Диплом жұмыcы 5В010200 «Бacтayыш оқытy пeдaгогикacы мeн әдіcтeмecі»



бет16/30
Дата09.05.2022
өлшемі1,51 Mb.
#33365
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
Абдиханова З

Мәселені шешу үдерісінде бастауыш сынып оқушылары қоғам үшін, жеке пайдасы үшін осы шешімдердің пайдалылық дәрежесін талдайды. Педагог ойға шабуыл әдісін қолдана отырып, идеяларды ұсынуда оқушылардың белсенділігі мен бастамашылдығын ынталандырады. Осы кезеңде жаңа болжамдарды мәселеге айналдырудың көмегі арқылы аналогия әдісі элементтерін қолдануға болады. Осындай тікелей аналогияны қолдану жетілдірілген объектіні техниканың басқа саласындағы соған ұқсас объектімен немесе тірі табиғат объектісімен салыстырып ұқсастығын табады. Тұлғалық аналогияны қолдануда немесе эмпатия барысында оқушылар өздерін объект, субъектімен теңестіріп орнына қоя біледі (мысалы, оқушылар өздерін суретші-иллюстраторлар ретінде көрсетуі мүмкін). Фантастикалық аналогияда «ертегідей» міндетті шешуге әрекет ететеді.

Шешім қабылдау «Мен не істеймін?» кезеңінде әртүрлі әдістерді қолданудағы маңызды кезең болып бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндіктерін шынайы салыстыру біліктері қалыптасады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті – көптеген мәселелердің ішінен маңыздыларын анықтау, содан соң олардың ішінен біреуін таңдауы қажет.

Өзіндік диагностика кезеңінде бастауыш сынып оқушылары педагогтың арнайы жетелеуші сұрақтары арқылы өздерінің аталған жобаны орындауға дайындықтарын, нақты ізденушілік бағыттағы тапсырманы орындауға қандай білімдер мен біліктердің қажет екендігін анықтайды. Жобалау әдісінің қолайлы нұсқасын таңдау кезінде оқушылардың тілектері («қалаймын») мен психофизикалық («жасай аламын») материалдық (тілекті жүзеге асыруға қажет материалдар мен құралдардың болуы) мүмкіндіктері сәйкес келуі керек; яғни оқушылар өзіндік практикалық тәжірибесіне сүйену арқылы тапсырманың мақсаттарын өз мүмкіндіктері мен күшінің, құралдардың арақатынасы арқылы жүзеге асырады. Объектілерді таңдауда аталған мәселенің тарихын зерттеледі. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс барысында жобалау элементтерін қолданудың алғашқы кезеңінде заттың тарихымен таныстыруды педагог өзі орындайды. Кейін ғана оқушылар ата-аналарымен бірлесіп педагог ұсынған сұрақтарға жауап іздейді. Сабақта оқушылар өздері дайындайтын тақырып туралы қысқаша хабарлама жасайды. Педагог сұрақтар арқылы оқушыларға көмектеседі, содан соң оқушылардың жауаптарын толықтырады және қысқаша әңгіме арқылы қорытындылайды.

2 кезең – жоспарлау. Қойылған мақсатты тәжірибеде іске асыруға оқушылардың жоспарлау білігі көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының жоспарлауы-деп зерттеушілікке арналған қажетті құрал-жабдық мен материалдарды таңдау білігін, жұмыс орнын дайындауды, әрекеттің логикалық бірізділігін және оларды жүзеге асырудың тәсілдерін анықтауды айтамыз. Г.Ж.Меңлібекованың [83, 112-135б] зерттеушіліктері оқушыларының жоспарлау ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді: 1) зерттеушілік іс-әрекетін орындауда оқушылар басқа оқушылардың әрекетіне еліктеу арқылы бастапқы ойдан ауытқиды, сондықтан жоспары өзгеруі мүмкін; 2) оқушылар зерттеушілік әрекетін өте жиі орындауды жоспарлайды (жұмысқа не қажет, қандай материалдар және т.б.), педагог оқушылардан жұмысты ұйымдастыруды жоспарлауды талап етпейді, көп жағдайда қажетті материалдарын дайындайды; 3) оқушылар жоспарлауына сызбалық сипат тән: бала тек жұмыстың негізгі кезеңдерін анықтайды, оны орындаудың тәсілдерін белгілемейді; 4) практикалық жоспарлау сөздік жоспарлаудан басым түседі; 5) оқушылар өз әрекетін бағалау және тексеруді жоспарламайды.

3 кезең – үдерісті жүзеге асыру. Табысты әрекеттің негізгі алғышарттары ретінде аталған әрекетті орындаушының еңбегі мен оның нәтижелеріне тиянақты қарауын және өз уақытында тексеруін айтуға болады. С.А.Курносова тексерудің бағыттылығы әртүрлі болуы мүмкін: өз ішінде және өзіне қаратылған деп атап көрсетеді. Екінші жағдайда адам өзіндік психикалық ауқымын тексере алады. оқушылардың өзіндік білім алуы зерттеушіліктің формалары және әдістерімен қаруландыруды қамтамасыз етіледі. О.И.Мосеева өзіндік тексеру мен өзіндік бағалау: әрекет пен оның нәтижелерін оны ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қойылатын талаптармен, өлшемдер және бейнелермен салыстыру негізінде, әрекетті орындаудағы ескертулерді, қателерді жою мақсатында әрекетті саналы реттеу үдерісінде жүзеге асатынын атап көрсетті.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік тексеру әдісінің даму жолдарын қарастырайық. И.Домошенко оқушылардың өзіндік тексеру әдісінің даму үдерісін мінез-құлықты сапалы қайта құру үдерісі ретінде қарастырады және осы үдерісті төрт фазаға бөледі. Зерттеушілік іс-әрекетіндегі өзіндік тексеру пайда болады, сондықтан алғашында балаға ойын бойынша жолдастарының тарапынан сыртқы тексеру қажет. Бастауыш сынып оқушылары алдымен бір-бірін тексереді, сосын әркім өзін тексереді. Сыртқы тексеру бірте-бірте мінез-құлықты басқару үдерісіне айналады, алынған бейне оқушылардың мінез-құлқын реттей бастайды. Орындалатын әрекеттің нәтижелерін асыра бағалау қабілеті күш жұмсаумен байланысты және асыра бағалаушы қабілеті әрекеттен сапалы нәтиже алу бағыттылығын қалыптастырады.



Үдерісті жүзеге асыру кезеңін ұйымдастыруда бастауыш сынып оқушылары зерттеушілік тәртібін, зерттеушілік мәдениетін сақтап, бұйымды тікелей дайындайды. Аталған кезеңде әрекеттің мақсаты барлық жоспарланған зерттеушілік операцияларын сапалы және дұрыс орындалады. Осы кезеңнің негізгі сұрағы: барлығын ереже бойынша жасаймыз ба? Сондықтан бұл кезең тиімді жүзеге асады деп санаймыз, мұнда оқушылар өздеріне ересектер рөлін алады (мысалы, суретші-безендіруші және т.б.) және жалпылама түрде арнайы құрылған жағдайда ересектердің әрекетін орындайды, олардың арасындағы қатынастарды қайта өңдейді.

Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, көп жағдайда осы жастағы бастауыш сынып оқушылары өз әрекетін бағалай алмайды, бірақ әрекетті салыстыруды меңгереді. Өзіндік тексеруді дамыту үшін сырттай тексеруден ішкі өзіндік тексеруге қайта бағдарлану маңызды. Бұл қайта бағдарлануда келесі ережелер жүргізілуі керек: 1) ересектердің әрекетті орындауға қойылатын бірқатар тұрақты талаптарының тәртібін қамтамасыз ету; 2) бастауыш сынып оқушыларының күнделікті өмірінде басталған әрекеттерді аяқтауға жағдай ұйымдастыру; 3) бастауыш сынып оқушыларына ересектермен бірлескен әрекетте жоспарлау, тексеру мен бағалау қызметтерін бірізді жүргізу, сонымен бірге құрдастарымен бірлескен әрекетінің ұжымдық формаларын кең қолдануды қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет