Диплом бойынша мамандығым Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Санатым



бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі302,5 Kb.
#130023
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
00073226-ba4811be

Өздігінен білімін жетілдіру


Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды,
өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса,
басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды.
Ол ең алдымен өзі өзінің тәрбиесімен айналыспаса,
басқаға да тәрбие, білім бере алмайды.
А.Дистервег
Өздігінен білім жетілдіру деген не?
Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.
(А.Г. Мысливченко, И.Л.Наумченко).
Педагогтардың өздігінен білім жетілдіруін ұйымдастыру технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:
І кезең. – таңдайтын. Бұл кезең өз бетімен жұмыс істеуге белгілі бір бағытты қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбына (өзекті мәселесіне) сай жұмыстың мақсатын таңдау; жеке алған тақырыбын қалыптастыруы, өз әрекеттерінің жүйелілігін ұғуы.
ІІ кезең – үйрететін.Бұл кезеңде педагог таңдап алған өзекті мәселе бойынша психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысады.
ІІІ кезең – практикалық Бұл кезеңде эксперимент жасау, жұмыстың жаңа әдістерін қолдану, педагогтық дәлелдерді жинап, оларды іріктеу және талдау жүргізіледі. Практикалық жұмыспен қатар әдебиеттерді зерттеу бірге жүзеге асырылады.
ІҮ кезең – теорияны ұғып, жинаған педагогикалық дәлелдерді жалпылау және талдау. Бұл кезеңде оқыған педагогикалық әдебиеттерді ұжыммен талқылауды ұйымдастыру тиіс;қалалық ӘБ, кафедраның немесе ӘБ отырысында өздігінен білім жетілдіруінің барысы туралы шығармашылық есеп беру;ашық сабақтарға және басқа да жұмыс түрлеріне қатысып, талдау.
V кезең – қорытынды бақылаулы. Бұл кезеңде педагог өзінің жеке жұмысын қорытындылайды, бақылауларды жалпылайды, нәтижелерін белгілейді. Соның ішінде ең бастысы - жүргізілген жұмыс, белгіленген дәлелдер, олардың талдауы, нәтиженің теориялық негіздері, жалпы қорытындылардың және жұмыстың алдын ала жоспарын анықтау.
Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.
Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына оқитын әдебиеттер тізімі, өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.
Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет