Мәшһүр Жүсіптің Мұхаммед Пайғамбарымыз туралы жазылған «Хаятбақшы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі» дастандары, «Пайғамбардың ақтық үні», «Мұхаммед пайғамбар туралы» өлеңдері - Алла Елшісінің өтыныс тіршілігі, өмір баяны, жетімдігі мен қиыншылықтары, бақиға аттанардағы көңіл-күйін және оның жанындағылардың хал-ахуалын эпикалық тыныспен жырлаған туындылар бар. Сонымен бірге Мәшһүр Жүсіп әр шығармасын: «Бісміллә-р-рахмани-р-рахим! Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллланың атымен бастаймын»- деген қасиетті сөзбен бастап отырған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз шығармаларында Мұхаммед Пайғамбардың өмірі тұлғалық бинесі туралы деректер жиі кездеседі. Әсіресе Мұхаммед Пайғамбардың өмірге келген уақыттан бастап, қайтқан күніне дейінгі аралықта болған оқиғалар шынайы бинеленген. Пайғамбарымыздың біз тәрізді адам баласы екенін баяндай келе, Құран-Алланың кәламы екенін ашып көрсетуге тырысқан.
Мәшһүр Жүсіп:«Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салиалла тағала
ғалияөссалам 570 жылында 27 апрельде 12 інші абиғлауында дүйсенбі таң ата дүниеге келміш дүр» /2/, деп құнды мағлұмат келтіреді. Бірақ көптеген әдебиеттерде пайғамбарымыздың дүниеге келген жылы мен күні әр түрлі көрсетіледі де, айы мен аптасы Мәшһүр Жүсіп жазбасындағы көкектем және дүйсенбiге сай келеді.
Пайғамбарымыздың анасының аты - Уахаб қызы Әмина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Мәшһүр Жүсіп:
Қарнында анасының жетім етті /3/,- деп Мұхаммед Пайғамбардың жетім қалғанын жырға қосып, жетім баланың жаратушымыздың қанатының астында болғанын ескертеді.
Мәшһүр Жүсіп «Пайғамбардың нұры» деген шығармасында:«Мүталлап-парасатты, болды дана.... Алланың беруімен Мүталлаптан, Он ұғлы пайда болып, туды бала» /3, 296 б./, -деп Мұхаммед Пайғамбардың ата бабалары туралы мағлұмат бере келе Абдулланың он ағайынды болғанын баяндайды. Пайғамбарымыздың әкесі де жай адам болмаса керек. Себебі Мәшһүр Жүсіп:
Ғабдолла сұлу еді, артық түрі,
Бар еді маңдайында расул нұры /3, 296 б./, - деп жазады.