Диплом жұмысы қазақ дүниетанымындағы еркіндік мәселесі Oрындaушы: Е. А. Мырза 2021 ж



бет11/12
Дата12.05.2022
өлшемі161,67 Kb.
#34148
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мырза Ернат

Қорытынды



Толғансаң тоқсан түрлі тарауға жол бастайтын еркіндік мәселесі жайындағы талдау жасалған дипломдық жұмыста, ізденуші бірінші тарауында еркіндік ұғымын философиялық антропологияның маңызды категориясы деп көрсетеді. Бұл ұғымға философиялық-теориялық тұрғыдан талданды. Еркіндік ұғымымен тығыз байланысты таңдау еркіндігі мен ерік, жауапкершілік пен қажеттілік секілді категориялармен бірге қарастырылды. Еркіндік - адамның ажырамас мүлкі, оның бар болу шарты. Өз болмысын барынша толық растауға ұмтыла отырып, адам еркіндікке ұмтылады деген тұжырымға келді. Тараудың екінші бөлімінде еркіндік парадигмасының философия тарихындағы эволюциясы сараланды. Еркіндік мәселесінің замана ағысымен таным шеңбері кеңейіп, мән-мағынасы мен пайым таразысының салмағы ұлғайғандығы көрсетілді. Тараудың екінші бөлімінде ізденуші қазақ дүниетанымындағы еркіндік ұғымында өзіндік тарихи-мәдени алғышарты бар деп көрсетеді. Көшпелі қазақ қоғамында билер институты, саяси және әлеуметтік қызметтері мен ханның негізгі мақсаттары елдің еркіндігі мен дербестігіне негізделгендігін көрсетеді. Бұл азаттық рухынан туындаған құндылықтар жүйесі. Еркіндік идеясы жыраулар поэзиясында ұлттық идея негізінде қалыптасатындықтан философиялық-дидактикалық толғаулары арнайы зерделенді. Қарға бойлы Қазтұған жырау мен Асан қайғы және Бұқар жыраудың саяси-әлеуметтік тақырыптағы ой-толғауының мәнділігі, Жиембет жыраудың тұлға еркіндігі мен дербестігі туралы ойлары, Ақтамберді жыраудың толғауларындағы өмірмәнді құндылықтарды әсемдікке негіздеуі, Дулат ақынның еркіндік мәселесіндегі жүйелілікті көрсетіп, тарихи-әлеуметтік үрдістің еркіндік идеясымен де жалғасатын бағыты айқындалды. Махамбеттың ой-толғамы еркіндік рухымен астасып, сол замандағы осы идеяның жүзеге асырушы аса танымал тұлға екендігі сараланды. Ақынның саяси-әлеуметтік дербестік пен ұлттық рух еркіндігі тек ерік күші арқылы жетуге болады деген тұжырым жасалынды. Тараудың екінші бөлімінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынадығы қазақ ағарту істеріндегі еркіндік жайындағы тұжырымдарының тарихи-әлеуметтік және саяси-мәдени негіздері пайда болғаны айшықталды. Өз заманында іргелі саналатын орыс, араб, парсы және Еуропаның мәдениеті мен әдебиетінен бой түзей келе, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев патриархалдық салт-дәстүрдің кері тұстарына, кертартпа ағымдарға қарсы күрескен негізіндегі ойлары еркіндік философиясы сипатымен қарастырылды. Еркіндік идеясының тарихи-танымдық келбеті сараланды. Абайдың даналық әлеміндегі еркіндік мәселесі жан-жақты зерделенді. Қараңғы қоғамның әлеуметтік сыншысы болған Һәкімнің идеяларының алғышарты азаттық пен еркіндік ойларымен астасадығы айқындалды. Ұлт басындағы қара тұман сейіліп, халық тұрмыс-тіршілігінің өзгеріп, жаңа заман, жарық күн шығатынына сенетін өткен ғасырдың басындағы ұлт қаймақтарының дүниетанымы мен әрекеттеріндегі еркіндік идеясы тарихи-философиялық дискурста талдау жасалынды. Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев тұжырымдары объективті логикалық бағытта талданды. Олардың философиялық және тарихи сабақтастығы саралап, сол кезеңдегі тәуелсіздіктің негізгі әрі нақты тәжірибелік көрінісі болған Алаш арыстарының еркіндік идеясының даму сатысы сарапталды. Тараудың соңғы бөлімінде кеңестік кезеңдегі тоталитарлық режимнің қазақ халқының еркіндік ұғымына ықпалы сараланды. Идеологияланған жүйенің өзінде халқымыздың азаттық пен еркіндік мұраттарын жоя алмағандығы және еркіндік ұғымының – ұлтымыздың болмысына айналғанын айшықталды.

Философиялық мәңгілік сұрақтардың бірі де, бірегейі саналатын еркіндік жайында қазақ дүниетанымы мен әлемдік философияға үңіле отыра дипломдық зерттеу жұмысында қойылған мақсат-міндеттерді зерделеу жолында мынадай қорытынды тұжырымдар қалыптасты:

Біріншіден, сахара жұрты кедергісіз қозғалыс және ой еркіндігі мен пікір дербестігіне көлеңке түспеген жағдайда еркіндіктің алғышарты деп санайды. Еркіндік ұғымын – рухтың асқақ ойлары мен сезімдерден өзге адамның ерік-жігерін жасытатын қандай да бір шектеулер мен тыйымдарды мойындамау, жақсылық пен ізгіліктен өзге принциптердің құлы болмау деген сөз деп қабылдайды.

Екіншіден, көшпелі қоғамдағы адамның өз «Менін» қоғамдық мүддеге жеңдіра алуы, өзінің толық еркіндігін асқан жауапкершілікке және қоғам алдындағы парызына үйлестіруі арқылы байқамыз. Кері байланыс ретінде «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады» - деп әр азаматтың қызметіне мәнділік беріп, қадір-қасиетін халқымыз жете түсіне алды.

Үшіншіден, еркіндік пен моральдық құндылық арақатынасы парыз, әділеттік, әдемілік, махаббат, жауапкершілік сияқты құндылықтар арқылы қазақ дүниетанымында айқындалады. Халқымыз ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыру, таңдау еркіндігін моральдық құндылықтар арқылы өрнектеуге басымдық танытты. Бәлкім, сол себепті құлдық пен түрме ұғымы сахара жұртында қолданыста болмаған шығар. Ел ішінен бір тентек шықса қоғам алдында және өзінің ар-ұжданы алдында жазаланды және қайта оның қоғамдық қалыпқа қосылуға жұрт болып жұмылды.

Дипломдық жұмыста сан қырлы еркіндік мәселесінің бір қырын ашуға талпындық. Бейбітшілік пен толеранттылық арқылы дамудың даңғыл жолына түскен ұлтымыздың ерекше болмысы еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан азаматтарымызға еркіндіктің ауыр салмағын және осы еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың алдындағы парыз бен келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті жүктеу, сол арқылы ғана ұлт ретінде ұлы істерді атқара аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет