Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Орта ғасырдағы ислам жәдігерлері мен ақын-жыраулар поэзиясындағы рухани дәстүр жалғастығын саралаңыз, нақты мысалдармен ойыңызды дәлелдеңіз



бет14/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

Орта ғасырдағы ислам жәдігерлері мен ақын-жыраулар поэзиясындағы рухани дәстүр жалғастығын саралаңыз, нақты мысалдармен ойыңызды дәлелдеңіз.


Ислам дінінің көшпелі һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болған. Ислам қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды, сібір халықтарын т.т. айтуға болады.
Ислам діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркі береді. Мәселен, исламият адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал тағамдарды жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.

Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның (Джирджи Зейдан, Jurji Zeidan, 1861-1914) «Ислам мәдениеті тарихы» атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: «Мәдениет дегеніміз бір қоғамды қоғам, жамиғатты жамиғат, ұлтты ұлт жасайтын, оны өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірлік көріністер әр ұлттың өзіне тән болып келеді». Қысқаша қайырып айтқанда мәдениет «әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі» болып табылады.


Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:

1.Ұлттық сипатқа ие
2.Табиғилық және тірілік
3.Жалғастылық және тарихилық
4.Ұлттың ортақ мұрасы болып табылады
5.Өзегі өзгермейді
6.Үйлесімді тұтастық болып табылады
7.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.

Міне, осы қасиеттердің барлығын зер сала зерттегенімізде ислам дінінің қазақ халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше, Қазақстан мемлекетінің сыйлығын алған жазушы Дулат Исабеков ағамыздың «дін мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін...» деген сөздерінің ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық болады.

Мұсылман елдерiнде алғашқы материалдардың пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтен (с.а.у.) кейiнгi ғасырларда-ақ, пайда болғанын айтуға болады. Құран Кәрімдегi исламға дейiнгi қауымдар мен Пайғамбарымыздың кезiндегi араб, йаһұди (еврей) және христиан қоғамдарының дiни-әлеуметтiк өмiрiн суреттейтiн аяттарды айтпағанның өзiнде, хадис және тарих кiтаптарында арабтардың мұсылмандықтан бұрынғы наным-сенiмдерi, әлеуметтiк құрылымдары, дiни ритуалдерi және исламмен пайда болған өзгерiстер туралы аса құнды материалдар кезiгедi. Ислам дiнi өзге дiндермен көптеген ұқсас жақтары болғанымен нақтылы монотеизм, яғни «тәухид» қағидасына негiзделген, көптәңірлі (политеистiк) қоғамда пайда болғанына қарамастан, Мекке қоғамының мәдени үрдiстерiне қарсы бағытта қалыптасқан дiн. Ислам дiнi Меккедегi тәңiрлер (пұттар) пантеонын жойып, оның орнына бас тәңiр емес, бiрегей және бiрлiк ұғымды бiлдiретiн Аллаһ Тағалаға иман етудi, Одан басқа ешкімге, ешнәрсеге құл болмауды, табынбауды бұйырады. Сондықтан, ислам нанымы адамдарға толықтай материалдық һәм рухани азаттық бередi. Бұның әлеуметтiк өмiрдегi көрiнiстерi пұттарға табынатын яки белгiлi бiр дiни тапқа құлшылық жасататын басқа дiни-әлеуметтiк жүйелерден (христиандық, суфизм т.т.) айырмашылықтары орасан зор. Демек, ислам социологиясы мен мұсылман қоғамдарды зерттеген кезде Батыстың ұстанымдары мен әдiстерінен гөрi зерттеу субъектiсiне тән әдiстердi қолдану тиiмдi болады








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет