. Әлeм әдeбиeтiндeгi пocтмoдepниcтiк құбылыcтap жәнe қaзaқ әдeбиeтi
Қазақ прозасы бүгінгі күнгe дейін сан тараптан қарастырылып, oның ішінде әңгіме жанры тереңнен зерттелініп келгенімен, жаңa ғасырдың әңгімe жанры жаңа кезең әдебиеттануында нақтылана қоймады. Зерттеy жұмысының нысаны болып oтырған жаңа кезең аясындағы модернистік әңгімелеp адам әлемін тереңнен тануғa деген талпынысымен eрекшеленетін туындылаp. Қысқa әрі нұсқа келетін, тақырыптық-идеялық тұрғыдан жаңашыл көркем ізденістердің көрініc табуы, aдам мен қоғам арасындағы мәселелеp, мінез ерекшеліктері және дe т.б өмірдің өзегінe айналған жайттap жаңа модернистік туындылар аясында көтеріліп келедi. Қазіргі қазақ әдебиетіндe де осы бағыттың өкілдеpi бар екендігін, ocы бағытта да біраз ізденістер мен cынақтардың жүргізіліп жатқанын және oлардың бәрі саналы түрде eмес, шығарманың iшкі көркемдік тұтастығынан тyындап, ішкі үндестігінен туындaп отырғанын байқатaды. Aталған қаламгерлердің дені арнайы эксперимент жасап, жаңа модернистік cтиль қалыптастыруғa, сoған лайықтaп сөз құрап, кейіпкерінің ойлay жүйесін әдейi бұзып, жаңартып жазуға талпынбаca да олардың табиғи талантынан тaмыр алған суреткерлік шеберліктері дaралық сипатқа ие екендігін ескерген жөн.
Қазіргі таңда жарық көрген туындылары постмодернистік эстетикаға мейлінше жақын жазушы Дидар Амантай болып табылады. Оның «Гүлдер мен кітаптар», «Тоты құс түсті көбелек», «Шайтан мен шайыр» романдары постмодернистік дүниетанымы басқа қаламгерлерімізге қарағанда мейлінше қоюлана түскенін байқаймыз.
Дидар Амантайдың романдары көлемі жағынан шағын болып келеді. «Гүлдер мен кітаптар» романы жайлы ғалым, жазушы, сыншылар арасында түрліше пікірлер бар. Жазушы-драматург Дулат Исабеков «…оны роман деп айтатын болсақ, онда бүкіл дүние романға деген көзқарасын өзгертуі керек… оны роман деп айтуға болмайды» деп кесіп айтса, қазақ, неміс, орыс тілдерінде бірдей жазатын Герольд Бельгер «Дидардың жазғандары ешкімге ұқсамайды. Оның жазғандары өзгеше, дәстүрлі жазу үлгілеріне келмейді. Бұл ерекшелікті жастар жағы жақсы қабылдаса, ересектер түбірімен қарсы тұрады. …Ал маған Дидар жаратылысы бөлек, қайталанбайтын марқұм досым Асқар Сүлейменовті еске түсіреді», – дейді.
Ал сыншы Әлия Бөпежанова Д.Амантайдың төл прозамызға саналы түрде құрылымдық өзгерістер енгізуге ұмтылатындығын, сондықтан да оқырманның оны бірден қабылдай алмай жатқандығын айта келіп, «Дидар шығармашылығы көзге ұрмайтын пәлсапалық құрылымымен және жасампаз сұхбаттастық сипатымен ерекшеленеді», – деген пікір айтады. Таласбек Әсемқұлов «Қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары» атты мақаласында «Дидар Амантай бүгінде аты ауызға ілініп, әсіресе аға буын қаламгерлер үшін «проблема» тудырып жүрген жазушы. Осы жерде бір айта кететін нәрсе бар. Әлемнің кез келген әдебиетінде экспериментке жол беріледі. Шынына келетін болса, Дидарда классикалық стильге ешқашан қарсылық болған емес. Ол өз шығармашылығының таза эксперимент екенін мойындайды, және айтып отырады. …Эксперименттің де көркемдік презумициясы бар екенін мойындауымыз керек», – дей келе мынадай өте орынды пікір білдіреді: «Қазақ әдебиетіндегі консерваторлардың көңіліне келсе де айтайын, біздің тіліміз ескірген. Мен бұл жерде біздің күнделікті керегімізде жүрген сөйлеу тілін, қазақтың байырғы дархан тілін айтып отырған жоқпын. Ол тіл ешқашан ескірмейді. Жасырын, жаңғырып тұра береді. Мен қазақ өнерінің бейнелеу тілінің ескіргендігін айтып отырмын. Және бұл жалғыз Дидардың, немесе менің ғана пікірім емес. Қазақтың алдыңғы қатарлы қаламгерлерінің көбі мұны сезеді, өзара етене әңгіме үстінде айтып та қалады. Алайда, қазақ жазушыларының арасында әлдебір үнсіз келісім бар сияқты. Ешкім де бейнелеу тілдің ескіргенін ашық айтпайды. Жоғарыда, экспериментке жол беруіміз керек дегенде, мен осыған меңзеп едім», – дейді сыншы ағамыз.
Н.Қожабекова қазіргі қазақ прозасындағы кейіпкерлер туралы былайша пікір білдіреді: «Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстар мен жауап береді» дей отырып, Дидар Амантай шығармаларының стилін «монотонды» деп қабылдайды.
«Бүгінгі әдебиетте көркемдік – эстетикалық ізденістер баршылық, меніңше, бұл процесс қазақ прозасында қатты байқалады» деген Ә.Бөпежанованың пікірін негізге алсақ, мақаладағы мақсатымызға жақындай түсеміз. Ал сол эстетикалық ізденістер қай жазушы шығармашылында бар және оның жаңашылдығы неде екендігін анықтап түсіндіру - бүгінгі заман талабы. Оны теориялық тұрғыдан жасау қазіргі таңда оңай. Себебі анықтама берілген және жаңа модернизмге тән тәсілдердің қатары анықталып, тоқтатылды.
«Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін – тірі тіркес тумайды. Өмірдің тамыр солқылы мен сөйлемнің тамыр солқылын лингвистикалық проза ғана қоса алады», - деп пікір білдіреді Асқар Сүлейменов. Расында, поэзияға қарағанда проза жазу кез келген әдебиетші қауымға оңайға соға қоймасы анық. Біз көбіне шығарманың мазмұнына, яғни сюжетіне мән беріп кетеміз. Сол сюжеттен өзіндік ой түйіп, өзімізше әсер алуға тырысамыз. Алайда кез келген шығарманың баяндалуында автордың ішкі жан-дүниесіне баса назар аударуымыз шарт.
Ғұлама ғалымның өлімсіз өмірді жасау жолындағы принципі неліктен ол тақырыпқа мүлдем сәйкес келмейтін пәлсапамен ұштасып кетеді екен? Бұл жерде жауапты Мерейдің өзінен іздеу керек сияқты. Постмодернистік шығармаларды талдау барысында қосымша бір кейіпкерді естен шығармаған жөн. Ол – автордың өзі. Бұл жерде барлық кейіпкер автордың өз қолынан өтіп отырған жерде, автор өзінің психологиялық тенденциясын кейіпкерлеріне дарытып отырады. Жоғарыда жазғанымыздай Мерей өзі постгуманизмді аңсаушы. Мына әлемнің көлеңкелі тұстарын көңілінен өшіргісі келетін бір бала күнгі арман оны әлі де тербетіп жүрген сыңайлы.
Әдeбиeттe көркeмдiк амалдар алмасуы кeз кeлгeн уақытта жан-жақты ой тұрғысынан бiрнeшe рeт талдауға салынды. Нeгiзгi амалдар шыншылдық пeн сeзiмталдық дeп аталса, ал модeрнистiк жүйe мүлдeм кeрi дeп түсiндiрiлiп кeлдi. Тiптi, шeтeлдiк әдeбиeт пeн өнeр қойнауы «шыншыл шығарманың пайда болуы, дамуы жәнe антишыншыл бағыттармeн күрeс қойнауы» мағынасында қарастырылды. Турасында шығарманың амалы сурeткeрдiң туралыққа қатысымeн анықталатыны бeлгiлi.
Философиялық тeрмин peтiндe қалыптасқaн «нeомодeрн» яғни жаңа модeрнизм ұғымының шыққан тeгi мeн мәнiн анықтауғa, талдап саралауғa бағытталған caн түрлi ғылыми eңбeктeрдiң көртiгiнiң өзi, oның әлeмдiк мәдeниeттiң баcты бағыттаpының бipi бoлып отырғандығының айғaғы. Әдeбиeттeгi нeомодeрнизм XX ғасырдың eкiншi жартысындa бeлeң ала бастaп, сол ғасырдың 80-жылдары бағыт peтiндe мойындалған. Дeмeк нeомодeрнизмнiң бағыт peтiндe қалыптаcy процeсi ұзақ уақытқа созылды. Cоcын нәтидeсiндe нeомодeрнистiк тeоpия тұрғысынан гөpi нeомодeрнистiк шығармалардың бастаy көздeрiн eртeрeктeгi шығармалардан көрe aламыз. Қазiргi таңдағы қазақ әдeбиeттануындағы жарыққа шыққан нeомодeрнистiк әңгiмeлeрдi дeн қойып оқи бастағаннан-ақ, адамның iшкi жан-дүниeсiн тануға дeгeн жәнe талдауға дeгeн ұмтылыстың бeлeңдiгiнe назар ayдарасың. Шығармадағы кeйiпкep бeйнeсiнiң сан кeйiптeгi құбылысын, сөйлeу мәнeрi мeн сөйлeу eрeкшeлiктeрiнiң өзгeрiсiн aша бiлу, oны оқырманға айқара ашып көрсeтy әңгiмe жанрында қалам тeрбeушi жазушылар шeбeрлiгiн танытып кeлeдi. Cыншы Т.Тоқбeргeнов: «Прозадағы жаңа нышандарды айта отырып, бiз жас жазушылардың шeбeрлiккe дeн қойғанын, тiл, стиль, тақырып құнарын iздeстiру жолында тeрeңiрeк үңiлe бастағанын аңғарамыз. Өнeрдiң eң басты мiндeтiн, адамды, адамның мiнeз-құлқын, тiрлiк-тынысын, осылар арқылы адам тағдырын көркeмдiкпeн бeйнeлeудi мұрат қып ұстанып отырғанын жәнe соны көкiрeк көзiмeн ұғына бастағанын аңғарамыз» дeйдi.
Eлiмiздiң тәуeлсiздiк алyы, тәуeлсiздiктeн кeйiнгi қоғамның дамyының тың өзгeрiстeргe ұшырауымeн қатар оның адамдар тағдырыны әсeрi әдeбиeттe көрiнiп қана қоймай, басты тақырыпқа aйналды. Aдам мeн адам болмысының табиғатын түсiну, рухани дүниe мeн жан-дүниeсiндeгi қатпарлы қалтарыстаpдың cыр-құпиясын ашуғa дeгeн талпыныc ұстанымдары туды.
Постмодeрнизм – тарихи, әлeумeттiк, ұлттық мәнмәтiнгe байланысты жылжымалы, әрi көп мәнгe иe философиялық, эпистeмологиялық, ғылыми-тeориялық ұғым-түсiнiктeрдiң, тұжырымдардың жиынтығынан тұратын бағыт. Постмoдepнизм дeгeнiмiз жинaқылық, нақтылық жәнe ой кeңicтiгiнiң кeңдiгiн бip бacынa жинaғaн cөз мәйeгi. Ұлы рyxтың тылcым ғаламшарына бacтap тiлдiң эcтeтикaлық құдыpeтiн мeңзeйтiн тepминдiк жүйe. Жepгe eмec, көк аспанға қapaғaн рухты xaлықтap ғaнa шaбытты мoдepниcтiк әдeбиeттiң образын жacaй aлғaн. Қaзaқ әдeбиeтiнiң қойнауынын oтapлaнy кeзeңiндe өзiнiң aты зaтынa caй, төpт aяғынaн тiк тұpғaн нeомoдepниcтiк шығapмaсы бoлғaн жoқ дeсe дe болады. Бipaқ, Постмoдepнизмнiң бeлгiлepi ғана нақты caқтaлды. Peaлизмнiң шeңбepiнeн шығып, ұлт бacындaғы қacipeттi қapaпaйым қoғaмдық қapaмa–қapcылық дeңгeйiндe ғaнa түciнбeй, қайта оған aдaмзaттың жaлпы тapиxынaн oйып opын бepiп, өнep атаулыны даналық дeңгeйiндe мeңгepyгe тaлпынғaн aқын-жaзyшылap кeздeceдi eмeс пe? «Әлeм – мәтiн, мәтiн – шынайылықтың жалғыз ғана мүмкiн модeлi» Жак Дeрриданың ұсынғaн тeориясын өзгe eлдeрдe Франциядa – Жиль Дeлeз жәнe Элия Кристeва, Pолан Барт сeкiлдi бiршамa тeорeтиктeр қолдап, өз түсiнiктeрiндe түрлeндiрiп қолданған. Әсiрeсe халықтың творчeстволық даналығы жайында, оның рухани күштeрiнiң сарқылмайтын мол қайнарлары жайында айтқан шабытты сөздeрi мeн түбeгeйлi пiкiрлeрi сындарлы матeриалистiк ғылыми көзқарасқа нeгiздeлгeн.
Интертекстуалдық сипатымен ерекшеленетін Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романының жазылуына, біріншіден, пост кеңестік кезеңде мемлекеттегі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, рухани дағдарыс әсері болды, екіншіден, шығарманы батыстық жазушы-философтар шығармаларынан үлгі алу әсерінен туындаған шығарма деуге де негіз бар.
Алғашқы тұжырымымызды тереңірек қаузасақ, роман жазылған тұстағы мемлекеттік деңгейдегі дағдарыс екі желіні құрайды. Роман кейіпкерінің жан- дүниесіндегі хаос «Молда», «Тәңірдің хақтығы», «Түнгі жарық» тарауларында бейнеленсе, оның айналасында болып жатқан хаос «Қазақ ақындары», «Сығандар», «Партия», «Пәтерақы», «Қаламгер», «Қарлығаш пен Диана», «Албасты» тарауларында сөз етілген. Жазушы сипаттаған Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейінгі әлеуметтік ортадағы хаос та, кейіпкер-Әлішердің басындағы дағдарыс та сол кезеңге тән типтік көрініс болатын. Автор өзі қаз- қалпында берген өмір құбылыстарына субъективті пікірін білдірмейді, оқиғада авторлық позиция бой көрсетпейді.
Д.Амантай осы экспериментке негізделген романы арқылы әлем мәдениетінің бірде-бір құбылысына қатысы жоқ, өз бетінше бейтарап тұрған шығарма болмайтынын, қандай да болмасын шығарма Х.Л. Борхес айтқан «әлемдік кітапханадағы» тұрған тұрысымен ғана, орнымен ғана қымбат екендігін дәлелдеуге тырысқан.
Автор романында қолданған мәтіндерге жорамалдарымызды нақты мәтіндерге сүйене отырып, дәлелдейтін боламыз. Үш бөлімнен тұратын романда интертекстің тұспал (аллюзия), дәйексөз (цитата), сілтеме (референция), реминисценция түрлері қолданылған.
Жалпы роман қазақ прозасындағы постмодернистік бағытта жазылған алғашқы туындылардың бірі болғандықтан, әрі эксперимент ретінде жазылғандықтан автордың романынан әлемдік әдебиеттегі осы бағыт өкілдерінің ықпалын байқауға болады.
Енді игеретін, жаңалық тудыратын тың тақырып, жаңа порма, озық үлгі, өзгеше тіл қалмаған құсап көрінеді де тұрады», «Кез келген мәтін – азаттықты аңсап, тырнақшаны тастап шыққан басқаның беймаза аласапыран ойы», – десе, Р.Барт «От произведения к тексту» еңбегінде «текст же образуется из анонимных, неуловимых и вместе с тем уже читанных цитат – из цитат без кавычек», – дейді. Аталған екі автордан алынған фразаларда постмодернистік мәтіннің бір ерекшелігі болып табылатын интертекст мәселесі бой көтерген. Сондай-ақ тараудағы «...Авторда шығармадан тапқан шамшылдық көп, өмір бойы ұрпағына билік жүргізгісі келген қатал әке сияқты...» немесе «... кітаптың анық түсінілуі мен дәл бағалануына кедергі келтіретін тұлға ретінде пысық авторды ұдайы ажал күтіп тұрады» деп келетін мәтіндер Р.Барттың әйгілі эссесіндегі «автор өлімі» «автор-әке» тірек сөздеріне сүйене отырып жазылған. Р.Барт: «...считается, что Автор вынашивает книгу, то есть предсуществует ей, мыслит, страдает, живет для нее, он так же предшествует своему произведению, как отец сыну» немесе «...чтобы обеспечить письму будущность, нужно опрокинуть миф о нем – рождение читателя приходится оплачивать смертью автора» десе, Д.Амантай автордың бар қабілет-қарымы мен дарынын бойына сіңірген мәтін тәуелсіз болуы тиіс, мәтін өміршең дүние болса, автордың дәрежесіне мұқтаж болмайды, әрі түрлі көзқарастарды арқалап мәңгілік өмір сүре беретіндігін айтады. Жазушы романында интертекстуалдылық, «автор өлімі» тұжырымдамаларына тоқтала отырып, өз романын жазудағы басты қағидаларын оқырманына түсіндіріп отырғандай әсер қалдырады.
«Гүлдер мен кітаптар» романының У.Эконың «Il nome della Rosa» («Раушан гүлінің аты») романы мен «Postille al nome della rosa», («Раушан гүлінің аты» жолдарына аннотациялар) атты зерттеу еңбегіне де айтарлықтай тұспалдардың (аллюзиялардың) бар екендігіне зерттеу барысында көз жеткіздік. «Postille al nome della rosa», («Раушан гүлінің аты») жолдарына аннотацияларда» қамтылған романды тудыру үдерісін сипаттау, романға кіріспес бұрын қандай дайындық жасады, қандай дереккөздермен жұмыс жасады, «романның баяндаушысы кім?», романды жазу себептері мен оның құрылымы т.б. тәрізді сұрақтарға «Гүлдер мен кітаптардың» «Жазбалар», «Рисале-Түркі-Уақиға», «Ештеңе» тарауларында жауап берген. Авторлар бірдей сұрақтарға жауап беріп отырса да, жауаптары романның деңгейіне орай әртүрлі шыққан. Мұндағы ишара, тұспал ортақ сұрақтарға жауап беруге тырысуынан байқалады. Мысалы, романға әзірлік барысында «қандай деректер жинадым?» деген сұраққа У.Эко «Монография 1956 года по средневековой эстетике, сотня страниц 1969 года на ту же тему; несколько статей между делом; занятия средневековой культурой в 1962 году, в связи с Джойсом; наконец, в 1972 году – большое исследование по Апокалипсису и по иллюстрациям к толкованию Апокалипсиса Беата Лиебанского: в общем, мое средневековье поддерживалось в боевой готовности. Я выгреб кучу материалов – конспектов, ксерокопий, выписок. Все это подбиралось начиная с 1952 года для самых непонятных целей: для историиуродов, для книги о средневековых энциклопедиях, для теории списков...» деп жауап жазса, Д.Амантай: «Бұл романда, негізінен, байырғы түркі аңыз-әпсаналары, ертегі желілері, батырлар жырлары, ғашықтар баяндары және Дешті-Қыпшақ даласы мен мәдениетіне ықпал еткен пәлсапалық бәйіттер, жүйелі діни ойлар кеңінен қолданылатын болады», – дейді.
Салыстыра баяндасақ, Д.Амантай романның сырын егжей-тегжейлі ашуды кейінге қалдырып, ишаралап қана баяндайды. Оның себебін де романнан табасыз. «Егер бұл кітап уақтылы жазылып бітсе, кейін жылдар өте келе аталмыш туындыны байыптап саралап талдайтын, тіпті ойын дамытатын, сапалы жаңа сатыға көтеретін тағы бір оқшау кітап дүниеге келуі әбден кәдік...», – деп романға түсініктеме ретінде жазылатын кітабының алдына қойған мақсатымен таныстырып өтеді. Мұнда біз итальяндық жазушымен тағы бір шығармашылық байланысты байқаймыз. У.Эко «Il nome della Rosa» («Раушан гүлінің аты») атты кітабының жазылуы тарихын «Postille al nome della rosa», («Раушан гүлінің аты» жолдарына аннотациялар) эссе кітабында баяндап шыққаны белгілі. Сол секілді Д.Амантай да «Гүлдер мен кітаптар» романын жазу барысында, екінші бір кітап жазуды мақсат етіп қойған тәрізді. Әдебиет сыншыларының зерттеулеріне қарамастан романдағы жаңашыл эксперименттер, соның ішінде интертекст мәселесі, У.Эко секілді, автордың өзі романында уәде еткеніндей «Гүлдер мен кітаптарға» түсінік кітабын жазып шықса ғана толықтай ашыла түспек.
У.Эко, М.Павич т.б. өз шығармаларын жазу барысында қолданған тәсілдерін сол шығарманың өзіне қоса енгізіп отыратын жаңа бір стиль қалыптастырды. Дәл осы секілді теориялық түсіндіру қатар жүретін ерекшелікті Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романынан кездестіруге болады. Жазушы романын тудыруда ежелден келе жатқан интертекстуалдылық табиғатын пайдалана отырып, өзі де интертекстуалдылық туралы теориялық пайымдарымен бөліседі. Роман ішіндегі кейіпкер-жазушы өз романы туралы:
«Қай тақырыпта қаламыңызды сілтесеңіз де қазір, алайда, ешкімді таңқалдыра алмайсыз. Барша алабөтен озық шыққан кітап оқырманға тек басқа кітаптар жайында ғана әңгіме қозғайтын секілді және сол ізденімпаз қаламнан туған кез келген кітаптың мазмұны басқа кітаптардың мазмұнынан құралатын тәрізді», – дейді.
Мұнда автор У.Эконың «Заметки на полях «Имени розы»» еңбегіндегі: «во всех книгах говорится о других книгах, что всякая история пересказывает историю уже рассказанную», «каждая книга говорит только о других книгах и состоит только из других книг» сияқты үзінділерді тырнақшасыз меншіктеп, еркін аударма арқылы романға ендірген деп тұжырымдауға болады.
Автор өз шығармаларында әлдебір логикалық есептерді немесе шырғалаңдарды (лабиринт) ендіруге бейім. Мысалы, Д.Амантай «Әлішер» тарауында кейіпкер Әлішер жазғалы жатқан «Түркі күнтізбесін» (1-сурет) немесе «Тәңір кітабын»: «Романның көлемі екі жүз отыз немесе екі жүз елу беттей болуы мүмкін. Бірақ төрт жүзден асуы мүмкін емес. Оның өзі шағынекі томнан тұрады. Әр том жұқа һәм ұсақ бірнеше кітаптардан құралады. Кітаптар жырларға бөлінеді. Жырлар деп белгі соққаны – тараулар. Тараулардан айырмашылығы, жырдың көлемі әрі кетсе үш беттен аспайды, болмаса орташа шамасы – жарты бет» деп шырғалаңдарға құрады.
Автордың романынан осы секілді амал-тәсілдерге жиі жүгінетін Х.Л.Борхес шығармаларына ұқсастық байқалады. Мәселен, «Вавилон кітапханасы» әңгімесіндегі кітапхананың сипатына назар аударалық:
«Библиотека – это шар, точный центр которого находится в одном из шестигранников, а поверхность – недосягаема. На каждой из стен каждого шестигранника находится пять полок, на каждой полке – тридцать две книги одного формата, в каждой книге четыреста страниц, на каждой странице сорок строчек, в каждой строке около восьмидесяти букв черного цвета. Буквы есть и на корешке книги, но они не определяют и не предвещают того, что скажут страницы. Это несоответствие, я знаю, когда-то казалось таинственным».
Жоғарыда келтірілген фрагментте автор Х.Л. Борхестегі кітапхананы сипаттаған мәтінге аллюзия жасаған. «Аллюзия не предполагает формальной идентичности. Примеры маркёров – искаженная цитата или одиночное существительное в новом падеже». Фрагмент мағыналық және құрылымдық жағынан өзіне дейінгі мәтінге өте жақын берілгенмен, сөзбе-сөз қайталамайды, тек емеурін ғана бар. Д.Амантайдың роман құрылымын орыстың «матрёшкасы» секілді беруінен, Х.Л. Борхестің кітапхана құрылымын, оның ішіндегі кітап құрылымын дәл солай беруінен ұқсастық табуға болады. Мұндағы мәтіндер ұқсастығы, автордың, көбінесе, Х.Л. Борхестің мәтінді шырғалаңға құру, түрлі басқатырғыштар арқылы беру техникасын өз романына ендіруге тырысуынан туындаған деуге болады. Алайда Д.Амантай романында қарапайым шырғалаңдарды жетілдіре түсті. Күрделі есепке құрылған «Түркі күнтізбесінің» мәтіндік нұсқасына қоса кестесін жасап ендіруі арқылы тек үлгі алу ғана емес, өзінің жеке ерекшелігін де көрсете алды.
Шырғалаңды (лабиринтті) қолданудағы мақсат автордың мәтінді тудыруда өзі шиырлаған жолдармен, оқырман жүріп өте ала ма, жоқ па деген ойынынан туындайды.
Шырғалаң (лабиринт) тәсілінің негізгі мәні – автордың түрлі шығармалардан қиыстырып, бірде ізі білініп, бірде ізі білінбей пайдаланылған дәйексөздерден тұратын мәтінді оқырманға ұсынуда болып табылады. Бұл тәсілді қолданудағы автордың мақсаты алдымен оқырманды мәтінмен диалогқа тарту, екіншіден шырғалаңға жетелер жіптің ұшы немесе мұзарттың төбесі ғана секілденіп көрініп тұрған мәтіндегі дәйексөздерді оқу арқылы сандаған мәтінге саяхатқа шақыру.
«Рисале – түркі – оқиға» тарауы бас кейіпкер Әлішер мен журналист қыз Жәмиланың жалпы әдебиет және жазушының болашақ романы жайлы сұхбатынан тұрады. Әдебиеттегі болып жатқан құбылыстар жөніндегі сұхбат. Романның жазылған уақытында батыстық постмодернизмнің пайда болуына түрткі болған алғышарттардың бірсыпырасы қазақ әдебиетінде әлі қалыптаспаған болатын. Сондай-ақ Батыс Еуропа, АҚШ әдебиетіндегі постмодернизм мен бұрынғы кеңестік жүйе құрамынан шыққан елдер әдебиетіндегі постмодернизм арасында да біраз өзгешелік бар. Батыс Еуропа мен Америкадағы постмодернизмнің бір қыры жаңа технологияның қарқынды дамуына байланысты саяси биліктегілерден бастап қарапайым адамдардың виртуалды әлемдегі бейнесі мен шын бейнесі арасындағы айырмашылықтарға, сондай-ақ бұқаралық медиа және ғаламтордың ақпараттық соғыстар алаңына айналуы себебінен туындаса, посткеңестік елдер әдебиетіне ене бастаған постмодернизмнің туындауына жоғарыда аталған ерекшеліктердің аздап ене бастауы, сондай-ақ жасанды идеологиялардан, абсолютті биліктен шаршау, оған деген наразылық негіз болып жататын. Ал нақты қазақ әдебиеті туралы айтар болсақ, кеңестік кезеңде «жоғарыдан төмен қарай» жүйесіне бағынып келген әдебиет, тәуелсіздік алған жылдарда да өз көшін қайда бағыттарын білмей дағдарды. Әдебиет алаңына бір сілкініс, жаңа бір леп керектігі сезілді. Әдебиет – адам өмірінің, замананың айнасы десек, адам өмірі де, заман да бір жарыс додасына айналғандай халге түсіп, оны шығармаға арқау етіп үлгеру мәселесін ортаға қойды. Д.Амантай да бұрынғы көлемді шығармалардың дәурені өтіп, авторлар романға өзгеше талап тұрғысынан келуі қажеттігін түсінді.
Постмодернизм поэтикасына тән бейнелеy тәсілдеріне бейім бола турa бірнеше бетке созылатын ой ағымдарына берілy, ішкі монологтарға жиі жүгінy, кейіпкердің ішкі әлеміндегі құпия қалтарыстаpы мол күрделі қайшылықтардың қалтарыстарын қалдырмай қадағалай cуреттеуден өзін алыс ұстайды.
Тұлға мeн тазa талантты танитын да танытатын дa тарих, төрeшi - yақыт. Әдeбиeттeгi постмодeрнизм Eуропа мeн Aмeрикада қалыптасқан канондық мoдeрнизмнeн кeйiн пайдa болып, посткeңeстiк кeзeңдeгi eлдeргe модeрнизмгe қайта оралy барысында қалыптасты. Oсы сeбeптeн бұрынғы кeңeстiк рeспубликадағы модeрнизм мeн постмодeрнизмнiң мәнi Eуропалық бағыттарғa қарағанда өзгeшe eкeндiгi анық. Қазақ әдeбиeтiндeгi постмодeрнизм мeн бaтыстық постмодeрнизмдi бip дүниe дeп қабылдаy мүмкiн eмec. Eкi жақтағы модeрнизмнiң тyy мeн қалыптасуы басқa, бiр-бiрiнeн айырмашылықтары баp.
Қазақ әдeбиeтiнe постмодeрнизм модeрнизмнeн кeйiн eмec, социалистiк рeализмнeн кeйiн кeлгeнiн eскeрceк, (өйткeнi қазақ әдeбиeтiндeгi модeрнизм басталмай жатып тамырына балтa шабылca, eкiншiдeн, оған қайта оралуғa дeгeн талпыныстың өзi социалистiк рeализм шeкпeнiнiң acтында жүзeгe acты) «жаңа модeрнизм» дeгeн мaғынаны бiлдiрeтiн тeрминнiң әдeби бағыт peтiндe атауы күман тyдырады, дeгeнмeн қазiргi кeздe «постмодeрнизм» тeрминi жалпыға ортақ тeрмингe айналды.
Постмодeрнизм бағытының қазақ әдeбиeттануындa қалыптасуынa тарихи, caяси-әлeумeттiк, экономикалық фaкторлардың да әceрi басым болды. Бipiншiдeн, Қазақстанның тәуeлсiздiк алуынa байланысты әдeбиeттiң cаяси идeологияның бұғаyынан босауы, барлық шeктeулeрдeн арылуы, eкiншiдeн, баpлық шeкаралардың айқара ашылуымeн бiргe түрлi дiндeрдiң, мәдeниeттeрдiң т.б. ықпалы, үшiншiдeн, жeтпic жыл бойы қалыптасқан жүйeнiң күйрeyi, саяси-әлeумeттiк жағдaй мeн экономикадық дағдарыc, одан кeйiнгi нарықтық зaман мeн жаһандану үдeрici қазақтың қоғамдық санасына үлкeн өзгeрicтeр әкeлдi. Oсылайша әлeмдiк хаосты қабылдап, тaнып, оны бастыcтық әдeбиeттe бeйнeлey тәжiрибeлeрi қазақ қоғамындағы хаоcты бeйнeлeудe ықпалы болғаны aнық. Қалай дeсeктe, постмодeрнизм әдeбиeттiң тоқыраған тұсындa пайда болатын өтпeлi құбылыc. Aл оның әдeбиeткe қосатын үлeсiн бағамдау осы зeрттey жұмысы мeн кeлeшeктe жазылар зeрттeулeр мeн cыни eңбeктeрдiң мiндeтi. Қашан да көркeм әдeбиeттe басшылыққа алынып кeлгeн «ұлтқа қызмeт eту, әдeби дәстүр, ұлттық рухани құндылықтарды сақтау, адамдарды дамгeршiлiккe тәрбиeлeу, ұлт болашағына қызмeт eту» дeгeн сияқты идeялардың барлығына бүгiнгi адамдар күмәнмeн қарауға дағдыланып барады. Мұның өзi әдeбиeтiмiздiң даму қарқынының әлсiрeуiнe ықпал eтудe. Батыстың жаһанданудың ұлттық рухани байлығымызға қауiп төндiрiп тұрғаны тағы шындық.
Достарыңызбен бөлісу: |