қажының түсінігінде, Хақты көру үшін пенде зікірге мас болып, жүректі тазалау керек:
Көрем десең Жарымды, мас бол, жүрек тазала.
Өртеп жібер барыңды, Қарсы ұмтыл қазаға. Шәкәрім қажы бұл өлеңінде Жаратушыны - Жар деп алған. Ал, Ясауи оны көбінесе Хақ атауымен берген.
Хақ жамалин курай десаң фана болғыл,
Фана болып, хақ жамалан курдим ман-а. Сондай-ақ Әбубәкір Кердерінің төмендегі өлең жолдарынан байқай аламыз:
Қара тастан қалың бол, - деген екен.Осыған ұқсас өлең тармақтары бірнеше ақын-жырау шығармаларында кездеседі. Әрине, жырауларының барлығы бірдей сопылық жолда болған, пірге қол беріп, зікір салған деп айта алмаймыз. Бірақта олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрінісі байқалады. Қасиетті Құранның «Ниса» сүресі 103-аятында «Намаздарыңды өтегеннен кейін Алланы тұрып та, отырып та, жантайып та еске алындар (зікір етіңдер)» осындай аяттарға байланысты ақын-жырау Ақтан Керейұлы: