Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы Нұр-Cұлтан, 2022 «Қорғауға жіберілді»



бет22/24
Дата10.02.2023
өлшемі4,9 Mb.
#66907
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
1-қадам. https://kahoot.com/schools-u/ сайтына кіріп, электронды поштамен тіркелеміз. Құпия сөзді енгізіп, өз бөлмеңізге кіруге рұқсат аласыз. «Жаңа Kahoot» («New Kahoot») батырмасын басып, жаңа сұрақтар айдарына кіреміз.

2-қадам. «Сұрақ қоюды бастау» («Start typing question») батырмасын басып, сабақ тақырыбына қатысты сұрақты енгізесіз. Сұрақты қойып, оның астына сурет енгізсеңіз болады. Мәселен, сіздің сұрағыңыз Абайға қатысты болса, ақынның суретін енгізіп қойсаңыз болады.
3-қадам. Жауап нұсқаларын әртүрлі (қызыл, сары, көк, жасыл) түсті жолақшаларға енгізесіз. 4 түрлі нұсқадан 1 ғана дұрыс жауап болады. Дұрыс жауаптың оң жақ тұсына белгіні енгізіңіз. Сұрақ: Абайдың неше қара сөзі бар? Жауап нұсқалары: 1)40 2)45 3)46

«Quizizz» ойыны да жоғарыда сипаттағанымыздай, бір уақытта сыныпты бірдей басқаруға септігін тигізеді. Ойындар тест жүйесіне негізделініп жасалынады және сонысымен оқушыларға қызық.





«Wordwall» тапсырмалары. Арнайы бағдарламада бірнеше қызықты тапсырмаларды құрудың шаблондары берілген. Тапсырма құрудың 10 шақты үлгілері бар. Сабақ барысында қолдану үшін оқушы дайын құрастырылған тапсырмаларды алса немесе өзі белгілі бір тақырып бойынша қайта құрастыруына болады
Әлемді жаулаған пандемия дертінің салдарынан білім жүйесіне қашықтықтан оқыту енгізілді. Қашықтықтан оқыту барысында бірқатар білім платформалары елімізде іске қосылды. Олардың қатарында Zoom, Bilimland платформалары, Whatsapp чаттары белсенді. Zoom оқушы мен оқытушының байланысына дауыс және бейне құрылғыларын реттеп береді. Сонымен бірге «қатар қосу (демонстрация)» батырмасы арқылы оқушылар телефон немесе компьютер көмегімен өз желілеріндегі деректермен, шығармашылық тапсырмалармен бөлісе алады. Bilimland платформасы оқушыларды қосымша тапсырмаларымен, дайын бейнематериалдармен, аудиомен, БЖБ, ТЖБ-мен қамтамасыз етеді [27, 100]. Оқушылардың бағалауы және кері байланысы kundelik.kz арқылы жүзеге асырылады. Оқытушылар оқушыға қатысты ескертпелер мен жетістіктер жөніндегі хабарламаны осы электронды журналда жеке ата-аналарға немесе оқушыларға жібере алады. Инновациялық мектептерде Edupage платформасы қолданылады. Ол көркем шығарманы оқытуда өте тиімді, көпкешенді жүйе.
Edupage – оқу үдерісін ұйымдастыратын онлайн білім жүйесі. Бұл жүйе мектепке жеке кабинеттерді пайдалана отырып, ата-ана мен оқушыларға уақытында нақты және түсінікті ақпарат беруге мүмкіндік береді. EduPage жүйесі арқылы мектеп әкімшілігі оқушылардың сабаққа қатысуын, бағаларын қадағалап отырады, үй тапсырмалары мен сабақ кестелерін тағайындайды. Аталмыш жүйе ата-ата-оқушы-мұғалім үштігіне өте тиімді және кез келгенді пәнді онлайн/офлайн нұсқада ұйымдастыруға қолайлы. Қағазбастылықты азайтуға көмектеседі.
«Edupage» платформасы арқылы БЖБ/ТЖБ тапсырмаларын құрастыру

1-тапсырма. Авторлар мен олардың шығармаларын сәйкестендіру. Тапсырма мақсаты – оқушыларға автор өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

2-тапсырма. Қазақ әдебиетіне алғашқылардың бірі болып фантастика жанрын енгізген Ж. Сахиевтің әңгімелері желісі бойынша бірнеше сұрақ дайындалды. Тапсырма мақсаты – әңгіме мазмұнын оқушылардың қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылау.

3-тапсырма. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасынан үзінді беріледі. Мәтін бойынша 5 тест сұрағы құрастырылды.
Тапсырма мақсаты – оқушылардың әдеби-теориялық білімін,
есте сақтау, оқылым дағдыларын жетілдіру.

4-тапсырма. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі бойынша оқиғалар тізбегі құрастырылған. Оқушылар тетікті жылжыту арқылы оқиға сюжетін ретімен орналастырады. Тапсырма мақсаты – көркем шығарманы мазмұнын түсіну дегейі мен тыңдалым, айтылым дағдыларын дамыту.





5-тапсырма. 4-тоқсанда өткен шығармалардың мән-мазмұнына, тәрбиелік, эстетикалық мақсатына сүйене отырып, оқушылардың сөз саптау, көркем мәтін түзу, жазу дағдыларын қамшылап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.


Еdupage платформасының республика көлемінде жалпы білім беретін мектептерге енгізу жобасын ұсынамыз. Көркем шығарманы игерту арқылы біз бірнеше цифрлық ресурстарды зерттеп, зерделеп бақтық. Нәтижесінде аталмыш ресурс білім беру жүйесінің жаңа мазмұнда жүргізілуіне негіз болады.
Әдебиетті қашықтықтан оқытуда мультимедиалық әдіс арқылы бағалау шараларын ұйымдастыру оқушы үшін де, оқытушы үшін де өте тиімді әдіс. Бұл әдістер әлі де зерттеуді, жандануды, дамуды қажет етеді. Сондықтан да бүгінгі қоғамның жаңа ұрпағына сай білімді игерту әрбір пән мұғалімдерінің жауапкершілігіне жүктелмек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет