Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы Нұр-Cұлтан, 2022 «Қорғауға жіберілді»



бет21/24
Дата10.02.2023
өлшемі4,9 Mb.
#66907
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дипломдық жұмыс, Лаура (копия)

«100 балл кімге бұйырады?» әдісі. Бұл әдіс бәрімізге белгілі «Миллион кімге бұйырады?» телебағдарламасының негізінде ойлап таптық4-сурет. Жаңа сабақ немесе өтілген ақпарат бойынша оқушыларға сұрақ және оның 4 түрлі жауап нұсқасын бересіз. Нұсқалардың ішінен 1 ғана дұрыс жауап болады. Оқушылар 50/50, достарынан сұрау секілді қосымша көмек ала алады. Ойын танымалдығымен, дыбыс құралдарымен, көрнекілігімен өте қызықты.




Сурет 4 «Миллион кімге бұйырады?» ойыны

Бұл әдіс арқылы оқытушы БЖБ, ТЖБ, ҚБ бағалауларын ұйымдастырса болады. Максималды балл шегіне қарай сұрақ құрастырлып, әр дұрыс жауапқа 1-10 балл аралығында бағаланады.


Әдебиетті қашықтықтан оқытуда бағалау шараларын ұйымдастыру желілік бағдарламалар арқылы да тиімді жүзеге асырылады. Желілік бағдараламалар арқылы бағалау шаралары біздің елімізді 2020-2021 оқу жылдарында пандемия себепті танылып, қолданысқа ене бастады. Желілік бағдарламалар аты айтылып тұрғандай, интернет желісін қосуды міндеттейді. Интернет желісі арқылы екіжақты ақпарат уақытылы тасымалданады. Ақпарат тасымалдаудағы кейбір кедергілер жеке тұлғаның тұтынатын интернет желісіне байланысты. Зерттеу жұмысымызда оқыту үдерісінде әлемдік білім жүйесінде үздік деп танылған бірнеше желілк бағдарламалардың қатарын тізуді жөн көрдік.
Ойын технологиясы. Өндірістік тәжірибеде оқушылармен жұмыс барысында байқағанымыз – оқушылар бірқалыпты отырып білім алудан, әдеттегі әдіс-тәсілдерден тез шаршайды. Оқушы бойындағы бұл құбылыс оқытушы қызметіне, әрине, мәселе тудырады, нәтижесінде жаңа нәрсені ойлап табуға тура келеді. Мұндай жағдай кез келген мұғалімнің педагогикалық тәжірибесінде кездеседі. Әріптестерімізбен және оқушылармен жеке әңгімелесу барысында ең сәтті сабақтардың ойын арқылы қызықты, көңілге қонымды болатыны екі тараптан да бірауыздан шықты. Республика көлемінде барлық пәндерге ыңғайлы, өте танымал – «Kahoot» ойыны. Аталмыш ойынды біз өз тәжірибемізде жүзеге асырып көрдік.
Әуелі https://kahoot.com/schools-u/ сайтына кіріп, электронды поштамен тіркелу қажет. Содан кейін «Мұғалім/Teacher» батырмасын таңдап, тақырыбыңызға қатысты сұрақтарды құрастыра аласыз. Сұрақ құрастыру барысында сауалды сурет арқылы берсеңіз болады. Тегін және ақылы нұсқалары бар. Айырмашылық: ақылы нұсқаларда бірнеше дұрыс жауаптарын беруге болады. Тегін нұсқада 1 сұрақтың 4 түрлі нұсқасы болады, оқушы 1 ғана дұрыс жауапты белгілейді. Бұл ойын әдісі көркем шығарманы бекітерде, БЖБ, ТЖБ сынақтарына дайындық барысында, сабақ соңында немесе әдебиет пәні кесте бойынша бесінші, алтыншы болып тұрса, сабақтың кіріспесінде ойнатып, оқушыларды бір сергітіп алуға болады. Дипломдық жұмысты пайдалана отырып, әдістемелік нұсқаулық ретінде ойын арқылы қалай сабақ құруды тәжірибе жүзінде көрсетуді жөн санадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет