Диплом жұмыcы 5В010200 «Бacтayыш оқытy пeдaгогикacы мeн әдіcтeмecі»


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет14/30
Дата09.05.2022
өлшемі1,51 Mb.
#33365
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


    1. Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары жорғарғы жобаға

Білім берудің негізгі мазмұнын жаңалаушы ретінде оның жеке тұлғалық бағыт берушілігі оқу процесінде оқушымен шығармашылық өзара әсерлесуі орын алады.ОРЫН АЛАДЫ Осы мәселеге орай оқушылардың белсенді танымдық және жасампаздық шығармашылығын, яғни зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық тәжірибе жинақтауына сәйкес келетін жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру процесі жүруі керек. Бүгінгі күні ұжымдық оқытуда да, жеке оқытуда да оқушының зерттеушілік іс-әрекетінің дамуын қалыптастырудың түрлері, әдістері, құралдары мен негізгі іс-әрекеттер жүйесін жасаудың тиімді жақтары қарастырылуда. Бұл мәселе өзінің өзектілігі мен көптеген жұрт назарын аударып келеді.

Өзін-өзі тану пәнінде оқушы мүмкіндігі мен деңгейіне қарай оқу тапсырмаларын орындауды жеке бағдарлау, оқушылардың белсенді жұмысын мұғалімнің ұйымдастыруы және сол арқылы арқылы білімді іздеу, оны ұғыну, қорыту, іскерлік, дағдыны дамыту, қалыптастыру және білімді жүйелеу жеке оқушы тарапынан жүзеге асырылады.

Ізденіс арқылы білім алу оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады.

Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді.  Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады, жеке ізденімпаздыққа бағыттайды. Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлерін мынадай типтерге бөлуге болады:


  1. Қайта жаңғырту- үлгіге қарап тапсырманы орындау.

  2. Реконструктивті-вариативті- алған білімдеріне сүйене отырып, тапсырмаларды өз бетімен орындауы.

  3. Эвристикалық- тапсырманы орындаудың басқа жолдарын оқушы өзі іздеп табады. /өз бетімен түсіндіру, демонстрация, құбылыс, ұғымға талдау жасау, аргументтерге сүйене отырып қорытынды жасау.

  4. ізденушілік- білімді өз бетімен іздеу.

Білімді өз бетімен іздеу:

Оқулықпен жұмыс істеу, мәтінмен, суретпен жұмыс, мәтінді аудару, талдау,оқыған мәтін бойынша жоспар құру, мәтінді конспектілеу, сұрақтарға жауап жазу, салыстыру, талдау, тұжырымдау, ақпарат көздерімен жұмыс, анықтамалықтармен жұмыс, тапсырманы орындау.

Мысалы: Топқа тапсырмалар:

№1 тапсырма: Шығармашылық деңгейіне қарай оқу тапсырмалары.

Пән: Өзін-өзі тану:

Сынып: 4


Тақырып: «Кешірім мен келісім» . 67бет.

Тапсырма: Жағдаяттарды талдау: «Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

1 топқа тапсырма: Жағдаятты шешіңдер. Оны басқа жолмен шешуге бола ма, ойланыңдар.

Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.

Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін.

Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.

Бағдарламада бастауыш мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша жалпы адамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.

Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, ізденімпаздық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Ізденушіліу жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.

Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет