Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы Нұр-Cұлтан, 2022 «Қорғауға жіберілді»



бет4/24
Дата10.02.2023
өлшемі4,9 Mb.
#66907
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Қашықтықтан оқыту технологиясы

Дәстүрлі оқыту технологиясы

Білім алу толықтай оқушының құзырында, оқытушы – пассив, оқушы – актив.

Оқытушы 60% түсіндіреді, оқушы 40 % білімді қорытады, яғни мұғалім – актив, оқушы – пассив.

Оқудың қолайлығы (аудитория, уақыт, кері байланыс, т.б.).

Оқытудың тұрақтылығы (оқыту орны, уақыты тұрақты болады).

Әлеуметтік құқық теңдігі (білім алушылардың әлеуметтік және денсаулық жағдайына қарамайды).

Заңнамалық құқықтық шектеу (әлеуметтік жағдайына қарамаса да, денсаулық жағдайлары кей оқушылардың білім алуына тосқауыл болып, ата-аналардың көңілін құлазытады).

Экономикалық (оқыту үшін қаржылық шығындар қажет етілмейді)

Экономикалық (шығындар оқыту құрылғылары мен құралдарына кетеді)

Оқыту ресурстары – электронды (сілтеме арқылы оқулықты, электронды тақтаны, қаламды пайдалануға болады)

Оқыту ресурстары – қағаз, кітап, тақта, бор, ішінара интерактивті құралдар

Оқу ақпаратын жедел өңдеу және толықтыру

Оқу ақпаратын жаңарту бірнеше кезеңдерді қамтиды

Білім алу аясының кеңдігі (оқушы тек оқулықпен шектелмейді, интернет желісінің көмегімен ақпаратты толықтыра алады)

Оқулық және мұғалім деректерімен қамтылады.

Қазіргі оқыту үдерісінде қашықтықтан оқытудың 3 түрлі формасы белгілі: синхронды, асинхронды, вебинар. Олардың оқыту мазмұны, мақсаты бір болғанымен, әдіс-тәсілдері әртүрлі [5, 103].


Синхронды оқыту – оқытушы мен оқушының желілік байланыс арқылы жүзбе-жүз көріп, бір-бірін есту арқылы оқытуды жүзеге асыратын форма. Синхронды оқытуды жүзеге асырушы платформалар: Zoom, Microsoft Teams, т. б. аудио және видео құрылғысы бар платформалар.
Асинхронды оқыту – жүзбе-жүз көру, есту үдерістері міндеттелмейді, чат, электронды пошта арқылы оқытушы мен оқушының жазба диалогы арқылы жүзеге асырылатын оқыту формасы. Мысалы, оқытушы whatsapp чаты арқылы оқушыға белгілі бір уақытқа (дедлайн) тапсырма береді; оқушы өзіне ыңғайлы платформа арқылы оқушыға орындалған тапсырманы жібереді; оқытушы тапсрыма негізінде оқушыға кері байланыс береді.
Вебинар – ЖОО оқытуды сәтті жүзеге асырудың кепілі. Оқытудың бұл формасында оқытушы белгілі бір тақырыпта лекция оқиды, деректерді талдайды. Конференция, семинар форматында өткізіледі. Вебинарға қатысушылар өз қалауы бойынша вебинардың кез келген уақытында қосыла алады, сәйкесінше шығып кете алады. Вебинар толығымен жазылады және оны оқытушы рұқсатымен оқушыларға чат арқылы таратуға мүмкіндігі зор.
Қашықтықтан оқыту технологиясының басты мақсаты – дамыған технологиялық ресурстарды пайдалана отырып білім деңгейін көтеру; білім алушыларға неғұрлым қолайлы жағдай жасау. Аталмыш мақсатты жүзеге асыру барысында қашықтықтан оқыту технологиясының міндеттері де жетерлік:

  • Қашықтықтан оқытуды ҚР Білім заңына және стандарт талаптарына сай ұйымдастыру;

  • Оқытушы мен оқушыдан ақпараттық сауаттылықты талап ету;

  • Қашықтықтан оқыту технологиясының әдіснамасын жандандыру;

  • Қашықтықтан оқытуты мемлекетішілік форматта жүзеге асыру.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырушы белсенді технологиялық ресурстар:

Қашықтықтан оқыту технологиясының мүмкіндіктері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет