«Алла деген сөз жеңіл» өлеңі. Абайдың 1896 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 4 шумақтан тұрады. Өлеңде Абай алдымен «Алла» дегенге сәл-пәл, жеңіл қараудан сақтандырған. Алла тек ауызбен айтылған ақиқат емес, ол жүрекпен қабылданатын шындық. Алла туралы сөз айту дегеніміздің өзі көңілдің шындығын талап етеді:
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.
Келесі шумақта ақын :
«жүректің ақыл суаты,
махаббат қылса тәңірі үшін» —
деп, махаббат туралы сопылық дүниетаным түрғысында түсінік берген. Махаббат иесі — Алла, оны үғыну үшін жүрек нәрленуі керек. Ол жайды Абай «жүректің асыл суаты» деген. Үшіншіден, Алла ақыл арқылы танылмайтын шындық екеніне баса назар аударған.
«Асқа, тойға баратұғын» деген өлеңінде Абай:
Сен асыққан екен деп,
Алла әмірін өзгертпес.
Айтқаның болар ма екен деп,
Мен қорқамын, көз жетпес.
Егер адамның барша іс-әрекеті тек қана Алла әмірі'.
мен болса, адамда не ерік қалады. Сондықтан ойшылдар әмірдің онтологиялық мәнін мойындаған, яғни әмір заңдылықтың синонимі. Ол болмай қоймайтын шындық бірақ әмір бізге, адамдарға, «Алла әмірі» болып қабылданады. Шындығында әмір Алладан да тыс абсолюттік ақиқат. Олай болса, мәселе Әмір мен Алланың. Адамға бұйрығының сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы болуы керек. Абай айтуынша, адам асыққанмен Алла әмірін өзгертпейді. Себебі, «әмір» іске асқалы тұрған шындық, ол болмай қоймайтын заңдылық, өмір қажеттілігі.
Демек, «Алла әмірін» адамдар мойындап қана қоймай, оны тануға әрекет еткендері жөн. Абайдың «сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес» деген түжырымын таным үшін айтылған сөз деп қабылдаймыз. АдамАлла әмірін танып-білсе асығыс іс жасамайды, қажеттілікті қабыл алып, соған орай әрекет етеді. Демек, мәселе Алла әмірін тануда. Міне, осы жолда адам ерікті. Адам еркі мен Алла әмірін Абай осылайша түсіндірген
Абайдың өлеңдеріндегі иманигүл (үш сүю) мәселесін саралаңыз, оны қарастырған еңбектерді талқылаңыз.
Абайда арнайы сөз етілетін “иманигүл” (үш сүю), “жәуманмәртлік”, “толық адам” сияқты аса күрделі гуманистік ойлар желісі Абайдың тәңірге, оның сипаттары мен өзі таратуды мақсат тұтып отырған адамгершілік негіздері жайлы ой толғаныстары, шын мәнінде, М. Әуезов тұжырымының ең өзекті желілерін қатитын асты ұғымдарға жатады.
М. Әуезов “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” леңіндегі мороль философиясынасоғатын үш сүю (имани гүл) деп аталатын ақын танымының терең бір өзекті желісіне назар аударады. Өйткені осы өлеңінде Абай:
Махабатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзатты бәрі сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады иман гүл,
Иманның асылы үш деп сен тақиқ біл.
Ойлан – дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл, –
деп, үш сүю (имани гүл) жайлы ойбайламдарын анықтап, ішкі нанымдарын ашқандай болады. Сен де сүй сол алланы жаннан тәтті”- деп жаратушысын жаралған пендесінің махаббатпен сүюі керек дейтін мағынадағы бірініші сүюді көреміз.
Екінші сүю, немесе ақын шығармаларында бастан аяқ үзіліссізтаратылатын басты ой желісі “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” ат қойып, айдар тағуында жатыр. Абайдың “және хақ жолы осы деп әділетті”, – дегені 38- сөздегі нақылия, ғақылия дәлелдергесүйене отырып ұсынатын ғадаләт ұғымына іліктесетін үшінші сүюді көреміз. “Әсемпаз бола әрнеге” өлеңіндегібастыой да осы үшінші сүюдің баламасы ретінде берілген.
Абайдағы үш сүю (имани гүл) деп аталатын түбірлі де күрделі таным қайдан келген? Ақын осы сүюдің қайсысына ден қойып, негізгі тетік ретінде ұстанары қайсысы деген сұраудың жауабын тағы да Абай шығармаларына тереңірек үңіліп, мағына желісіне талдаудан табамыз. Абай өмірінің соңында 1902 жылы жазылған “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” деген өлеңіне дейін – ақ үш сүю жайлы ұғымдардың орын алып, таратылып келгені мәлім. Бірінші, екінші жайлы пікірлері, әсересе, “Алла деген сөз жеңіл” өлеңі мен 27- қарасөзде нақтылы әлі молырақ таратылады да басқа шығармаларындажанама түрде болса да айтылған пікірлеріұшырасады.
Жалпы мұсылмандық шығыс поэзиясында екі түрлі сарынның яғни жүректің культі (имани гүл) мен ақылдың культін мадақтау өріс алып келгені мәлім. Осы себептіболса керек, әдебиеттерде бұл сарындарды білдіретін Әбу Али ибн – Синада “имани ақыл”,Абайда “имани гүл” сияқты арнайы атаулардың қолданылуы осыны көрсетіп тұр.
Имани гүл сарыны жүрек культін сол негіздегі адамшылық жолын көтермелеп, өз шығармаларында үнемі рахым, шапағаттың баламасы ретіндегі жүректі шешушіорынға қоятындар: Әл – Фараби, Низами, Руми, Науаи, Абай, т.б. Ал имани ақылды, яғни ақылдың культінмадақтайтын сарынды Рудаки, Фирдауси, ибн – Синадан ұшыратамыз.
Имани гүл, имани ақыл туралы танымның табиғаты, оның шығу төркіні мен даму жолы қазіргі ғылым дүниесінде әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысанасына алынбай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |