Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет9/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Мәшһүр Жүсіп: «Сол уақытта пайда болды көп ғаламат, Сиарда бәрін бірдей айтады жат», - деп Мұхаммед Пайғамба дүниеге келген тұста, бірнеше ғаламаттар орын алса керек. Сол таңда болған елеулі оқиғалар былай жазылған: «Аллаһтың елшісі туылған күні Кисра сарайында он төрт ұстыны құлады. Мәжусилердің (отқа табынушылар) өмірі өшпеген оттары сөніп, Сауа көлі құрыды». Бүкіл әлем ұзақтан бері сағына күткен Мұхаммед (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) дүниеге келеді. Енді бірде Мәшһүр Жүсіп:
«Туды енді көк пен жерге шағып нұрын, Кенелді кеңсірігі ашық мұрын» /4/, - деп жақсылыққа жориды. Жамандықпен жақсылықтың қатар жүрері хақ. Сондықтан да жетім болса да әкесінің көзі ретінде, туған туысқандарының шапағатында болды.
Араб халқында салты бойынша жаңа туған баланы өз анасынан басқа сүт ананың тәрбиесіне беретін болған. Мұндағы мақсат - жас сәбилердiң таза ауада денi сау болып, зейiн-зердесiнiң кiршiксiз толысып еркiн өсуiне жағдай жасау едi. Пайғамбарымыз бес жасқа келгенше Халима анамыздың тәрбиесінде болады. Ол Пайғамбарымызды өз тәрбиесiне алғанда, тұрмысы өте нашар, iшiп-жемi кем, кембағал адам болған екен. Пайғамбарымызды қарамағына алғаннан кейiн көп ұзамай береке-байлық бiтiп, бiрте-бiрте денсаулығы да жақсарып, оңала бастайды. Ол Пайғамбарымызды бес жасқа келгенше тәрбиелейдi. Беске толған соң оны анасы Әмина өз қолына алады.
Туған туысқандарына деген сағыныштың сүйреуімен Әмина анамыз ұлымен біргеИасриб қаласындағы нағашы жұртына барып, әрi сонда жерленген ерiнiң басына зиярат етiп қайтпақшы болады. Осы сапары барысында Әмина анамыз Мәдинада болып, Меккегебаруды жөн көріеді. Бірақ екi қаланың ортасындағы Әл-Абуа деген жерге келгенде кенеттен қатты ауырып, қайтыс болып, сол жерге жерленеді. Мәшһүр Жүсіп:


Қанша қайғы келсе де, қайғы білмей,

Сіңіп кете беріпті қара жердей, - деп Мұхаммед Пайғамбарымыздың балалық шағы қайғы мұңға толы болғанын аңғартады. Дегенмен де бала Мұхаммед мойымады, жетім болғанымен де Алланың қамқорында болды. Бұл туралы Мәшһүр Жүсіп:
Міне, қара-құдайдың сүйген құлын,
Өзі білен құлының қадір пұлын.
Тайға таңба басқандай белгілі қып,
Жетімдікпен жаралап қойды дүлін.
Қалай қылса еркі бар тәңірім өзі,
Айтып, кәне, өтеді кімнің сөзі?!
/4, 130 б./,-деп Пайғамбарымыз жетім қалуының өзін: «Көрсетіп тұр құдіретін шын құдайлық», дей келе, Алланың пешенесіне жазғаны солай екенін аңғартады. Сөйтiп, Мұхаммед пайғамбар алты жасында анасынан айырылып, жетiм қалады. Бiрақ бұл кезде Пайғамбарымыздың әкесiнiң әкесi Абдул-Мүтәлиб тiрi едi. Содан бастап Абдул-Мүтәлиб немересiн өз қолына алады. Дегенмен де тағдыр тәлкегінің кемесі бір жағада тұрған ба? Екі жылдан кейін кәріліктің салдарынан Абдул-Мүтәлибте көз жұмады. Мәшһүр Жүсіп: «Сегіз жаста сергелдең күйге түскен, Мұхаммедтей бар ма екен болған жетім?!», -деп, әлi буыны бекiп бұғанасы қатпаған сегiз жасар баланың тазе жетім қалғанын айтады /4, 135 б./.
Өз - өзінен жүрген ді от боп жанып,
Күіп-пісіп, сонда да біздей налып!
Әкесімен өзінің бір туысқан,
Енді қолға алыпты Әбутәліп.
Қуындай боп шақпақтың от алыпты,
Қасірет оты ішінде тұтаныпты.
«Екі дүние шырағы» - хақ Мұстафа-
«Әбутәлім жетімі» - атаныпты /4, 135 б./, деп Мәшһүр Жүсіп Пайғамбарымыз Әбутәліптің қарамағына көшкенін баяндайды. Әбутәліп өте қарапайым, ақылды адам болса керек. Себебі кедеи болсада, Пайғамбарымызды өз баласындай көріп, қамқорына алады.
Пайғамбарымыз оннан асқан шағында шаруашылыққа араласып, туған туысқандарының көңілінен шыға бастайды. Тіпті Әбутәліп оны Шам елiне сапарға алып шығады. Келеңсіз оқиғалардан кейін Пайғамбарымыз бұдан кейін еш қайда сапарға шықпаған.
Бүктемеде бұ сөздің көбі кетті.
Әр жасында біртүрлі тамаша етті.
Бес жыл бұрын жүріпті қойды бағып,
Өйтіп-бүйтіп жиырма жасқа жетті /4, 136 б./,-деп Мәшһүр Жүсіп пайғамбарымыздың жастық шағы туралы қысқа да нұсқа мағлұмат береді. Жиырма жасында Мұхаммед Пайғамбар алғаш рет азамат ретінде көзге түседі. Сол уақытта Мекке мен Тайф қаласының аралығындағы Нахлатум деген жерде құрайш және қайыс руларының арасында соғыс өрши түскен болатын. Жастығына қарамастан Пайғамбарымыз екі руды татуластыру үшін бар күш жүгерін салып, екi арада болған бiтiм шартына қатысады. Осы оқиғадан кейін адалдығымен, шыншылдығымен, ақ көңілділігімен елге танылған пайғамбарымыз жиырма бес жасқа келгенде, Шам (Сирия) елiне екiншi рет сапарға аттанады. Мәшһүр Жүсіп:
Саны жоқ такыр пұлдың жиған тамға,
Жейтін уыз табылмақ тегін нанға.
Бозбаланы ай кесіп жалдап жатыр.
Жүк жөнелтіп күнбе күн Мысыр, Шамға /4, 139 б./,-деп Пайғамбарымыздың алғашқы керуені туралы жырласа, енді бірде: «Хадишаның жалдауға керуеніне» Осы жолында болашақ Хадиша анамыздың сауда керуенiн бастап барғанын паш етеді. Пайғамбарымыздың алғашқы сапары сәтті болып, керуен елге олжалы қайтады.
Көп ұзамай Мұхаммед Пайғамбар мен Хадиша анамыз некелесіп, отбасын құрады. Пайғабарымыздың қайырымды істерінің куәгері болған жұрт Мұхаммед әмин деп атап кетедi. Бұған қағбаның дауы себеп болса керек. Деректерге көз жүгіртер болсақ Қағбаның қабырғасын жөндеп, қара тасты өз орнына қояр кезде араб руларының арасында дау жанжал шығып, Пайғамбарымыздың әділдігінің арқасында шешімін тапқан екен. «Мұхаммед-Әмин», яғни «Сенімді Мұхаммед» деген мағына береді. Ол адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Бір нәрсе сұраған адамды бос жібермейтін. «Мен тек қана таратушымын, беріп тұрған Аллаһ» дейтін. Бірақ қайыр сұрағанды жек көретін. Одан құтылу үшін еңбектеніп, ақша табудың жолдарын көрсететін.
Аталмыш оқиғадан кейін Пайғамбарымыздың абыройы өсіп, араб руларының арасында оны жақтаушылар саны арта бастайды. Дегенменде қоғамдағы бақталас пен көп пұтқа табынушылықтан бойын аулақ салып, қараңғылықтан шығар жол іздей бастайды. Түсінде көрген нәрселердің өңінде орындалып жатқанына мойын бұрмай, әйтеуір бір жаратушының бар екенін сезеді. Қасындағылардың ақ пен қараға бөлініп дауласып жатқанын көріп, оңаша болуды ойлайды. Ол Хира тауындағы үңгiрге барып түнеп жүредi. Кейде сол жерде тiптi айлап жатып қалатын кездерi болған. Сол уақытта Алла Тағала Мұхаммед Пайғамбарға бірінші уахи түсіреді. Адамзатқа тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы етіп жіберілген Құран Кәрімнің ең алғашқы аяты «Оқы» әмірімен басталған-ды. Яғни, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Жәбірейіл (ғ.с) періште келіп: "Оқы, жаратқан Иенiң атымен оқы! Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенiң Тәңiрiң - ең жомарт! (Ол) қаламмен (жазу) үйреттi. Адамдарға бiлмегенiн бiлдiрдi", деген. Көп ұзамай екінші рет Алла Тағала жұртқа ибадатты жасырын оқуға шақыруды бұйырады. Мұхаммедке 610 жылғы Рамазан айының бір түнінде Жебірейіл періште келіп, аян береді. Ол аспандағы Алла тағалада сақталған Құран кітабының беттерін аша бастайды. Осыдан кейін барып Пайғамбарымыз ислам дінін уағыздай бастайды. Мәшһүр Жүсіп деректеріне көз жүгіртер болсақ, Мұхаммедке қырық жасында пайғамбарлық беріліп, Ислам дiнiн қабылдаған ең бiрiншi адам -Хадиша анамыз болса керек. «....Сол уақытта Мекке халқын 12 жылдай иманға шақырып, 40 кісіден артық жар, дос таба алмай, 53 жыл ақырында Мединеге, Мүнәрре көшіп бұл һижрет миладінің 613 жылдарына келеді» /5/. Кейiн басқа да көптеген адамдар осы дiндi қабылдады. Арада көп уақыт өтпей-ақ, бұл хабар жалпақ елге тарай бастады.
Ислам дiнiн жасырын уағыздау тұп-тура үш жылға созылды. Төртiншi жылы Алла Тағала Пайғамбарымызға Ислам дiнiн ашық насихаттауды бұйырды.
Ислам дiнiне дейiн араб халықтары түгелдей пұттарға, түрлi мүсiндерге табынатын. Мұндай тас құдайлар сиынушыларға пайда да, зиян да келтiре алмайтын жай жансыз нәрселер едi. Бiрақ ықылым замандардан берi ата-бабалары табынып келе жатқан сенiмнен бас тарту кiмге болса да оңай болмасы белгiлi. Пайғамбарымыздың пұттар мен мүсiндерге бүтiндей қарсы болып, жұртты Ислам дiнiне уағыздауы жалпы араб халықтарына, оның iшiнде құрайш руына қатты тидi. Олар Пайғамбарды райынан қайтару үшiн түрлi әрекеттер жасап бақты. Бiрақ ол әрекеттерiнен ештеңе шыға қоймады. Пайғамбарымыз жұрттың пұттарға жалбарынудан қайтып, Аллағаа иман келтiруге, Алланың жердегi Елшiсi - өзiне бой ұсынуға шақырды. Аллаһ Тағала сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.а.с.) арқылы дүниеге жаңа өмір берді. Ол негізін қалап, жүректерге орын тепкізген иман (сенім) сәулесінің арқасында қате, жалған сенімдер жойылды.
Мұхаммед пайғамбардың шапағаты әлемдегі екі миллиардқа жуық мұсылман қауымына ғана емес, бүкіл адамзатқа тиесілі. Олай дейтініміз, ол негізін салған ислам дінінің қасиетті қағидалары адамзат қауымын адалдыққа, достыққа, мейірімділікке, бейбіт өмірге, қайы-рымдылыққа шақырып, ізгілік атаулымен үндесіп тұр. Ислам сөзінің баламасы - бейбітшілік. Оның ұлы мұраты - ибалы адам, иманды қоғам. Ислам туының түсі - жасыл. Жасыл түс - Аспан-Атаның тазарған, Жер-Ананың жасарған шағындағы реңк. Көңілге нұр, өмірге сәуле құятын қасиетті Құран аяттарының бірінде: "Алла жалғыздықты сүймейді", деп жазылған. Осыдан-ақ исламның имандылыққа бастайтын ұлы мұратын аңғару қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет