Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы Нұр-Cұлтан, 2022 «Қорғауға жіберілді»


Әдебиетті қашықтан оқытудағы бағалау үдерісі және оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері



бет14/24
Дата10.02.2023
өлшемі4,9 Mb.
#66907
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Дипломдық жұмыс, Лаура (копия)

3 Әдебиетті қашықтан оқытудағы бағалау үдерісі және оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері

3.1 Қашықтықтан оқытуда қолданылатын бағалау түрлері

ҚР Білім заңнамасы және стандарттық талаптарына сай оқытудың қай түрі болмасын бағалау жүйесі тұрақты, тек оны жүзеге асырудың әдістерінде, сыртқы формасында айырмашылық байқалуы мүмкін. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқу үдерісіндегі оқушы білімін бағалау критериалды бағалау деп аталады.


Критериалды бағалау – оқу мақсатына қол жеткізетін, оқушының таным-түсінігіне, жас ерекшелігіне лайықталған, құндылықтармен сабақтастырылған, білім мазмұнын айқын, дәл анықтайтын критерийлермен оқу жетістігін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалаудың негізгі мақсаты – елдегі білім сапасын жақсарта отырып, білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Оқу мақсатын тиімді жүзеге асыру;

  • Оқушының оқу жетістігін әділ бағалау;

  • Сабақ барысында оқушының дайындығын анықтау;

  • Жеке тұлғаның даму жетістіктерін саралау;

  • Оқушының білім деңгейі жөнінде оқушының өзімен және оның ата-анасымен кері байланыс орнату.

Критериалды бағалау жаһандық және нарықтық өзгерістер негізінде пайда болды. Бұл оқыту үдерісінің формадан мазмұнға емес, мазмұннан формаға қарай бағыттауымен сипатталады. Яғни оқушы «3», «5» секілді нақты сандық көрсеткішпен бағаланғаннан оның оқытудағы жетістігі мен деңгейі анық айқындалмайды. Сондықтан да бағалау процесінде оқытушы мен оқушы арасында диалогтық қарым-қатынасқа негізделген өзгеріс қажет болды және ол критериалды бағалау функцияларын анықтауға мүмкіндік берді. Критериалды бағалаудың функциялары:

  • Түсінік қалыптастыру – пәндік деңгейде оқушы санасына сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде нысандардың мәні, мазмұны тұрғысында түсінік қалыптастыру;

  • Ақпарат тасымалдау – белгілі бір тапсырма немесе диалогтық қатынас деңгейінде ақпаратты бөлісу, түзету, толықтыру;

  • Оқуға ынталандыру – оқушылардың оқуға деген ынтасын ояту, құндылықтар негізінде мотив беру [28, 54].

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды. Қалыптастырушы бағалау – оқушының әр күнгі сабаққа дайындығын бағалайды. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінде әртүрлі бағаланады. Мәселен, бастауыш сыныптарда (1-сыныптарда) баға қорытылмайтындықтан, баланың әр күнгі дайындығына, сабаққа қатынасына байланысты «Жарайсың!», «Жақсы, бірақ сен одан да жақсы нәтижеге лайықсың!», «Үй тапсырмаларын орындаймыз» секілді мұғалімнің пікірлері арқылы бағаланады. 1-сыныптан жоғары сыныптарда оқыту үдерісі үй тапсырмасы және сынып жұмысы тапсырмалары арқылы бағаланады. Баға көрсеткіші оқытушының ойынан алынбайды. Бағалау дескриптор арқылы жүзеге асырылады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің бірнеше құрамдас бөліктерімен тығыз байланысты. Әр сабақ оқу мақсатының негізінде жүзеге асырылатындықтан, қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалары, оның қадамдары (дескриптор), бағалау критерийлері және оның әдістері бірігіп сабақ соңында қалыптастырушы бағалауды береді. Қазақ әдебиеті сабағында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың үлгісін төмендегідей 5-кестеде көрсеттік.

Кесте 5
Қазақ әдебиеті сабағында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет