Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы Нұр-Cұлтан, 2022 «Қорғауға жіберілді»



бет23/24
Дата10.02.2023
өлшемі4,9 Mb.
#66907
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ҚОРЫТЫНДЫ
Білім мен біліктілікті «жеке тұлғаның» дамуына бағыттау – ХХІ ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені әлемді жаулаған экономикалық реформалар, технологиялардың жаңғыруы жаңа ұрпақтың құндылықтар негізінде тәрбиеленіп, заманауи білім алуына, жаңалыққа бейімделуіне ықпал етті. Осы орайда білімді сыни тұрғыдан игеретін, өзіне сенімді, пікірін, ойын ашық айта алатын, ішкі «менін» қалыптастырған, өзгелерге құрметпен қарайтын жеке тұлғаны қалыптастыру жалпы адамзаттың абыройлы борышына айналды.
Зерттеу жұмысымыздың алғашқы практикалық бөлімінде әдебиетті оқыту бойынша ғылыми және әдістемелік зерттеулерге шолу жасадық. Оларға сілтеме жасай отырып, кейбір мәселелерді анықтап көрсеттік. Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытудың әдістеріне тоқталдық, практика негізінде талдадық. Білім беру жүйесіндегі цифрлық құрылғылар жіктелімін анықтап, сандық ресурстардың түрлеріне тоқталдық.
Әдебиетті қашықтықтан оқытудың маңыздылығы екінші бөлімде айқындалып, теориялық, практикалық зерттеу жұмыстарымен толықтырылады. Осы бөлімде аталмыш оқыту технологиясының тиімділігі, стратегиялары мен мүмкіндіктері, әдіс-тәсілдері сөз болады. Көркем әдебиет балаларды ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеудің қуатты, тиімді құралы ретінде қызмет етеді, баланың сөйлеу тілін дамытуға және байытуға орасан зор әсер етеді. Ол эмоцияны байытады, қиялды тәрбиелейді және балаға қазақ әдеби тілінің мол үлгілерін үйретеді. Әдебиеттің басқа пәндерден айырмашылығы – оқушының еркін форматқа бейімделуінде, еркін ойлайды, еркін сөйлейді. Өйткені әдебиет сабағы нақты пәндердің қатарына кірмейді, мұнда аксиомалық, теориялық, лабороториялық қағидалар қатаң емес. Әдебиетті оқытудың және бағалаудың әдіс-тәсілдері, стратегиялары жаңартылған білім мазмұнына сай айтарлықтай өзгерді. Бүгінгі таңда білім берудегі басты мақсат – оқушы игеруге тиіс қандай да бір ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау. Осы орайда мұғалімдерге әдебиетті оқушыға игертуде үлкен жауапкершілік артылды.
Дәстүрлі оқыту мен қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері, нәтижелері салыстырылып, «жеке тұлға» қалыптастыпудағы олардың басымдықтары мен әлісіз тұстары талданады. Қашықтықтан оқыту технологиясының стратегиялары қарастырылып, бағалаудың әдіс-тәсілдері сипатталды және тапсырма құрастырылды.
Зерттеу жұмысымыздың үшінші тарауында әдебиетті қашықтықтан оқытуда бағалауды ұйымдастырудың жолдарын қарастырып, әдіс-тәсілдеріне тоқталдық. Оқу үдерісіндегі қашықтықтан оқытуды бақылай отырып, бағалаудың 2 түрлі әдісін талдадық: 1) бағалаудың дәстүрлі әдісі; 2) бағалаудың мультимедиалық әдісі. Дәстүрлі әдіс асинхронды түрде сипатталып, оқытушы мен оқушы арасындағы кері байланыс чат немесе электронды пошта арқылы жүзеге асырылады деп тұжырымдалды. Бағалаудың мультимедиалық әдісі оқытудың қай түріне де ыңғайлы, дегенмен синхронды форматта эффективті болатыны айқындалды. Мультимедиалық әдіс ХХІ ғасырдағы озық технологияларға негізделеді. Аталмыш технологиялардың көмегімен әдебиетті қашықтықтан оқытуда бағалаудың бірнеше әдіс-тәсілдері (оның ішінде авторлық әдістер де бар) қарастырылып, тапсырмалары құрастырылды.
Әдіс-тәсілдердің сәтті жүргізілуіне бірден-бір себепші – сандық ресурстар көзі. Көркем шығарманы игертуде сандық ресурстар жетерлік, тек жүйелеу жұмыстары әлі де еңбекті, зерттеуді қажет етеді. Көркем шығарманы игертуде мұғалімдер тәжірибесінде жиі қолданылатын сандық ресурстарды осы бөлімде қарастырдық.
8-10-сыныптарда оқытылатын көркем шығармаларды қашықтықтан оқытудың және бағалаудың түрлі модельдерін ұсындық. Сондықтан да әдебиетті қашықтықтан оқытудың модельдік үлгісін осы курстар негізінде дайындадық. Қашықтықтан оқытудың стратегиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, 8-10 сыныптардың ҚБ, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларының үлгісін құрастырдық.
Зерттеу жұмысымыз бойынша төмендегідей қорытынды тұжырымға келеміз. Әдебиетті қашықтықтан оқыту және бағалау:

  • Білім алушылар арасында әлеуметтік теңсіздікті жояды;

  • Білім алушылардың уақытын тиімді басқаруға қолайлы;

  • Экономикалық үнемдеу орын алады (яғни бор, тақта, т.б, секілділерге қаржы кетпейді);

  • оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамытады;

  • оқу үдерісін қарқындатуға, материалды неғұрлым мазмұнды оқуға, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын игеруге мүмкіндік береді;

  • оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығын дамытуға көмектеседі;

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, зерттелетін материалмен рефлексиялық іс-әрекеттің деңгейін едәуір арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет