Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет21/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

Сәйф Сараи 1320-1396 жылдары өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің көрнекті ақыны. Оның «Гүлстан би-т-түрки» кітабы парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» түркі тіліндегі аударма нұсқасы. Кітап сегіз тараудан, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Кітаптың бастапқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден, сегізінші тарауы нақыл, мақал-мәтелдерден құралған. Кітапта қара сөз бен өлең аралас жазылған. «Гүлстан би-т-түрки» атауының мағынасы – «Түркіше Гүлстан». Кітаптың қолжазбасы қазір Голландиядағы Лейден университетінде сақтаулы. Фотокөшірмесі 1954 жылы Түркияда басылып шықты.

Сәйф Сараидің «Суһаил мен Күлдірсін» деген төл туындысында Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасы баяндалған. Дастан – адамгершілікке, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.
Аталмыш еңбектерден басқа ежелгі дәуір әдебиетіне Хорезмидің 473 бәйіттен тұратын «Махаббатнамасы», Құтып ақынның «Хұсрау-Шырын» аудармасы, «Кодекс куманикус» сөздігі, Ахмет Йүгнекидің 14 тарау, 235 өлеңнен тұратын «Ақиқат сыйы» дастаны жатады. 



  1. Қазақ әдебиетіндегі діни мазмұнды шығармалардың жырлану ерекшеліктерін түсіндіріңіз, Алланың атымен бастау, пайғамбарға мадақ айту т.б. нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде діннің алатын орны ерекше. Өйткені, дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтиды. Ортағасырда мұсылман мәдениетінің дамып-өркендеуіне түркілердің қосқан үлесі аз болған жоқ. Ислам дінінің ортағасырлық түркі әдебиетіне тигізген әсері, оның сол заманда өмір сүрген ақындардың шығармаларында көрінісін тапқан. Сондай-ақ дәстүрлі түркілік дүниетаным өзінің болмысын бүгінгі таңда да синтез немесе симбиоз түрінде сақтап келген. [1]


Расында, қазақ әдебиетінің тарихында Шығыс шайырларынан, діни кітаптардан нәр алған, онда баяндалатын тәлім-тәрбиелік, ахлақи мәселелерді ана тілінде қайта жырлауға тырысқан ақындарда аз болмаған.
Жыраулар мен жыршылардың бәрі де, алғашқы сөздерін “Алланың атымен” бастап, содан соң ғана негізгі тақырыпқа кіріскен. Қарахандықтар билігінен бері ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін өмір сүрген ақындардың жырлайтын басты тақырыптарының бірі-діни мазмұндағы шығармалар еді.

Әдебиеттанушы М.Мағауин қазақ әдебиеттану мен әдебиет тарихына қатысты ой-тұжырымы туралы: “Классикалық Шығыс әдебиетінде әр бір сөз Алла атынан басталатын. Бүкіл әлемге аян атақты дастандардың барлығында ең алдымен Хақ тағалаға мадақ айтылады. Содан соң жүз ныспылы, бір кейіпті пайғамбарға сыйыну шарт”, – деп жазғанындай, қолына қалам алған ақындар өлеңдерін “Бисмилләсіз” бастамайтын болған. [2].


Ортағасырдан басталған осы үрдіс дүниеге келген шығармалардың басым бөлігінде көрініс берді. Түркі даласына сопылық ілімді таратқан Қ.А. Ясауидің өнегелі жыр-жолдары:
Бисмилләһ” деп баяндайын хикмет айтып,

Талибтерге дүр мен жаухар шаштім міне,

Риязатты қатты тартып, қанды жұтып,

Мен «Дәптер сани» сөзін аштым міне. [3] - деген жолдармен бастаса, одан кейін Шәді төре Жәңгірұлы ақын да:

Жат еттім аузыма алып бисмилләні,
Әррахманир-рахим-дүр” Ахад аты, –деп, “Харунның жер жұтқан оқиғасы” деген діни дастанын Алланың атымен жазған. Шәді ақынның өзі Исламның барлық шарттарын қамтитын шығармалары “Назым Сияр Шәриф”, “Назым Хайбар”, “Фикһ Қайдан”, “Ахуал қиямет”, “Қисса Барсиса”, “Мұсаның “Тәуратты” алғаны” сияқты еңбектері қазақтың ислами әдебиетіндегі алар орны ерекше. [4]
Осылайша Ислам діні тараған кең байтақ мұсылман жұртында Алланың аты шайыр шығармасының “кіріспесіне” айналған. Себебі, Хз Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың “Кез-келген қайырлы істі бисмилләмен бастаңдар” деген өсиеті кейінгі үмметіне қатты әсер еткен десе де болады.
Қазақ әдебиеті тарихының X-XІ ғасырлардағы кезеңі «Ислам дәуіріндегі әдебиет» деп аталынады. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын құрайтын ақындардың мұралары түрік халықтарына ортақ болғанымен, біздің төл әдебиетіміздің кейінгі дамуына жалғасқан исламдық дүниетанымның негіздері сол кезеңде қалыптасты. [5]
Орта ғасырда негізі қаланған ислами әдебиетті жүйелеуде ғалымдар төртке бөліп қарастырған: дәстүрлі ислами әдебиет, ислами астар алған әдебиет, сопылық әдебиет және сопылық астар алған әдебиет.
Түрік халықтары рухани мәдениетінің қалыптасу, даму тарихының көрнекті тұлғалары Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік”, Ахмет Ясауидің “Диуани хикмет”, Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман кітабы”, Ахмет Йугнекидің “Ақиқат сыйы”, Бурхануддин Рабғұзидың “Қиссасул әнбия” (немесе, кейде “Қиссасур Рабғұзи”), Сейф Сарайдың “Гулистан бит-түрки” сияқты Қарахандықтар билігі мен Алтын Орда тұсында дүниеге келген жәдігерлердің шығармалары соның жарқын дәлелі. Бұл шығармалары қазақ поэзиясының исламдық-эстетикалық негіздері болып саналады. Ислам тарихына байланысты жырланған жыр-дастандар ұлттық әдебиетіміздің нағыз халық табиғатын танытатын маңызды шығармалар болып табылады.
Сан ғасырлар бойы халық көкірегінде жатталып, біздің дәуірімізге дейін жеткен Асан, Қазтуған, Досмамбет, Шал ақын, Шалкиіз (ХV-ХVІІІ ғ.ғ. ) жыраудан бастап, Шәді төре Жәңгірұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Кердері Әбубәкірге (ХІХ ғ.) дейін зар-заманда ұлттың ұрангерлері болып, ел ұйытқысына айналған ақын-жыраулар болған. Мысалы Шал ақынның:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет