Диплом жұмысы алматы 2022



бет7/10
Дата10.05.2023
өлшемі87,74 Kb.
#91461
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Содан кейінгісі өмір туралы пәлсафалары жаңашыл. Тараушалардың әрбір тақырыбы оқырманның ойына рухани азық. Бұл тұрғыдан келгенде Дидар Амантайды қазақ халқының өткені мен болашағы жайлы ғасырдан ғасыр асып ішінде сақтап келген, бірақ әлі сыртқа шықпаған шерін талантты жазылған көркем туынды арқылы қозғап жазушылар қатарына жатқызуға болады. Дидар Амантай «Гүлдер мен кітаптар» романындағы түс көру, аян беру шығарма ішіндегі әңгіменің негізгі фабуласын құрайды. Құндылықтардың кейіпкер өміріне қауіп төндіретінін, ажалына себепші болатынын көрсету үшін түс көрудің символикалық мәнін пайдаланады. Бұл жөнінде зерттеуші Г.Пірәлиева.
«Адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйлердің бірі түс көру. Ұйқы дегеніміз – мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана не мүлдем болмайды, не кем болады... Шырт ұйқыда жатқанда адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған соң ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы – ояу деген күйге келеді. Сондай кезде санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегеніміз ояуда көретін нәрселеріміздің пернесі болады. Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз», – дейді.
Өмірінің мәніне айналған гүлдер мен кітаптарды қымбат санаған Әлішердің жан дүниесі аласапыран. Күндіз күлкіні, түнде тыныш ұйқыны ұмыттырған бұл асыл дүниелер. Бір нәрсені меңзегендей түнде түсіне еніп, ұйқысында маза бермейді. Сондықтан ұйқыда жатса да, ояу жүрсе де Әлішердің, сонымен қатар жаны ашып, қасынан табыла білген, досының тағдыры үшін алаңдап, сары уайымға салынған Марфуғаның да жан дүниесіндегі алақұйын арпалыс сезім түс символына сыйдырылған. Себебі, «түстегі үрей мен қорқыныш кейіпкердің ішкі жан әлеміндегі әлдебір қобалжуды, көңіл түкпіріндегі күдік пен күмәнді әшкерелейді» [2, 96]. Оған қоса Әлішердің жаны жалғыз. Ол тек жалғыздықты қалайды. Ал жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағаламауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның (кейіпкердің) ішкі табиғатынан, болмыс-бітімінен сыр берер, оның характерін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені, адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Бұл – адамға өз ойымен болуға, еске алу, ойлану, қайғыру, белгілі бір шешім қабылдау, бас тарту секілді толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар мен процестерді, әртүрлі сезімдік құбылыстарды бастан өткеретін кезең. Ішкі ой қақтығыстарының жүзеге асатын кезі де осы сәт. Кейде адам қатты қапаланғанда немесе шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, тіпті ойы түгілі түсіне енбеген сұмдық іс-әрекеттерге баруы да мүмкін. Оны психологияда, философияда, әдебиеттану ғылымдарында шындықты санамен бейнеленуіне тікелей қатыспайтын, еркіннен тыс болатын-психикалық, физиологиялық құбылыс «санасыздық» (безсознательность) делінеді. Міне дәл осы мезетте адам санадан тыс мезетте орын алған оқиғалар мен құбылыстарды еске алып, өзінше ойлап, сараптап, талқылап, бір шешімге келуге не болмаса сол жұмбақтың шешімін табуға, оған тырысуға мүмкіндік береді. Айталық түнгі ұйқыда көрген түске қайта оралып, оның нені меңзегенін, нені айтқысы келгенін, қандай ескерту жасап, нендей нұсқау көрсеткенін түсінуге, шешімін тауып, өзіндік шешім қабылдауға болады.
Түс көру тәсілі – бұл психологиялық бейнелеудің бір түрі. Бұл тәсіл біздің әдебиетімізде кейіпкердің ішкі өмірін беруде жиі қолданылатын әрі берік дәстүрге енген көркемдік компонент. Оны жазушы жиі қолданбаса да ең оңтайлы сәттерде сәтті пайдалана да біледі.
Әринe, ол уақыт еншісіндегi мәселе. Тұлға мен тазa талантты танитын да танытатын дa тарих, төреші - yақыт. Біздің айтқымыз келгені, сана ағымы және постмодернизмнің ұшқындары қазақ поэзиясымен қоса, қазақ прозасында да өз өрнегін салуында.
Постмодернистiк туындылаpды оқыған кездe, ең алдымен белгісіздікке кезігесің, автоp не айтпақшы болды, осымен нені көрсетпекші болды екен деген сұрақтарға жауап іздейсің. Бастыcы қаламгерлер өз шығармаларында нүкте қоймайды, соңғы пікіp оқырманның өз ықтиярына қалдырылады. Мойындаy керек мұның өзі де әдіc. Белгілі ірі идеялар арға тартқан coң әдебиетте үздіксіз алғa жылжиды, дами түседi және жаңа бір өзгешелік пен бағыт жолына түсіп кетe береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет