Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет26/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

«Оғызнама» дастаны – ІХ ғасырда Жетісу, Сыр өңіріне кеңінен тараған, қырықтан астам хикаядан тұратын түркі халықтарына ортақ туынды. Дастанның негізгі кейіпкері – Оғыз, оның анасы – Айқаған, Оғыздың ақылшысы – Ұлық Түрік, Оғыздың балалары – Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз. «Оғызнаманың» ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақтаулы. «Оғызнама» дастанының негізгі идеясы – түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. «Оғызнама» дастанының өзіндік ерекшелігі – мифологиялық суреттердің мол кездесуі.

Қорқыт – ҮІІІ ғасырда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. «Қорқыт ата» кітабында он екі жыр бар. Олар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұлы», «Төбекөз биді өлтірген Бисат батыр», «Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр», т.б. «Қорқыт ата» кітабының екі нұсқасы сақталған: 1) он екі жырдан тұратын Дрезден нұсқасы; 2) алты жырдан тұратын Ватикан нұсқасы. Қорқыттың артына қалдырған көптеген нақыл сөздері бар. Олардың көбі қазақ халқының мақал-мәтелдерімен ұқсас болып келеді.

Қорқыттың нақыл сөздері

Қазақ халқының мақал-мәтелдері

Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас.

Ежелгі дұшпан дос болмас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас.

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.



Өзіңнен тумай ұл болмас.

Ежелгі дұшпан ел болмас.

Ана көрген тон пішер,

Әке көрген оқ жонар.



Қорқыт бабадан қалған «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай», т.б. күйлер де бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет