Диплом жұмысы қазақ дүниетанымындағы еркіндік мәселесі Oрындaушы: Е. А. Мырза 2021 ж



бет3/12
Дата12.05.2022
өлшемі161,67 Kb.
#34148
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

















КІРІСПЕ



Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста қазақ дүниетанымындағы еркіндік мәселесі зерттеліп, идеялық қадамдары мен орнығуы және ілгері даму тарихы қарастырылды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақыттағы жаһандану үдерісі қоғам өмірінің әр саласына тамыр жүгіртіп, ұлттық бірегейлікке ең бастысы тәуелсіздікке көлеңкесін тигізуде. Ең алдымен бұл жағдайда экономикалық тәуелсіздікпен қатар, рухани тәуелсіздікті жоғалтпау мәселесі тұр. Себебі неміс ойшылы К.Ясперс «Еркіндікке әрдайым қарсылаушылар бар, сондықтан да ол ұдайы қатер аузында тұрады. Егер ондай қатер төніп тұрғаны сезілмейтін болса, онда бостандықтың мәні жойыла басталғаны...»[1, 180 б.]. Тәуелсіздік ұлтымызға патшалық Ресейдің отарлау саясаты тұсында және одан әрі жалғаса түскен Кеңес заманының зұлматты зардаптары кезінде саяси-мәдени және психологиялық күресінің аясында қол жеткізген жоғары құндылық екендігі сөзсіз. Олай болса, тәуелсіздікті сақтау және нығайту оның тарихи тамырларын, жауынгерлік рухтың философиялық негіздерін, оның идеялық бағытын жеткілікті зерттеп, дамытуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасы – деген атпен әлемге танылып, Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқан елімізге биыл отыз жыл толмақ. Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз ретінде ұлтымызға еркін ойлау мен дербес шешім қабылдауымызға жол ашты. Әлемдік сахнада бейбітшілік пен келісімді насихаттап келе жатқан еліміздің ең алғашқылардың бірі болып бейбіт жолмен ядролық қарудан бас тартқан ұлт ретінде ғаламдық тарихқа жазылғанымыз белгілі. Егемендікке қол жеткізген шақтардағы адамзат алдында қабылданған ең алғашқы дербес шешім осындай болды. Егемен ел ретінде демократиялық құндылықтарды негізге ала отырып, экономикалық реформалар іске асыру, халықтың рухани және мәдени әл-ауқатының дамуына бағытталған саясатының нәтижесінде мемлекетте этносаралық келісім, бейбітшілік пен саяси тұрақтылық ішкі және сыртқы қауіпсіздікті нығайту азаматтардың құқығын сақтау мен шығармашылық еркіндігін қолдаумен қатар жүргізіліп келеді. «Мәңгілік елге» ұмтылған еліміздің бейбітшілік жаршысы ретінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған «Жерұйық» мекенді құрып жатқанымызды көрсетеді. Осы шешімдер арқылы Қазақ философиясына деген қызығушылықтар артып, әлемдік философияның бір бөлігі ретінде қарастырылуда.

Азаттық пен еркіндік мұраттары ұлтымыздың даму тарихында басты идея ретінде көрініс тауып келгендіктен, оның әрбір дәуірдегі идеялық қадамдары мен орнығуы, ілгері дамуы маңызды танымдық бағдар ретінде қарастырылады. Қазақ халқы еркіндікті, әсіресе жеке адамның бостандығы мен пікір дербестігін жоғары бағалайды. Сөздің жаны бар деп сөзге тоқталған, казіргі демократиялық құндылықтар сол кезеңде де өзектілігін жоймағанын көрсетеді. «Бұрынғы қазақ қоғамындағы «Дат» деп алып, ханға да қарсы уәж айта беретін дәстүрді қоғамтанушылар «далалық демократия үрдісі» немесе «көшпелі демократиясы» деп атап жүр. Хан да, батырда, сұлтан да, бай да қара халықтың осы уәжімен есептесуге мәжбүр болған...Бұл орайда, ел сыйлаған жыраулар мен ақындардың пікірі елеулі әлеуметтік күшке айналған. Осылайша дәстүрлі қазақ қоғамындағы сөз бостандығы, ой еркіндігі Абай айтқандай «бас басына би болуға», анархияға ұласуға дейін барды. Сірә, қазақ қоғамының кезінде қатаң билік үстемдік құрған елдерден кенже қалуы, сөйтіп өзгенің боданына айналуы осы еркіндіктің шектен шыққан әрекеттерге ұласуынан да болар», [2, 83 б.] – деп Ә. Нысанбаев еркіндіктің ұлт тарихындағы келеңсіз тұстарын көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет