19.Уәлихан Қалижанұлының қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым туралы еңбегін саралаңыз, оның өзектілігін талқылаңыз.
Әдебиет тарихы бүгін не ертең жасалмайды. Ол адамзаттың рухани сұраныстарымен қатар дамып, қалыптасып отырады. Сондықтан да белгілі бір кезеңдегі әдебиетіің һрбі, даму эволюцисын білу үшін оның алдындағы ағымға, болмысқа қарамасқа болмайды. Мәселен, бүгінгі күнге дейін әдебиет тарихынан өзінің нақты бағасын, орнын ала алмай келе жатқан тұлғаларбар. Олар кезінде кітаби ақындар, діншіл ақындар деген желеумен әдебиет тарихынан, ел тарихынан ұмыт қалдырылды. Осы мәселелерді, сондай тұлғалардың біразы Уалихан Қалижанұлының еңбегінде көрініс тапқан.
Уәлихан Қалижан (18 наурыз 1948 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жангелді ауылы) - журналист, жазушы, филология ғылымдарының докторы (1999), ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Ғалымның қаламынан күні бүгінге дейін көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Солардың қатарында «Көңіл көкжиегі», «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым», «Ойкөз», «Жамбыл», «Ұлт рухы», «Замана сөзі» «Мәшһүр Жүсіп», «Жәдитшіл жырлар: Тарихи зерттеулер» сынды кітаптары – ерекше атауға лайық зерттеулер. Сонымен қатар «Ел мен Ер», «Президент» атты кітаптары қаламгердің атамекен тарихы, ел тағдыры, бүгіні мен болашағы жайлы ой-толғамдарын қамтитын, жазушылық қырын танытатын еңбектер.
Уәлихан Қалижановтың жеке ғылыми шығармашылығында жүйелі зерттелген тақырыптардың бірі – қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым мәселесі болды. Осы тақырып айналасында бірнеше монографиялық еңбек жарияланды. Заман талабына сай толықтырылып, 2008 жылы қайта жарық көрген «Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым» атты ғылыми еңбегі үшін 2012 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықты алды.
Бұл кітапта қазақ әдебиеті тарихының ең ұмыт қалған, ұлттық санадағы жаңғыру, жаңа капиталистік қатынастар орныға бастаған қазақ қоғамындағы діни-ағартушылық ағымның тууы, дамуы, оның ұлт зиялыларына әсері терең зерттеледі.
Уалихан Қалижановтың «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым» атты монаграфиясында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы ұмытқалған, зерделі зерттелмеген тұсы, ңни елдегі оянушылық, ұлттық санадағы жаңғыру , жаңа капеталистік қатынастар орныға бастаған қазақ қоғамындағы діни ағартушылық ағымнң тууы,дамуы, оның ұлт зиялыларына әсері терең зерттелді.
Монаграфияда діни ағартушылық ағымны өкілдері Ақмолла Мұхамедирұлф, Мақыш Қалтаев, Әубәкір Кердері, Нұржан Наушабаев, Шәді төре, Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұралар бүгінгі күннің үрдістері негізінде талданадф. Зерттеуде Ыбырай, Абай, Шәкәрім шғармаларындағы діни ағартушылық көзқарастың қандай орын алатыны туралы тың толғамдар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |