Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы Нұр-Cұлтан, 2022 «Қорғауға жіберілді»



бет5/24
Дата10.02.2023
өлшемі4,9 Mb.
#66907
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Автоматты тексеру. Мұғалім өз уақытын әлдеқайда үнемдейді. Жұмысты тексеру барысында арнайы орын, уақыт талғамайды. Тапсырманың шешімін ортақ бір жүйеге келтіріп алса, қалған оқушыларды сол жүйе бойынша автоматты түрде тексереді. Және бір артықшылығы – оқушы кері байланысты білімді суытпай алуға мүмкіндігі мол және өздігінен қатемен жұмыс орындай алады. Жүйеге негізделген пайыздық немесе баллдық шкала бірден оқушының қазіргі күйдегі бағасын көрсете алады. Оқушының нәтижелерін ата-аналар да мектепке барып, уақыт жоғалтпай көре алады.
Мультимедия. Әр оқушыда ақпаратты қабылау жады әртүрлі. Сондықтан мультимедиялық ресурстардың білім беруде маңызы зор. Бұл құрылғы оқушыға көру, есту, сезіну арқылы ақпаратты түсінуге және ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.
Интерактивтілік. Топтағы барлық оқушыларды бір уақытта белсенді жұмысқа қосады. Оқушылардың және оқытушының уақытын үнемдейді.
Қазіргі қоғам ақпараттандыру процесімен тығыз байланысты. Бұл үдерістің басым бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру. Аудиовизуалды және интерактивті технологиялардың рөлі жыл сайын артып келеді, олар қазіргі заманғы білім беру процесінің ажырамас бөлігіне айналуда.
Жоба бойынша топтың бірлескен жұмысы. Оқшылардың, зерттеу тобының құжаттарды, презентацияларды, ментальдық карталарды, басқа да тапсырмаларды бірлесіп құруға мүмкіндігі зор.
Синкреттілік. Оқушы бір немесе бірнеше тапсырмаларды қатар орындай алады. Орындай отырып, интернет желісін пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, шығармашылық ойлау қабілетін жүзеге асырады және осылардың барлығын көпшілік алдында қорғай алады.
Қашықтықтан оқыту технологиясының құрылымы:

  • Оқыту мақсаты. ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен ҰМЖ-дағы белгілі бір сандармен кодталған мақсат тізбегі;

  • Оқыту мазмұны. Оқытуды жүзеге асырушы әдіс-тәсілдер, мақсат-міндеттер, құндылық спектрлері;

  • Оқыту нысаны. Оқытуды бағыттаушы субъект.

Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруда төмендегі талаптар міндеттеледі:

  1. Оқытушы компьютердің мүмкіндіктерін жоғары деңгейде меңгеруі;

  2. Қашықтықтан оқыту оның мақсат-міндеттерінің аясында жүргізілуі;

  3. Оқу мақсатын жүзеге асыруда жаңа технологиялық бағдарламаларды қолдану;

  4. Қашықтықтан оқыту технологиясын жоспарлы түрде жүзеге асыру қажет [6, 120].

Қашықтықтан оқыту технологиясы оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытады, олардың сөйлеу белсенділігін арттырады, материалды мағыналы оқуға, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын игеруге, өз мәтініңді, өз жобаңды құруға ықпал етеді. Жобалық іс-шараларда оқушылардың біразы өз күштерін сынап көреді.
Қазіргі уақытта қашықтықтан білім беру ресурстарының көптеген әртүрлі коллекциялары құрылды. Соның ішінде сандық білім беру орталықтарының жиынтықтары, тақырыптық коллекциялар, құралдар, оқу процесін ұйымдастыруға арналған бағдарламалық жасақтама оқытуды сәтті, әрі тиімді жүзеге асыруда көмектеседі.
1.2 Қашықтықтан оқытуда қолданылатын технологиялық ресурстар
Технологиялық ресурстар оқу бағдарламасына сәйкес сабақ тақырыбын түсіндіруге арналған дидактикалық құрал ретінде танылады. Технологиялық ресурстар оқу үдерісінің барлық кезеңін қамти алады және ол тікелей мұғалім қолданатын педагогикалық әдіс-тәсілдермен бірлесе жүзеге асады: үй тапсырмасын сұрауда; жаңа сабақты түсіндіруде және оны бекітуде; бөлімдік және тоқсандық сынақ тапсырмаларын аларды; т.с.с. Сонымен қатар технологиялық ресурстарды қолдану тиімділігі оқу үдерісімен шектелмейді, ол білімнің барлық саласын қамтиды. Тәрбие үдерісінде, ата-аналармен байланыс орнатуда, әдістемелік жұмыстарды орындауда технологиялық ресурстар уақытты тиімді пайдалануға және нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде жүргізілетін білім жүйесі көпкешенді. Ол көрнекілік, мультимедиялық қызметтермен шектеліп қалмайды. Ол сан салалы, көп кешенді ресурстардан тұрады. Төмендегі кестеде білім беру жүйесінің қазіргі таңда кеңінен таралған ресурстарын ашып көрсетуге тырыстық:
Технологиялық ресурстар деп оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін оқытушылардың білім беруде қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалық құралдары айтамыз. Ақпараттық ресурстардың басты мақсаты – ақпаратты тасымалдау. Қашықтықтан оқытуда технологиялық ресурстардың келерсідей түрлері кең таралған: білім порталы, ақпараттық портал, электрондық оқулық, сурет, бейнебаян, әуен, дыбыс сияқты гиперқұрылғылар.

ҚО-да қолданылатын технологиялық ресурстар



Коммуникативті ресурстар



Ақпараттық ресурстар



Басқару жүйесі

Білім порталы
Ақпараттық деректер жиынтығы (ақпараттық портал)
Электрондық оқулық
Гиперқұрылғы (аудио, видео, библио, фото)

Әлеуметтік желі
Телеқатынас
Электронды журнал
Тұлғаның жеке және ұжымдық кеңістігі



Ойын техникалары
Тест жүйесі
Білім платформалары
Презентация

Сызба 2 ҚО-да қолданылатын технологиялық ресурстар


Технологиялық ресурстар – оқу мазмұнының мақсат-міндеттерін орындауда дыбыстық, визуалдық, сандық, сурет және басқа да құрылғылармен қамтамасыз етілген ақпарат көзі. Технологиялық ресурстардың білім беру саласындағы басты міндеттері:

  • Оқытушыға оқу мақсатын жүзеге асыруда көмектесу;

  • Эффективті білім сапасын жақсарту;

  • Оқу уақыты мен кеңістігінің жекеленген тұлғаларға қолайлы болуы;

  • Оқушыларға ақпаратты көпкешенді жүйеде беру;

  • Оқушылардың білімді қорытуын оңтайландыру (тест, сәйкестендіру, тиісті сөзді жазу, т.б.)

  • Әртүрлі сандық құрылғыларды қолдана отырып, сабақ құрастыру және жобасын модельдеу;

  • Зертханалық жұмыстарда электронды микроскоп, электронды есептерді қолдану;

  • Шығармашылық тапсырмаларды орындау;

  • Электронды сөздіктерді қолдану;

  • Жобаны демонстрациялау;

  • Сынақ жұмыстарын белгілеу;

  • Мектеппен байланысты нығайтатын кездесулер ұйымдастыру (ата-ана, әріптес, т.б.)

  • Оқушының ақпаратты өзі ізденіп, өзі түсінуі;

  • Оқытушы мен оқушының компьютерлік, мультимедиялық білім деңгейін жоғарылату [7, 78].

Электронды журнал ата-ана-мұғалім-бала арасындағы қарым-қатынасты сандық тұрғыда реттейді. Мектеп тәрбие құралы болғандықтан, рухани болмыс, дискуссия қажет. Сол қатынасты реттейтін білім беру жүйесінде электронды кеңістік белгіленген. Бұл кеңістік қашықтықтан оқыту барысында қолданушыларға таныла бастады. ҚР білім беру жүйесінде Zoom, Teams, Skype платформалары арқылы оқу-тәрбие жұмыстары іске асырылды, әлі де жалғасуда.
Білімді цифрландыруда коммуникативті қарым-қатынасты реттейтін тұлғаның жеке және ұжымдық кеңістігі:

  • тұлғалардың уақыт тиімділігімен санасады;

  • ресми дайындықты қажет етпейді;

  • тұлғалардың өзара түсінісу позициясына құрылады;

  • жеке кеңес беру жұмыстарына мүмкіндік береді.

Zoom - бұл мектеп оқушылары үшін бейнеконференциялар, онлайн кездесулер және қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ететін сандық қызмет түрі. Тіркелгty кез-келген адам кездесу ұйымдастыра алады. Тегін есептік жазба 40 минуттық бейнеконференцияларға мүмкіндік береді. Ақылы жоспардың құны барлық көлемдегі конференциялардың шексіз ұзақтығымен және 100 қатысушыға дейін айына 14,99 долларды құрайды.
Бастапқыда Zoom 15 қатысушыға дейін конференциялар өткізе алды. 2013 жылдың 25 қаңтарында өнім 25-ке дейін қатысушыны қосумен толықтырылды. Бағдарламалық жасақтаманың 2.5-нұсқасы ұсынысты одан әрі кеңейтіп, бір конференцияға 100 қатысушыға дейін мүмкіндік берді. Содан бері компания бағдарламалық жасақтаманың мүмкіндіктерін кеңейтіп, 500 қатысушыға дейін жиналыстарды қамтыды. Масштаб масштабты ұсыну үшін 256-биттік Advanced Encryption Standard алгоритмін қолданумен клиенттік шифрлауды қолданады. 2015 жылдың қазан айынан бастап 25 бейнеконференцияға қатысушылардың төменгі шегі 100-ге дейін ұлғайтылды [16, 10].
Бағдарлама жеке және топтық сабақтарға өте ыңғайлы, оқушылар компьютерден де, телефонмен планшеттен де кіре алады. Сілтемесі немесе конференция идентификаторы бар кез-келген адам бейнеконференцияға қосыла алады. Іс-шараны алдын-ала жоспарлауға немесе қайталанатын сілтеме, яғни белгілі бір уақытта тұрақты сабаққа кіру сілтемесін жасауға болады. Артықшылықтары:

  • Сапалы байланыс;

  • Әр қатысушымен бейне және аудио байланыс;

  • Ұйымдастырушының микрофонның дыбысын өшіру және қосу мүмкіндігі бар, сонымен қатар бейнені өшіріп, барлық қатысушылардың бейнені қосуын сұрайды. Сіз конференцияға тек көру құқығымен қатысушы ретінде қатыса аласыз;

  • Экранды (скринширинг) дыбыспен бөлісуге болады. Экранды бөлісуді кідіртуге болады. Экранды толық бөлісе алмайсыз, тек жеке қосымшалар, мысалы, шолғышты көрсетуге мүмкіндік береді. Параметрлерде сіз барлық қатысушыларға экрандармен бөлісуге немесе шектеулерді қосуға мүмкіндік бере аласыз, ол конференцияны ұйымдастырушы тұлғаның құзырында;

  • Интерактивті тақта платформада орнатылған, сіз экранды бөлісуден кейін тақтаға оңай және жылдам ауыса аласыз;

  • Топтық және жеке жұмыс орындатуға мүмкіндік зор, ол үшін оқушыларды әртүрлі бөлмелерге топтастырасыз;

  • Чатта кез келген ақпаратты (видео, документ, сурет, сайт) бөлісе аласыз;

  • Сабақты кез келген уақытта жаза аласыз, ата-аналармен бөлісуге жақсы құрал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет