Bilimland – білім беру нарығын ақпараттандырушы платформа. АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан секілді әлемнің бірнеше елдерін қамтиды. Қазақстанда 2011 жылы негізі қаланды. Бұл платформа елімізде тұңғыш рет барлық пәндер бойынша дайын интерактивті сабақтарды іске қосты. Мұғалімдерге тиімді тұсы да осы, жаңа сабақ түсіндірерде аталмыш платформа желісіндегі дайын дереккөзді пайдаланған өте қолайлы, әрі оқушылардың қабылдауына түсінікті. Bilimland платфорамыснан өзге компанияның бір медиада біріктірілген iMektep (бастауыш сыныптарға арналғын әдістемелік құрал), iTest (ҰБТ дайындалуға арналған оқулық құрал), Twig-Bilim (бейнебаяндық фильмдер) деп аталатын бірнеше жобалары бар.
Қашықтықтан оқыту барысында білім платформаларының маңызы үдей түсті. Өйткені оқушы алдында оқытушы жетіспегендіктен, балаға толыққанды білім беретін, сұрақтарына қарай оны бағыттайтын қандай да бір жетекші құралдың қажеттігі қоғамда аса сұранысқа ие болды. Осының негізінде білім беру ісінің қызметкерлері IT мамандарымен бірлесе отырып, жалпыға ортақ ыңғайлы платформаны оқу үдерісінде іске қосты. Қазіргі таңда республика көлемінде оқушылар Bilimland негізінде оқуды жалғастыруда. Платформаның тиімділігі – сабақты түсіндіретін бейнебаяндар; сабақты бекітетін тапсырмалар; бағалау, кері байланыс құрылғылары жан-жақты ойластырылған. Білім беруде оқытушыға қалған жүктеме – оқушыны тақырыпқа сай бағыттау. Одан өзге дарынды балаларға арналған кейбір гимназия-лицейлердің, инновациялық, халықаралық, ақылы мектептердің өздеріне арнайы жасақталған білім платформалары болады. Олар бір-бірінен күрделілігі, функционалдығы, жағынан ерекшеленгенімен, білім министрлігінің ақпараттық білім платформаларына қойылатын талаптары ортақ:
білімді тасымалдау;
білімді бекіту;
білімді қорыту;
бағалау [18, 45].
Қоғамның тәрбие үдерісі «мұғалім-ата-ана-бала» үштігі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Білім берудің үлкен екі бағыты бар. Бірінші – тәрбие, екіншісі – оқу құралы. Осы бағыттың дұрыс жүзеге асуында үштіктің байланысы үзілмеуі маңызды. Қазіргі таңда білім беру ісіне қатысты коммуникацияны цифрландыру қарқынды дамуда. Цифрландыру ата-аналардың және оқушылардың мектеппен қатынасындағы транспорттық мәселелерін жеңілдетті. Мәселен, ата-ана баласының күнделікті сабаққа дайындығын, пән мұғалімдерінің кері байланысын, ескертпелерін, мектеп әкімшілігінің хабарландыруын, барлығын дерлік электронды журналдан бақылай алады. Бала да дәл сондай өзінің дайындығын, деңгейін, бағаларын, үй тапсырмаларын, сынақ мерзімдерін, ұстазбен байланысын электронды журналдан басқара алады. Мұғалім үшін тиімділігі – қағазбастылықты азайтып, қол күшін жеңілдетті.