Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


«Сал-сал», «Дариға қыз», «Зарқұм» дастандарын талдаңыз, тақырып пен ой-түйінін баяндаңыз



бет67/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Діни мотив

«Сал-сал», «Дариға қыз», «Зарқұм» дастандарын талдаңыз, тақырып пен ой-түйінін баяндаңыз.

.«Дариға қыз» дастаны . Дастан – ел арасына кең тараған дастандардың бірі. Алғаш 1897 жылы Қазан қаласында басылып шыққан. Шығармаға ислам құтқарушысы Мәди жайындағы діни аңыздар мен хикаялар өзек болған.

Дастанның қысқаша мазмұны мынадай: әйел затынан шыққан Дариғаның даңқын алыстан естіген Әли батыр онымен күш сынасуға бел буады. Үлкендерден бата алып, сапарға шығады. Дариғамен 15 күн, 15 түн күресіп, қаза болған намаздарын өтеу үшін бір мәрте ғана рұқсат сұрайды. Балуан қызды жеңе алмағанына намыстанған Әли Алла тағаладан жалбарынып, көмек сұрайды. Оның тілегі қабыл болып, Дариғаны жеңіп, оны әйелдікке алады. Мешіт, медресе салдырып, кәпірлерді ислам дініне кіргізеді. Әли шамалы уақыттан кейін өз еліне аттанады да, Дариғадан туған баласы ерекше болып ер жетеді. Өзінің туған әкесінің тірі екенін бөтен адамдардан естіген Мәди шешесінен шындықты біліп, әкесін іздеуге аттанады. Біраз оқиғаларды бастан кешіріп, Әлидің 17 баласын бір-бірімен күрестіріп отырғанының үстінен түседі. Бар баласынан Мәдидің күші басым түскен соң, Әли намыстанып өзі күресуге шығады.

Әуелі ұлық бабам Мұхаммед-ді,

Ол Фатима, медет бер, анам, – дейді.

Тілегенде медетті беруші едің,

Жәрдем бер, хазірет Әли, атам, – дейді.

Бұ сөзді Әли Арыслан естіді енді,

Бұ сөзді естіген соң қайран болды.

Белінен қатты ұстап хазірет Әли:

– Жад еткен Пайғамбарды кімсің? – дейді.

– Туғанмын, атым – Маһди, Дариғадан,

Арыслан атам – Әли жиһан кезген.

Бұлардың бәрін айтқан Дариға анам,

Шығып едім атамды іздеп шаһарымнан

«Медет бере гөр, Әли Арыстан бабам!» деп жалбарынған баланың өз баласы екенін сонда ғана біліп, Құдайға шүкіршілік етеді. Өз әкесімен күрескенін ұят санаған бала тауға қашып, жердің астына кіріп кетеді.

Шығармадағы оқиға әдеттегіден ерекше аяқталады. Әке мен бала мотиві басқа фольклорлық туындыларда біреуі қаза болып немесе табысуымен аяқталса, бұл дастанда оқиға ұлттық салт-дәстүр мен тәрбиені дәріптеумен аяқталады. Академик Рахманқұл Бердібаевтың пікірімен тұжырымдағанда:

«Имандылық тәрбиесінен бейхабар кейбіреулерге бұл оқиға қисынсыз қиял ғана болып көрінуі мүмкін. Әрине, мұнда қиял, әсерлеу күшті. Бірақ осы қиялдың әке сыйлауды үйретуге жарайтын мәңгілік ғибраты педагогика пәнінің кез келген ережесінен әсерлі екенін көрмеуге болмайды. Мәдидің аты аңызға айналуына оның батырлығынан гөрі перзент парызын биік санайтындығы, жас буынға берерлік үлгісі басым жатқаны шүбәсіз. Мәдидің аңыз-әпсана деңгейіндегі бір ғана ісі «әкені қадірле» деген сансыз ескерпелерден салмақты жатыр».

Дастан мәтінін ел аузынан жинап, баспаға дайындап алғаш 1897 жылы жариялаған Мәулекей Жұмашұлы. Содан кейін мәтін 1901, 1902 және 1913 жылдары қайта басылып шықты.

4.«Зарқұм» дастаны. Мұсылмандар да өзге халықтар тәрiздi өз дiнiн ғана нағыз ақиқат деп санады. Мұсылман еместердi «кәпiр» деп қарап, мұсылманшылыққа тарту, дiндi қабылдату—әдiлеттi де, қасиеттi iс саналды. Өзiнiң бар мүмкiндiгiн, күш-қайратын ислам дiнiнiң игiлiгiне жұмсау, оның кең таралып, салтанат құруына сарп ету—әрбiр мұсылманның басты борышы болып есептелдi. Құранда осы сенiм жолында өзiн кiм құрбан етсе, оны мәңгiлiк пейiш қызығы күтетiндiгi туралы айтылған. Исламның орнығуы мен нығаюы үшiн қиян-кескi соғыстар жүргiзiлгенi тарихтан белгiлi.Арабтардың ұзаққа созылған жорықтары, ислам дiнiн тара-ту мен орнықтырудағы күрестерi көптеген батырларды тарих сахнасына шығарды, кейiн олар ондаған қисса, дастандардың кейiпкерлерiне айналды. Зарқұм – мұсылман әскерлерінің жеңісі мадақталатын, әлемнің көптеген елдеріне кеңінен таралған діни қисса. Қисса қазақ даласына ислам дінінің орнығуымен бірге әуелде ауызша таралған. Алғаш рет қазақ тілінде 1877 жылы Қазан қаласынан кітап болып шыққан. Құрастырушысы мен баспасы белгісіз. 1879, 1881, 1888 жылдары Ш.Хұсайыновтың құрастыруымен университет баспаханасында, 1883 жылы Вячеслав баспаханасында, 1902, 1904, 1907 жылдары Ш.Хұсайынов ұрпақтарының құрастыруымен университет баспаханасында, 1909, 1910, 1914, 1916 жылдары Б.Л. Домбровский баспаханасында (Қазан), барлығы 12 рет жарық көрген.

Қисса мазмұнына келер болсақ, онда Бiр күнi Мұхаммед пайғамбарға Алла Тағаланың тапсы-руымен Жәбiрейiл перiште келiп, Ирак мемлекетi және оның ержүрек халқы туралы айта отырып, олардың дiнсiз кәпiрлер екендiгiнен хабар бередi. Егер оларға тойтарыс берiп, өз дiнiне кiргiзбесе, онда Ирактың аса қуатты патшасы Зарқұмның өзi Мәдинеге келiп, зор қауiп тудыруы мүмкiн екендігін баяндайды.

Зарқұм—Қоханның тiкелей ұрпағы, батылдығы жағынан Рүстемнiң өзiмен теңеседi, оны жеңу қиынға соғады. Қанқұйлы соғыс үш айға созылып, мұсылмандар жеңiлiстiң талай ащы дәмiн татқанымен, аяғында Жаратушы жәрдемiнiң арқасында дiнсiздерді тiзе бүктіредi. Мұхаммед пайғамбар өзiнiң сенiмдi төрт серiгi «әдiлеттi халифалар» мен 33 мың сахабасын ертiп жорыққа шығады. Зарқұм шаһ елiне жетiп, әскерiн тас-талқан етiп, жеңiске жетедi. Мұхаммед пен Зарқұм достасып, кәпiрлер ислам дiнiн қабылдайды.

«Қисса Зарқұмның» сюжетi мұсылмандар мен пұтқа табы-нушы батырлар арасындағы көптеген жекпе-жектердi суреттеу арқылы өрбидi. Шығармада сұрапыл әскери соқтығыстың эпизодтары, көрiнiстерi мен жағдаяттары есте қаларлықтай көркем де, әсерлi баяндалады. Бiр қызығы—жау батырлары мұсылман батырларынан кем түспейдi, соған қарамастан Мұхаммед пайғамбардың үмбетi дастан соңында жеңiске жетiп отырады. Оның себебi, оларға Алла Тағала жәрдемшi.Шығармада батырлардың кезектескен жекпе-жектерiнде, екi жақ әскерiнiң ұзаққа созылған шайқастарында көптеген палуандар, ер жүрек батырлар бой көрсетедi. Мұсылмандар-дың қолбасшысы Мұхаммедтiң (с.ә.с.) қасына төрт серiгi, яғни өзiнен кейiн араб мемлекетiн басқарған алғашқы төрт әдiлеттi халифа—Әбубәкiр, Омар, Оспан, Әли және немерелерi мен үмбеттерi жиналған. Пұтқа табынушылардың басшысы—шаһ Зарқұм, оның да қасында бiрнеше ұлдары, немерелерi, қалың әскерi бар.

Дастан кейiпкерлерiнiң қатарына Алла Тағала мен Жәбiрейiл перiштенi қосса да болады. Әрине, Алла Тағала оқиғаларға тiкелей қатыспайды, бiрақ оның жәрдемi, көмегi әрқашан анық сезiледi. Мұхаммед пайғамбар ауыр жағдайға түсiп қысылғанда, Жаратушыға жалбарынады, медет сұрайды. Сонда Алла Тағала Мұхаммед (с.ә.с.)-ға түсiнде аян бередi, я Жәбiрейiл перiштенi жiбередi. Мысалы, Зарқұмның қалың әскерiн көрiп мұсылмандардың көңiлiне қорқыныш енедi. Сонда Мұхаммед пайғамбарға Жәбiрейiл перiште келiп, Алла Тағаланың сәлемiн жеткiзедi:—

Иә, Мұқамбет Мұстафа,

Сәлем айтты Құдайың.

Құдекеңнiң сәлемiн

Саған баян қылайын.

Ұрыспаққа көңiлi жоқ,

Ләшкердi басты уайым.

Бiлмеген кәпiр бұл сырын,

Бәрi айтсын зiкiрiн.

Зiкiр тәсбi тоқтатар

Көңiлдiң қорқыныш пiкiрiн.

Демек «Қисса Зарқұмда» да Жәбiрейiл перiштенiң негiзгi функциясы- дiни аңыздарда айтылғандай дәнекерлiк: Алла Тағаланың сөздерiн, бұйрықтарын Мұхаммед пайғамбарға жет-кiзу. Мұндай жағдай дiни дастандардың көпшiлiгiне тән.

3.«Сал-сал» дастаны. Алғаш Қазан қаласында 1879 ж. жарық көрген (1883, 1888 ж. қайта басылған). Зерттеуші М.Жұмашев (Юмачиков) ел аузынан жинап, баспаға әзірлеген. 1906 ж. “Салсал” қайта басылып барлығы (төрт басылымды қоса есептегенде) 23200 данамен тараған.

А.Байтұрсынов қиссаны мазмұнына қарай екі топқа жіктей келе, “дастан Алланы ұлықтау, ислам дінінің артықшылығын халықтың көңіліне ұялату мақсатында шығарылған” дейді. “Салсал” дастаны — ислам дінінің орнығып, нығаюы жолындағы жорықтарды сипаттайтын туындылардың типтік үлгісі. Шығарманың негізгі идеясы — ислам дінін насихаттау. Қиссада мифологиялық, фольклорлық көне сюжеттер, мотивтер кездеседі, онда аңыз-әңгімелер де қолданыс тапқан. Дастанда исламда тыйым салынған “сиқыршылық” мотиві, ертегілердегі “барса-келмес” сарыны, т.б. кездеседі. Шығарма кейіпкерлері асқан ерлік, батырлық көрсетеді, Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) күйеу баласы Әлидің бейнесі алып күш иесі ретінде бәрінен жоғары тұрады. Қиссаны қағаз бетіне түсірген Жұмашев татардың діни медресесінде білім алғандықтан, туындыдан татар сөздерін молынан кездестіруге болады.



Дастанның мазмұнына келер болсақ, дастан Әзірет Әлидің Сиқыр шаһарына жасаған әскери жорығын суреттеуден басталады. Бұл кезде Мекке қаласында Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) жалғыз өзі қалған еді. Соны білген Жәмшид патша дереу Меккені жаулап алу үшін қалың қол жіберіп, соғыс ашады. Алайда Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) өз әскерімен оларға қарсы шығып, ұзаққа созылған шайқастардан соң Жәмшид, Пайруз, Қитар патшаларды жеңіп, олардың халқына Ислам дінін қабылдатады.

Түрік саяхатшысы Челебидің айтуынша, Салсал — моншақ шығаратын шеберхананың иесі, аңызға айналған кейіпкер. Аңыз бойынша Салсал жын-перілерден Ақкерман қамалын тартып алған, кейін соғыста Салсалды Мәлік Аштер деген кісі өлтірген. Салсалдың сүйектерімен Ақкерман қамалының қабырғасын безендірген деген де аңыз бар. Демек, Салсал Шығыс әдебиетінде аты аңызға айналған батыр деуге негіз бар. “Салсал” дастаны Қазақстан ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет