Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет22/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

«Ат-аспанда, нұр періште» деген сөз бар,

Құдайым жақсы десе, ұжмақ етер.

Қанағат, амандықтың қадірін біл,

Жастық өтіп, кәрілік бір күн жетер.

Нәпсің бір көкжал бөрідей,

Иманың бағлан қозыдай,

Егер тыю салмасаң, Иманынды жеп кетер.[6] – деген. Бұл атақты тұлғалар қазақ қоғамның рухани тәрбиесі, әдептілік, құқықтық, діни қағидаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру істеріне араласты. Түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет шеңберінен шығып, қоғамдық, әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, біртұтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой-ағымына айналды.
Хақ дінді шығармаларында жырлау арқылы, бұл сенімнің қазақ даласына тарауына айтарлықтай дәрежеде өз септігін тигізді. Сол дәуірлерде өмір сүрген ақындардың шығармаларында Құран аяттары мен пайғамбар хадистері жиі қолданылған. Осы тұрғыдан алғанда Ислам түркілік әдебиеттің дамуына үлкен үлес қосты деуге болады. Осындай әдеби шығармаларды айтпағанның өзінде, дәстүрлі діннің негізгі қағидаларын ашып көрсететін Құран мен хадис құпияларынан сыр шертетін, әрі танымдық тұрғыда жазылған еңбектер де жеткілікті.
Сонымен, Ислам діні негізінде пайда болған сопылық VІІІ ғасырда өмірге келе отырып, қазірге дейін қазақ поэзиясына өзіндік әсерін тигізіп келеді. Сыр бойындағы ақын-жырауларының сопылық поэзиясына әсері болған. Сондықтан олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрініс беріп отырған. Мәселен оны Әбубәкір Кердерінің төмендегі өлең жолдарынан байқай аламыз:

Сопылық деген ауыр жол,

Пендеге зарар етпеген,

Ұстап жүрсең тәуір жол

Сопылықты іздесең

Дүние қуып кетпеген...

Оқыған көп ғалым бол.

Аллаға ғашық дос болған,

Атқан оққа төзгендей,

Шайтанменен қас болған,

Қара тастан қалың бол. [7]- деген екен. Осыған ұқсас өлең тармақтары бірнеше ақын-жырау шығармаларында кездеседі. Әрине, жырауларының барлығы бірдей сопылық жолда болған, пірге қол беріп, зікір салған деп айта алмаймыз. Бірақта олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрінісі байқалады. «Сыр сүлейлері» деп аталатын сыр бойы ақын-жырауларының бірі болған Қарасақал Ерімбеттің:

Әуелі сұра,тілім медет Хақтан.

Талайлар медет тілеп жәрдем тапқан

Сен кімге Хақтан өзге сиынасың,

Халық еткен бұл әлемді бар мен жоқтан – деп жырлаған. Ерімбет ислам дінін жақсы түсініп талдайтын әрі халыққа Құранды насихаттай білетін, ахун дәрежесіндегі болған сопы. Сондай-ақ «Атымтай Жомарт», «Садуақас Сахи», «Ақтам сахаба» қисса дастандарын жазып, сақилықты яғни жомарттықты насихаттаған.
Сыр бойы жырауларының тағы бір өкілі Бұдабай Қабылұлы «Әйтекені жоқтауында» да сопылық сарын айқыны байқалады:


Әуелі Құдай жаратқан.

Екінші сөзім-Мұхаммед.

Бейнетті басқа бір өлім,

Мұхаммедке болса үммет

Ақырын Алла бермесе.

Орнады бізге бір нәубет

Сақилығы бар еді

Баязит пенен Бастандай – дегендей бұл шығарманың сол кездегі бір оқиғаға байланысты ел ішіндегі екі ру арасындағы болғалы тұрған қақтығысты болдырмай, руларды ортақ мәмілеге келтіру болғанымен, сопылық сарынмен еш байланынысы жоқ деуге хақымыз жоқ. Өлеңнің соңғы жолындағы Баязит пенен Бастандай, дұрысында Баязит Бистами болуы керек. Бәлкім, жыраудың бұлай айтуымен жыр жолына түсіруі қазақы тілге салуынан болса керек. Баязит Бистами сопылық ілімдегі өте ірі белгілі тұлға.
Қазақ поэзиясында шығыстық сарындағы ақын жыраулардың ішінде Сыр өңірі жырауларының алатын орнына көптеген зерттеушілерде жоғары баға берген. [8]
Алаш ардақтысы А.Байтұрсынұлының: “Қазақтың өлеңді сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған”, –деп жазғанында қазақ даласында пайда болған діни қисса-дастандарды меңзеген. [9]
Хз. Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың “Дін – насихатдеген қағидасын еске алсақ, онда қазақ ақындары бұл өсиетті өз деңгейінде орындаған. Бұл пікірімізді сол замандарда дүниеге келген діни дастандар айғақтайды. Заманының ойлы перзенті ретінде өмірдің сан-алуан мәселелерін сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық-дидактикалық түйін-тұжырымдар жасап, жер-суды, атамекенді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселесін жырлаған.
Жалпы, поэзиядағы сопылық сарындар ертеден жалғасын тауып келе жатқандығын тарихтанда білеміз. Сопылық поэзияны айта кету - біздің қазақ әдебиеттану ғылымы үшін де мәні бар. Себебі ортағасырдағы әдебиеттің үлкен бағыты - сопылық поэзия болып есептеледі. Бірінде исламның сыртқы формасы сөз болса, екіншісінде ішкі сезімге көбірек көңіл бөлінген.
Осындай діни дастандар Исламның қазақ даласында берік орнығуына септігін тигізді. “Біріншісі, Ислам дінін таратушылардың іс жүзіндегі (мешіт, медресе) үгіт—насихат жүргізуі арқылы жүзеге асса, екіншісі—ақынжанды дала тұрғындарының жан-жүрегіне тасқа басылған жыр сөздермен (діни дастандар) әсер ету арқылы орындалған тәрізді”, [10] - деп Б.Әзібаеваның жазғанындай, сенім екі жол арқылы халықтың көкейіне қонып отырды. Әсіресе, соңғы “жол” қазақтың иманының күшейуіне қатты әсер етті. Бір кездері суреткер-ғалым М.Әуезовтің: “Қазақ арасына ісләм дінінің тарауына көбінесе қазақтың ақындықты сүюуі себеп болды”, – деп жазғанында да, Исламды таратуда ақындардың ерекше роль атқарғанын сілтеген болатын. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет