Фактілер
|
Артықшылықтары
|
Кемшіліктері
|
Қызықты фактілер
|
1-факт
|
|
|
|
2-факт
|
|
|
|
3-факт
|
|
|
|
Барлық фактілерді ескере отырып, мынадай түйінмен қорытындылаймын:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
Кесте 10
«БФЕ» әдісінің бағалау критерий кестесі.
Бағалау критерийі
|
Оқушы «Бесеудің хаты» шығармасының мазмұнымен таныс;
|
1 балл
|
Факт – шығарманы тарихпен байланыстырған;
|
2 балл
|
Факт – хаттың жетпеу себептеріне бірнеше саяси себептер келтірілген;
|
2 балл
|
Факт – ұлт зиялыларының ерен еңбегімен байланыстырған;
|
2 балл
|
Оқушы келтірілген факт сенімді және барлық фактілерді ескере отырып қорытынды ой түйген
|
2 балл
|
«Джигсо» әдісі. Мазмұны жағынан БФЕ әдісіне жақын, бірақ орындалу алгоритмдері басқаша. Әдістің ерекшелігі – 2-3 тапсырманы оқушыға бір беріп, жиынтық бағалаудың кез келген түрін қорытуға болады.
1-тапсырма. Мұқият оқып, мәтінге әдеби-теориялық талдау жасаңыз.
Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
2-тапсырма. Біліміңізді тарихпен байланыстыра отырып, «Қазақстан: тәуелсіздікке дейін және тәуелсіздіктен кейін» кестесін толтырыңыз.
Тәуелсіздікке дейін
|
Тәуелсіздіктен кейін
|
|
|
|
|
3-тапсырма. «Менің атым - Тәуелсіздік» тақырыбында өз нұсқаңызды жазып қалдырыңыз. Әдебиеттің кез келген түрі (эссе, әңгіме, өлең) қабылданады.
Бағалау критерийлері
Тапсырма легі
|
Бағалау критерийлері
|
Балл
|
БЖБ
|
ТЖБ
|
1-тапсырма
|
Өлең мазмұнын біледі:
өлеңге әдеби-теориялық талдау жасады.
|
1
2
|
4
2
|
2-тапсырма
|
тарихи деректер келтірді;
деректер мазмұны тақырыпты толық ашқан.
|
1
2
|
2
5
|
3-тапсырма
|
эссе құрылымын сақтайды;
дәйектемелер келтіре отырып, ойды анық жеткізеді;
орфографиялық нормаларды сақтайды;
әдеби нормаларды сақтайды;
өмірмен байланыстырады.
|
1
1
1
1
1
|
2
2
2
2
2
|
«Санадағы кинофильм» әдісі – қазіргі қоғамда жеке тұлғаны қалыптастыруда қолданысқа енген жаңа педагогикалық үлгі. Бұл әдіс барлық пәндерде жүзеге асырылуы тиіс. Бала естіген нәрсесін тез қабылдап, тез ұмытады, ал көргенін ұзақ жадта сақтайды. Әдісті жүзеге асыру үшін әуелі оқушы теориялық біліммен қамтамасыз етілуі керек. Кейін тәжірибеде оны көру керек. «Тәжірибе» дегенді анық түсіндіре кетейік.
Мұғалім Д. Исабековтің «Әпке» шығармасы туралы алдыңғы сабақта түсінік берді. Екінші сағатында мазмұны, кейіпкерлері бойынша талдайды. Үшінші сағатында мектептің акт залында немесе онлайн форматта оқушылармен бірге көруге болады. Одан кейінгі қорыту сабағында оқушыларға драма желісінде сценарий құрып, цифрлық құрылғыларды қолдана отырып, өз саналарындағы кинофильм түсіруге тапсырма беруге болады. Бұл әдіс оқушылардың топтық қарым-қатынасын нығайтып, ынтымақтастықта жұмыс жасауына мол мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуда оқушы сахналық көріністі бейнелей алмайды. Сондықтан сценарий жазу тапсырмасын беруге болады. Оқушы өз қиялын, шығармашылық қабілетін іске қосып, шағын сценарий құрса болады. Бұл, біріншіден, оқушының жазу сауаттылығын дамытады. Екіншіден драма жанрына деген қызығушылығын оятады. Біз мысал ретінде оқушының өзі құрастырған сценарийді ұсынамыз.
«Реквизит: А4 фурашка, А4 куәлік
***
Сұлтан – Асылжан
Тимур – Кенесары
Камила – Фатима
Назила – Маржан
Көрші апа – Бекдәулет
1-сахна
Айгүл өз үйінде айнаға қарап, шашын тарап отыр.
Айгүл. Қызық, бүгін Серікжановтар неге үнсіз? Оларды көруім керек.
2-сахна. Серікжановтар жиналып түскі ас ішіп жатыр.
Камила. Сәлем, Серікжановтар!
Нәзила. Әй, Серікжановтар несі?
Тимур. Дұрыс қой айтуы, Серікжановтар емеспіз бе?
Камила. Жә, жарайды, менің сүйікті семьям.
Нәзила. Ну, привет пфф... семьям.
Тимур. Семьям, семьям, сендерге қызықты әзіл айтайын ба?
Сұлтан. Әй, қазір әдеттегіше не в тему айта салады.
Бәрі. Давай!
Тимур. Короче, былай семьям. Бір күні стомотологияға біздің көрші Айгүл апа барады.
Бәрі. Сосын?
Тимур. Доктор «Сіздің құрт тістеріңізді емдеу үшін, әуелі алтын тістеріңізді жұлып алуымыз қажет» дейді. Сонда Айгүл апа таң қалып «Неге?» дейді. Сонда дәрігердің берген жауабы: «Енді ше, емнің ақшасын кім төлейді?». Осылай жалғасқан бірнеше сағаттық драмалық шығарманы оқушылар өзекті мәселелерді шынайы өмірмен ұштастыра отырып, бейнебаян түсіреді немесе сандық технологиялар бірлігін, мүмкіндігін қолданып, сахналық қойылым көрсетеді.
Қашықтықтан оқытуда оқытушыға критериалды бағалауды өз құзырымен нақты баға қоя салу тиімдірек, әрі оңай жол. Дегенмен бұл баланың білімін, оқудағы жетістігін одан әрі шыңдауға көмектесе алмайды. Сондықтан да мұғалім критериалды бағалауды асинхронды жағдайда тиісті құжаттармен, синхронды жағдайда мультимедиалық әдістер арқылы бағалаған жөн. Оқытушы чат арқылы оқушыға тапсырманы бағалау критерийі арқылы жібереді. Оқушы талаптарға сай тапсырманы орныдап, мұғалімге жібереді. Осындай жағдайда ғана екеуара бағалаудың әділетті нұсқасы орнайды.
Бағалау критерийі
|
Оқушы Д. Исабековтің «Әпке» драмасымен таныс;
|
1 балл
|
Оқушы драма сценарийінің жазылу үлгісінен сауаты бар;
|
2 балл
|
Оқушы «Әпке» шығармасын заманауи таным-түсінікте түрлендіре алды;
|
2 балл
|
Сценарийде кейіпкерлердің ішкі психологизмі анық;
|
2 балл
|
Сценарий тілі белгілі бір деңгейде көркемдік қуатқа ие.
|
2 балл
|
БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын бағалау үшін құрастырылған тапсырмалар
1-тапсырма. Драма жанры туралы білімдеріңізді тиянақтап, төмендегі бос орынды толтырыңыз.
Драмалық шығарма _______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
Кейіпкерлеррөлді сомдауына қарай төмендегідей екі топқа бөлінеді:
|
|
|
Мысал
|
Мысал
|
|
|
2-тапсырма. Берілген сөздерді қолданысына қарай себеттерге орналастырыңыз: Қамажай, Омар, Нәзила, Гауһар, Тимур, Сұлтан, Қабен
Жағымды
Шынайы
Жағымсыз
3-тапсырма. «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ой толғаңыз (150 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |