Диплом жұмысы қазақ дүниетанымындағы еркіндік мәселесі Oрындaушы: Е. А. Мырза 2021 ж


Еркіндік парадигмасының философия тарихындағы эволюциясы



бет7/12
Дата12.05.2022
өлшемі161,67 Kb.
#34148
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мырза Ернат

2.1. Еркіндік парадигмасының философия тарихындағы эволюциясы

Еркіндіктің әмбебап теориясы болмағандықтан, барлық философтар еркіндікты өзіндік тұрғыдан талдады. Бұл сұрақ барабар шешімін талап ететіндіктен де, қайта-қайта еркіндік мәселесі туындай бермек. Еркіндік мәселесі әлі күнге дейін бірмәнді, ұтымды шешімді тапқан жоқ. Әрқашан өзекті болып табылатын мәселелердің бірі. Адам бұл мәселені шешпей дами алмайтындықтан, ол тарихтың әр жаңа иіріміне қайта-қайта пайда болып, мәңгілік мәселелер санатына көтеріледі.

Ежелгі Греция философтары полис жүйесі аясында еркіндік ұғымын анықтады. Еркін болу - өз жеріңе қызмет ету. Адамның жеке ерекшеліктері мен оның мақсаттары ұжымның әл-ауқатына және оның дамуына бағынышты болды. Сондықтан, іс-әрекеттері жалпы игілікке қол жеткізуге бағытталған адамды еркін деп санады. Сократтың пікірінше: бәрі де жақсылықты бірдей іздейді, бірақ бәрі де оның не екенін білмейді. Ақыл жақсылыққа апарады, өйткені жақсылықтың не екенін білмесең, жамандық жасай аласың. Сонымен, Сократ іс жүзінде адам мәнінің принциптерін ақыл мен мақсатпен байланыстырады және басынан бастап еркіндікті төменгі (табиғи) имманенттік құмарлықтардан тәуелсіздік, үйлесімділік пен жақсылыққа ұмтылыс ретінде бекітеді.

Платонның пікірінше, еркін әрекет ету дегеніміз - әлемнің тәртібі мен мақсаттылығын білу болып табылатын жақсылық идеалын басшылыққа алу. Платон, Сократ сияқты, теріс еркіндікке қарсы, өйткені заңдар мен дәстүрлерге тәуелді емес адам озбырлықтың рақымында болады. Сондықтан еркіндік, егер ол жақсылықтың мақсаттылығынан тыс болса, қауіпті болуы мүмкін. Жақсылық - еркіндікті жүзеге асыруға арналған кеңістік. Сондықтан мемлекет оны заңдар арқылы реттеуі керек.

Платонның тәлімгері, тарихтағы «Алғашқы ұстаз» Аристотельде еркіндік маңызды ұғым ретінде, саяси-құқықтық аспектіден шығады және заңды моральді еркіндік шектеулерінің қажеттілігі туралы ілімді дамытады. Тұлғаның қоғамдағы рөлі ең бірінші кезекте оның талант, қабілеті, практикасымен анықталады. Еркіндіктің өлшемін ол қоғамдық пайда мен игілікпен байланыстырып, еркіндік пен мәжбүрлеу арақатынасы диалектикасына ұмтылады. Философ пікірінше, табиғат, әдет, ақыл игілікшілдің үш алғышарты ақылды әрекет сияқты еркін. Еркіндік – саналы шектелген индивидуалды әрекет. Ол қоғамдық игілікпен үйлесімде әрекет етеді. Еркіндікке ұмтылу оның ойынша, тікелей өзін кемелдендіруге лайықты мақсатқа игілікті ұмтылыспен байланысты. Бұл ұмтылыста тұлға еркін.

Аристотель Сократ пен Платон біріктірген еркін іс-әрекеттің когнитивті және моральдық жақтарын бөліп, адамгершілік іс-әрекет үшін білімнен басқа ерік те қажет екенін көрсетті.

Демокрит атомистік ілімнің негізін қалаушылардың бірі, оның пікірінше жеке индивидтердің еркіндіктері қоғамдық құрылым типімен байланысты деп санайды. Еркіндік идеалы жеке индивидтің басқа қоғамнан тәуелсіздігін білдірсе де, бұл еркіндіктің жалғыз кепілі сол қоғам ғана бола алады, өйткені, ол индивидтің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, оның қажеттігін қанағаттан- дыру құралы болып табылады. Әрбір жеке индивидтің еркіндігін толықтай терістемей, ойшыл азаматтарды заңды тыңдауға қоғамдық міндетке ерікті қызмет етуге шақырды. «Данышпан заңға бағынбай еркін өмір сүруге тиіс» – деді ол. Еркін рухты жақтаушы ретінде, Демокрит бай, еріксіз болғанша, кедей еркін болу артық деп есептеген. Адам еркін болғанда әлеуметтік қажеттілік заңы бойынша, техникамен табиғи қажеттілікті жеңеді.

Эпикур адамның өздігінен еркін өмір сүруге қабілетті және кез-келген тағдырға бағынбайтындығын алға тартады. Мұның метафизикалық негізі - ол Демокриттен алған, бірақ өзгертілген атомизм. Эпикурдың ойынша агрегаттағы атомдар қатаң механистикалық жүйе емес, өйткені олардың әрқайсысы өз қозғалыс траекториясынан ауытқуы мүмкін. Ал жан ерекше дөңгелек атомдардан жасалған. Ол тек ерікті қозғалыстардың ең жоғары дәрежесіне ие, олар қазірдің өзінде «еркін ерік» ретінде көрінеді. Эпикур тілегіңді шектеудің ұлы өнімі – еркіндік деп айтып кеткен. Сонымен қатар, адам еркі көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты, бірақ оларға толықтай тәуелді емес. Тіпті осы шарттарға қарсы да шешім қабылдай алады. Бұл пікір адамның қолына толықтай ерік бостандықты беру ниетінен туындаған деуге болады

Стоиктер белгілі бір мағынада Эпикур іліміне қарама-қарсы. Әлемнің бірлігі, олардың пікірінше, өмір сүріп жатқан және жасалып жатқан барлық нәрселердің ақылға қонымды және ерікті потенциалдарын қамтитын және осылайша бастапқы кезден алдын-ала анықталған. Тағдыр дегеніміз адамның ішкі бостандығына нұқсан келтіріп қана қоймай, сонымен бірге оны белгілі бір мағынада ұйымдастырады. Еркіндікті ақылмен және моральмен тығыз байланысы ежелгі дәуірдегі еркіндікті түсінудің жалпы нүктесіне айналды. Осылайша, жеке қасиеттерінің болуына қарамастан, ежелгі философтар адамды кездейсоқтық пен тағдырға тәуелді деп санайды. Тұлға мен оның еркіндігі әлі де табиғат пен оның заңдарының билігінде болды.

Адам еркіндігі тұжырымдамасының өзгеруі орта ғасырларда Құдай мен дін мәселесі басты назарда болған кезде орын алды. Інжіл еркіндік идеясын азат адамдарға қызмет ретінде түсіндіреді.

Еркіндік туралы алғашқы философиялық идеялар Ф.Александрияда кездеседі. Ол тек жақсылықты жеткізуші Құдай, одан әлем мен осы әлемді басқаратын күш еркін бола алады деп сенді. Құдай оған еркіндігін берген адамды ғана еркін адам деп атауға болады.

Александрия Климент екі ұғымды ажыратқан: адамдардың жақсылыққа бейімділігі және еркіндік ұғымы. Біріншісі - Құдайдың еркіне құлақ асу, оның арқасында біз ізгілікке ие болып, барлық жағымсыз нәрселерден арыламыз деп түсіндік. Еркіндік өз кезегінде бүкіл әлемнің жаратушысы ретінде тек Құдайға тән құбылыс ретінде түсінілді.

Кейінгі орта ғасырлардағы философтар жердегі зұлымдықтың болуы және Құдайдың бұған араласпауы туралы мәселені қарастыра бастайды. Бұл мәселеде жетекші рөл Августин Аврелий алады. Оның шығармаларында зұлымдық Құдайдан емес, адамдардан келеді деген ой айқын байқалады. Бұл зұлымдықтың пайда болуының бастапқы нүктесі болып табылатын адамға берілген таңдау еркіндігі. Адам өзінің адамгершілік парызын орындауға, Құдайдың өсиеттерін орындауға және сол себепті құтқарылуға ерікті. Августиннің пікірінше, ерік - бұл адамның сөзсіз еркіндігі, ол оны бүкіл әлемнен ерекшелендіреді. Ерік еркін және Құдайға деген сүйіспеншілікке немесе қалаулардың негізіне апаруы мүмкін.

Ортағасырдағы еркіндік пен ерік мәселесі Фома Аквинский ілімінде де кездеседі. Теолог еркіндік пен ерік мәселелерін көп қарастырғандардың бірі. Оның көзқарасына үңілсек: «Адамда еркін ерік бар, ол өз кезегінде жердегі құндылықтардың әлдебірін қалаудан шыққан. Адам еркіндігімен әлемдегі жамандықтың себебін бі- луге болады. Антропологиялық интеллектуализм екі іргетастық ұстанымға сүйенеді: Біріншісі – интеллект еркіндік іргетасы болып табылады. Екіншісі – еркін акт, ол практикалық пікірмен байланысқан, онда ақыл ерікке бағынады». Ортағасыр ойшылы адам еркін мақсатқа өзі келеді деп санайды.

Ортағасырдағы шығыс мұсылмандық философиясындағы еркіндік, мәселесімен айналысушылар – Әл-Кинди, Әбу Насыр Әл-Фараби, Ибн Араби, Ибн Бадж, Джалал ад дин Руми, Әл-Газалиді атай аламыз. Көзқарастары туралы айта бастасақ, Әл-Киндидің пікірінше, ақыл еркіндіктегі нәрсе, ал егер ол нәпсіге немесе тәнге байланысса, ол оншалықты еркін бола алмайды. «Өлімсіздік» және «Еркіндік» тек қана ақыл әлемінде бар. Олай болса, ақылға жүгініп, Алладан қорқып, өзімізді білім- ге және жақсы істерге арнауымыз қажет. Әл-Киндидің адам бостандығында ақылға сүйенгендігі айқын байқалады.

Ерік антропологиялық шындық деп анықтаған Әл-Ғазали: «Адам ақыл мен бір істің аяғын, оңын, жақсы жағын білгенде ғана, бұл жақсыға деген қалау және оның алғы шарттарын орын- дауға деген өз бойындағы қызығушылығы артады. Мінеки ерік дегеніміз осы» - дейді. Әл-Ғазали бұл көзқарасты этикалық ерік- ті, табиғаттың қалауымен қарсыласқан ақылдың талабы түрінде түсінген. Әсіресе, Әл-Ғазали этикалық өмір иесі болу үшін тек қана ақылды болу жеткіліксіз деген көзқараста болған. Егер Алла іс әрекетіміздің нәтижелерін білуіміз үшін көмекші ақылды жаратумен қатар, ақылдың қажеттілігіне шешім қылған жағдайда, бұл нәтижелердің қамтамасыз етілуі, іске қосқан ерікті жаратпаған, сол себепті адам этикалық өмірде ақыл қабілетін пайдаланады.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атағына ие болған, Арис-тотельдің өте көп еңбектерін араб тіліне аударған, түсініктемелер беріп, соған сүйене отырып, көптеген трактаттар жазған, Отырар қаласынан шыққан 870 – 950 жылдары өмір сүрген Әбу Насыр Мұ- хаммед ибн Мұхаммед ибн тархан ибн узлаг Әл-Фараби ат-турки. Өзінің еркіндік туралы ойларын Әл-Фараби ең алдымен, ерік және таңдау арасындағы айырмашылықтан бастайды: «Адам мүмкін болған нәрселерді таңдайды. Бірақ, кейде адамның қалауы мүмкін болмайтын нәрсе болуы да мүмкін. Мәселен, адам өлмеуді қалауы мүмкін. Сондықтан, әрбір таңдау ол ерік, ал әрбір ерік ол таңдау емес» – дейді ойшыл. Әл-Фараби адамдардың еркін психологиялық тұрғыдан көп қарастырады. Ерік жануарларда да бар екендігін, бірақ олар таңдай алмайтындығын айтады. Мұның себебін ол таңдау мен ақылдың байланысты болуынан іздейді. Әл-Фараби адамдардың еркіндігін ақыл және біліммен байланыстырады. Ол былай дейді: «Барлық әрекеттерімізге жоғарғыдан үкім беріледі. Егер адам дұрыс ойлай алса, ойлаған нәр- сесін іске асыратын қабілеті бар болады», – дейді. Егер адамда ерік-бостандық болмағанда ондай мазасыздық туындамайтыны белгілі. Алайда бұл пікір адамда шексіз ерік-бостандық бар деген пікір тудырмайды. Адам өзінің қабілеті мен мүмкіндігінің шеңбе- рінде ғана ерік-бостандыққа ие бола алады. Бұл тек адамда ерік- бостандық бар деген пікір болса, төмендегі пікірі бойынша адам еркін болуға міндетті деген пікір [34, 46 б.].

Мартин Лютер еркіндік мәселесін тек теологиялық тұрғыдан емес, сонымен қатар: заң, сатып алу, еңбек сіңіру сияқты ұғымдармен бірге қарастырды. Осылайша, Лютер еркіндік туралы әдеттегі идеялардан Құдайдың сыйы ретінде кетеді және бұл тұжырымдаманы гуманистік тұрғыдан қарастырады деп айта аламыз. Сондықтан оның жұмысын Ренессансқа тән идеялардың бастауы деп санауға болады.

Ренессанс інжіл мәтіндерін емес, адамды басты назар аударатын объектісіне айналдырады. Пико делла Мирандоланың айтуынша, адамның ерекшелігі – оның ерік-жігері, бұл оған өнермен айналысуға және айналасындағы әлемді өзгертуге мүмкіндік береді. Адамның бұл әлемдегі орны Құдайға және оның еркіне байланысты емес, әр адамның қалауы мен тілектеріне толығымен бағынады. Өзінің мақсаттарына сүйене отырып, адам шыңға жете алады. Франческо Петрарка еркіндік туралы былай деген: «Пікір мен сөйлеу еркіндігінен асқан еркіндік жоқ, оны мен ғана емес, барлығы мойындайды». Қайта өрлеу дәуірі өте қысқа кезеңді қамтығанымен, адам еркіндігі мен мүмкіндігін, қабілетін – ұлы құндылықтар ретінде бағалауда және адам денесі мен жанының сұлулығын антикалық кезеңнен кейінгі бүкіл әлемге паш еткен алғашқы философиялық кезең болып табылады. Қайта өрлеу дәуірінің ойларын жаңа заман дәуірінің көзқарасымен сабақтастырайық.

Рене Декарт дуализмнің жақтаушысы бола отырып, адамды қос субстанция ретінде қарастырды: рухани және физикалық. Еркіндік - бұл абсолютті құбылыс және ақылдың бақылауынан тыс болуы мүмкін. Аристотель сияқты, Декарт та адамның іс-әрекеті үшін жауапкершілік олар қасақана жасалған жағдайда жүктеледі деп санады. Шешім саналы түрде қабылданған кезде ғана қасақана болып саналады, өйткені денсаулықтың кез келген жағдайы ерік-жігерге қысым жасауы мүмкін. еркіндік ұғымы Джон Локк үшін құқық, заң ұғымын шектеу үшін қызмет етеді. Абсолютті еркін- дік құқықтық норманың бастамасы емес. Ерік еркіндігін терістей отырып, ойшыл ерікті еріктің мәні жоқ, еркіндік әрекет ету қабілеті, – деп санады. Адам еркін бе? – деп сұрақ қойып, ойшыл оған жауап беруге тырысады. Еркіндік тұлғаны интеграциялай- ды, таңдау арқылы жауапкершілікті анықтайды.

Еркіндік Джон Локк үшін ар-еркіндігі болып саналады, сондықтан, ол тұлға еркіндігінің үш құқығын атаған: еркіндік құқығы, меншік құқығы және өмір құқығы. Еркіндік абсолютті құндылық болғандықтан, адам құқының бәрі еркіндік идеясының әртүрлі түсіндірмесі болып табылады. Еркіндік моральды құндылық, сондықтан, индивид парызбен әрекеттенуі керек, адам өзгелердің еркіндігін сый-лауы тиіс. Еркіндік өмірлік мақсат пен құрал таңдау құқығы деп есептеледі. Еркіндік дегеніміз адамдардың меншікке құқығы деп санайды ойшыл [35, 50 б.]. Еркіндік ұғымы Дж. Локк үшін құқық, заң ұғымын шектеу үшін қызмет етеді. Абсолютті еркіндік құқықтық норманың бастамасы емес. Ерік еркіндігін терістей отырып, ойшыл ерікті еріктің мәні жоқ, еркіндік әрекет ету қабілеті деп санады.

Томас Гоббс еркіндікта физикалық мәжбүрлеудің және ақылға сәйкестіктің болмауы сияқты маңызды сәтті түсіндіреді, сонымен бірге рационалдылықты адам еркіндігінің қажетті сипаттамасы ретінде көрсетеді. Гоббс еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді және өзара байланысты қасиеттер ретінде тығыз байланыстырады.

Спинозаның ойынша, ақыл мен білім - бұл азат етуге және жоғарылатуға қабілетті шынайы күш адамды шайқау. Рационалды принциптердің құлдырауы болмыстың еркіндігі мен тәуелділігін жоғалтуға әкеледі. Сонымен, жалпыға бірдей қажеттілік әлемінде адам өзінің еркіндігінің шекарасын аша алатыны белгілі болды, өйткені бұл қажеттілік туралы білімнің нәтижесі. Сонымен, қажеттілік білім арқылы еркіндікқа айналады, өйткені еркіндік «танылған қажеттілік».

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жаңа заман философиясында адам алғаш рет өзі үшін жеке басшылық орнатуға және оларды ұстануға қабілетті объект ретінде қарастырылады деген қорытынды шығады.

Шарль Луи Монтескьенің мемлекетке байланысты айтылған ойлары мен идеялары саяси ойлар тарихында, әлі де қолданыста жүр. Ойшылдың «Заңдар рухы» еңбегіне тоқталсақ, бұл еңбекте, ол еркіндік мәселесіне тікелей тоқталған. Енді осы еңбекке қысқаша тоқталып көрейік: «Еркіндік сөзі сияқты көптеген мағынаға ие болған, және де ақылға соншалықты түрліше әсер беретін, сірә сөз болмаған шығар. Біреулер еркіндік деп өздері тирандық билік беріп қойған адамды жеңіл жамандауды атайды. Келесілері, өздерінің бағынышты болар адамын сайлау құқығын атайды. Үшіншілері, одан өз заң- дарына бағынып, өз ұлтынан шыққан адамның қарамағында болу артықшылығын айтады. Бір халық ұзақ уақыт бойы еркіндікті ұзын сақал қою салты деп қабылдады. Кейбіреулер басқаның бәрін итеріп тастап, бұл атауды басқарудың белгілі түрімен байла- ныстырады. Республикалық басқарудың игіліктерінен дәм татқан адамдар еркіндік ұғымын сол басқарумен теңестірсе, монархиялық басқару игілігін пайдаланушылар монархиямен теңестіреді. Ақыр соңында, әркім еркіндікті оның өз салт-дәстүрлері мен ме- кенділіктеріне сай келетін басқару деп атайды. Республика адамдарының арызданатын басқару кінәраттарының аса белгілі және анық көрінбеуіне байланысты, онда еркіндікті республикамен теңестіреді, ал монархияда оны жоқ деп біледі. Өйткені, респуб- ликада заң атқарушылары емес, заңның өзі әрекет ететін сияқты болады да тұрады. Енді демократияларды халық байқағаныңыз- дай, не істегісі келсе, соны жасайтын болғандықтан еркіндіктерді сол құрылымға теліп қояды. Нәтижесінде халық билігін халықтардың еркіндігімен араластырып алды. Адамның болмысы мен еркіндігінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Еркіндікті «қиыншылық» арқылы түсінеміз. Өмір сүрудің белгісі ретінде ер- кіндіктің хабаршысы – қиыншылық. Қиыншылық арқылы еркіндік жарыққа шығады, еркіндік және қиыншылық арасында тығыз байланыс бар. Бұлар адам бойындағы бір-біріне тығыз байланысты ерекшеліктер» – дейді ойшыл.

Кантта біз еркіндік мәселесінің мүлдем жаңа тұжырымдамасын табамыз. Еркіндік – адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтау қабілеті. И.Канттың еркіндікті растауы - бұл саналыққа негізделген категориялық императивтің болуы. Канттың түсінігінде еркіндіктің алдында әрқашанда міндет тұрады. Еркіндік бірден парызға теңелген, сондықтан «мен керек» деп атау, «мен еркінмін» дегенмен бірдей. Сонымен, еркіндік, Канттың пікірінше, моральдық заңдылықты білуге ​​негізделген өз міндетін ерікті түрде орындау, т.а. табиғи қажеттілікке қарсы тұрған моральдық құқық саласында ғана мүмкін болады. Және мұндай еркіндік табиғи детерминизмнен тыс болғандықтан, категориялық императивтің моральдық шарттары орындалған кезде еркін субъективті тіршілік ету автономиясына жол ашты. Ойшылдың пікірінше, еркіндік органикалық қабілет болып саналады. Оның мазмұны тұлғаның ерікті актісі, жалпы субстанционалдылық еркіндік болып саналады. Осы ұғымды ол қажеттілікпен байланыстырып, трансцендентальды және практикалық деп екіге бөледі. Еркіндік мінез, амал, көріну аймағы бойынша, келесі түрлерден көрінеді: практикалық – бұл ерік, яғни ерікті ерік, еріктілік – еріктің абстрактілі сипаты, ережесіз еркіндік, трансцендентті еркіндік – ақыл ұғымын объективті сфераға қолдану.

Гегель дүниежүзілік тарихты әлемдік рухтың өзін-өзі тану үдерісі ретінде қарастырып, еркіндік пен парасаттылықты қалыптастыра отырып, неміс классикалық философиясының идеяларын біріктіріп, оларға жүйелі сипат береді. Бейбітшілік - абсолютті рухтың өз еркіндігін жүзеге асыруы үшін қажетті сәт. Өзін-өзі таныту үшін абсолютті рух тарихи тұлғаларды қолданады. Олар өз еріктерімен әрекет ететін сияқты, бірақ шын мәнінде, олар арқылы рух өзінің жоспарларын жүзеге асырады. Олардың мақсаты - Әлемдік рухтың мақсаты. Демек, адамның іс-әрекеті әлемдік рухқа бағынады. Сонымен қатар, абсолюттік идея тарихта еркіндік ретінде жүзеге асады, содан кейін абсолютті өзін-өзі тану арқылы өзіне оралады. Адамның бостандығы оның жеке басын абсолютті идеямен танып, оның еркімен өзін-өзі сәйкестендіретіндігінен көрінеді. «Адамның ең жоғарғы тәуелсіздігі өзін абсолютті идеямен толық анықталатын нәрсе ретінде танудан тұрады». Сонымен, неміс идеализмі (Кант, Фихте, Гегель) автономия идеясын ашуда және негіздеуде бостандық үшін тарихи күреске орасан зор үлес қосқанын мойындау керек.

Марксизмде еркін саналы қызмет адамның жалпы белгісі болып табылады және еркіндік- тарихи, мәдени дамудың өнімі. Қоғамның дамуы қарама-қайшы, бірақ тұтастай алғанда ол жеке адамның еркіндігінің кеңеюімен қатар жүреді және сайып келгенде коммунистік қоғамдағы адамзаттың әлеуметтік шектеулерден босатылуына әкеледі. Коммунизм болашақ қоғам ретінде нағыз еркіндік саласы болып табылады, өйткені онда жеке меншік, қанау және мәжбүрлеу болмайды. Марксизм еркіндікті «саналы қажеттілік» деп анықтайды. Яғни еркіндік - өз білімдері негізінде объективті заңдылықтарды игерген адамдар.

ХІХ-ХХ ғасырларда. еркіндік туралы жаңа түсінікке өмір философиясы мен экзистенциалдық философия елеулі үлес қосты, олар үшін еркіндік мәселесі де алдыңғы қатардағы сұрақ ретінде қарастырды.

Өмір философиясының негізін қалаушы – Ф.Ницше. Ол еркіндікті шектеусіз жеке ерік бостандығы деп түсінеді. Ницше үшін билікке деген ерік өз еркі болып табылады, өйткені ол еш нәрсеге тоқтамайды және ешкімге жауап бермейді. Ницшемен бірге еркіндік пен мәдениеттің қарама-қайшылығы басталғаны анық. Ф.Ницшенің бостандық мәселесіне деген философиялық көзқарастары постклассикалық философияның мысалы болып табылады. Оның бұл мәселеге көзқарасы классиктердің, атап айтқанда И.Канттың көзқарасына қарама-қайшы келеді. Ф.Ницше парасатты болмысты және ақыл-ойдың адам әрекетіне басым әсерін жоққа шығарды. Себеп болмаған жерде ішкі көзқарас, ізгілік, әділеттілік пен шындық болмайды. Адамгершілік адамның тіршілігін ауырлатады, оны әлсіз етеді және еркіндігін тұсаулайды. Нағыз еркін адам - ​​бұл жеке және жалпы қабылданған ізгіліктерге тәуелді емес адам. «Өмір сүруге деген ерік» және «билікке деген ерік» Ницше шығармаларындағы негізгі ұғымдарға айналады. «Өмірге деген Ерік» ешқандай шектеулерді білмейді, тіпті моральдық шектеулергеде қарсы. Сондықтан, «өкініштен» арылған «күшті тұлға» нағыз еркін адам деп санауға болады. Фридрих Ницше «билікке деген ерік» адамның қозғаушы ішкі күші деп санады. Ол ұсынған тұжырымдама күштілер мен асқақ адамдардың әлсіздер мен әлжуаздарға үстемдігі ретіндегі этиканың қалыптасуына алып келді. Еркіндікті, өзін-өзі анықтау қабілетін және адамның өзін берілген нәрсе ретінде жеңе алу қабілетін терең зерттеу Ницше философиясында «тұлғаны өзін-өзі құрметтеу» деп аталды.

Еркіндік мәселесін экзистенциализмнің назарында қарасақ, оның өкілдері С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Дж.П. Сартр, А.Камю шығармашылығына бойлаймыз.

Кьеркегордың пікірінше, еркіндік адам өмірінің алғашқы сипаттамасы болып табылатын терең қорқыныш пен үрейден туады. Бұл адамның таңдау еркіндігінің адам бостандығының шынайы көрінісі ретінде көрінуіне мүмкіндік беретін нәрсе. Бірақ адамның бостандығы моральдық жағынан да көрінуі керек, яғни. адам бойындағы ең жоғары және жақсы нәрселердің қайнар көзі болып табылатын Құдайдың қалауына сәйкес. Кьеркегор қорқыныш, үрей, үмітсіздікті адамның дінге бет бұруы мен діни ахлақтың психологиялық негіздемесі ретінде түсіндіреді. Ол адамның жеке жауапкершілігінің маңыздылығын, оған таңдау жасау қажеттілігін және сол арқылы өзінің бостандығының шекарасын сезінуін, оның ішінде қорқыныш қорқынышынан арылуға баса назар аударады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы философтардың еркіндік ұғымына қатысты пікірлері әр түрлі. Философтар ғана емес, әр адам үшін, тіпті өзі үшін де бостандық құбылысын анықтау қиынға соғуы мүмкін. Экзистенциализм контекстінде қорқыныш, оқшаулау және бас тарту, адамның қарсылас әлеммен жалғыздығы, оны тыныштықтан айырады, бостандық мәселесін әр түрлі жолдармен шешеді. Хайдеггер үшін бұл өлім еркіндігі. Ол өзінің философиясының тезисін қайрап, былай дейді: «Дүниеде болу мүмкіндігі өлімнен гөрі жоғары ма?». Басқаша айтқанда, адамға өлу бостандығынан басқа бостандық қалмайды. Бұл өлу еркіндігі өзін-өзі өлтіруді білдірмейді, ол «барлық қоғамдық қатынастардың әлсіздігін растайды». Ясперстің экзистенциализмі бойынша, адам өзін таңдауда әлемнің бар болуын жеңіп, Барлығын қамтитын трансценденттілікке қол жеткізе алады.

Жан-Пол Сартр «Экзистенциализм – это гуманизм» еңбегінде еркіндікті адамдық ұлы феномен ретінде қарастырады. Тұлға ойшыл пікірінше жағдай таңдауына жауап береді: «Еркіндік үшін күресу адамдар- дың өзгермейтін тағдыры. «Адам дегеніміз – еркіндік» – деп жалғастырады [33, 202 б.]. Жан-Пол Сартр еркіндік жоғарыдан берілген нәрсе емес деп санайды және өмірді жеңілдететін нәрсе емес, керісінше аяғымызға тас байлаумен бірдей екендігін көрсетеді. Ойшыл еркіндік – адамның ең маңызды сипаттамасы, әрі болмыстың сөзсіз принципі деп санайды. Сартр бойынша, еркіндіктің көрінісі шешімдер қабылдау. Қорқыныш – еркіндіктің көрінісі, оның ажырамас серігі. Адамдар осылай шешім қабылдаудан емес, өз таңдауының дұрыстығынан немесе қателігінен қорқады. Барлығы «бостандықты алдауды», өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қоғамға, басқа адамға немесе Құдайға ауыстыруға тырысады. Бірақ Сартрдың тұжырымдамасында Құдайға орын жоқ. Адам толығымен жалғыз. Еркіндік- бұл адамның әлемдегі жалғыз тіршілігіне ауыртпалық түсіретін жүк.

Н.Аббаньяно философиялық мәселелер арасынан еркіндік мәселесін түсіндіруді жөн көреді. Бұл дегеніміз, еркіндік әрдайым толассыз мәселе болып табылады, ол әрқашан ашық, өйткені ол адамның болмысқа қатынасында жатыр. Н.Аббаняноның пайымдау логикасы экзистенциализм философиясы үшін дәстүрлі емес еркіндік пен жауапкершіліктің арақатынасын қарастырады. Еркіндік адамның белгілі бір міндеттемелерді, басқаша айтқанда, жауапкершілікті өз мойнына алуы нәтижесінде жүзеге асады. Демек, адамның өз еркімен алған жауапкершілігі өзіне тән бостандықты көрсетеді деп айтуға рұқсат етіледі.

Қарастырылып отырған философиялық категорияға қатысты барлық философтардың оған оң көзқараспен қарамағанын атап өткен жөн. Бұған мысал ретінде Эрих Фроммның осы тұжырымдаманы талдауы болып табылады, ол өзінің әйгілі «Бостандықтан қашу» атты еңбегінде атап өтті. Автордың пікірінше, негізгі қайшылық қандай? Неге қазіргі заманғы адам индивидуалистік қоғамның бұғауынан босатылды, оны сонымен бірге оны шектеп, қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етті, неге ішкі бостандыққа, жеке әлеуетін іске асыруға ие болмады, яғни олардың интеллектуалды, эмоционалды және сенсорлық қабілеттерін жүзеге асыру. Еркіндік адамға тәуелсіздік алып келді және оның өмір сүруіне мән берді, бірақ сонымен бірге оны оқшаулады, бойында дәрменсіздік пен уайым сезімін оятты. Мұндай оқшауланудың логикалық салдары болып табылатын жалғыздық адам төзгісіз, ал адам алдында таңдау керек: не бостандықтың ауыртпалығынан қашып, жаңа тәуелділіктің, жаңа бағынудың көлеңкесінде баспана іздеу немесе солардың бәрімен кездесу ішкі жағымды еркіндікті жүзеге асыруға әкелетін жаңа жағдайлар. А.Камю философиясында абсолютті бостандық жауапкершіліктің ауыртпалығын ауыр етеді, сондықтан оны көтеру үшін «Сизифтің ерлігі» қажет. Аңыз бойынша, Сизифті құдайлар жазалайды, таңдаудан және сәйкесінше еркіндіктен айырады. Заманауи интерпретацияда Сизифтің жұмысы ақыретке дейін мағынасыз.

Еркіндік мәселесінің дамуына үлкен үлес қосқан Ф.М.Достоевский мен Н.А.Бердяев секілді ойшылдары бар орыс философиясы.

Достоевский адамды қоршаған ортаға тікелей тәуелділіктен арылтады және адамның әрқашан өзінің таңдауы, өзінің мақсатын таңдауы болатындығын көрсетеді. Достоевскийдің айтуы бойынша таңдау - бұл адамның белгілі бір сәттегі өзін-өзі анықтауы ғана емес, ол адамның болмысы мен болмысын арылтатын критерий. Таңдау жоқ жерде тұлға болмайды. Оның үстіне таңдау дегеніміз – еркіндікті басқа мәдени нысандармен үйлестіру арқылы еркіндікке жетудің тетігі.

Достоевскийден кейін орыс философиясында бостандық мәселесін Н.А.Бердяев дамытты. . Ойшыл еркіндіктің үш түрін көрсетеді: біріншісі иррационалды еркіндік, екіншісі рационалды еркіндік және үшіншісі құдайға махаббатқа арналған еркіндік. Біріншісі – адам еркіндігі. Адам еркіндігі әлем еркіндігімен байланысты және тек әлемдік азатталумен жүзеге асады. Тек ерікті ғана еркіндікті таниды. Еркіндікті ақиқат анықтамайды, жауапкершілік ретіндегі еркіндік ақиқат көкжиегін ашады. Өлімсіздікке сену адам өмірін жеңілдететін жауапкершілікке деген сенім, бірақ сонымен қатар, ол – қорқыныш болып саналады. Еркіндік теңсіздікке құқық дейді ойшыл. Адамдардың иррационалды еркіндігі ешбір затқа негізделмеген. Н.А. Бердяев адамның иррационалды еркіндігін өзінің ғылыми көркемдік, мәдени шы- ғармашылығымен бөлінбейтін байланыстағы және бірліктегі категория ретінде қарастырды. Бердяев бойынша, еркіндік адам экзистенциясының ұлы құпиясы жасырылған феномен, еркіндіксіз шығармашылық тоқтайды. Бұл еңбегінде ойшыл, христиандық онтологияның негізін қалап, сол кездегі батыс еуропалық философияны болмысты жоғалтқаны үшін сынайды. Оның ойынша, ақиқат танымға тек ақиқат болмыста ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан ең алдымен болмыстың өзін түзету қажет. Философиялық күйзелістен шығу үшін ол философияны дінге жақындату керек дейді, өйткені оның ойынша дін философияның өмірлік негізі болып табылады. Еркіндік - болмыстың негізсіз негізі, демек, ол кез-келген болмысқа қарағанда тереңірек, ештеңеден тамыр алмайды. Ол еркіндікті негізсіз деп атайды, өйткені оның ғарыштық та, табиғи да негіздері жоқ. Бердяевтың пікірінше, теріс еркіндік - бұл озбырлық, бұл құлдырау, күнә, ыдырау, барлық түрдегі энтропия. Бердяевтің шығармашылығы еркіндіктің басты көрінісі. Міне, осылайша жұмбақ еркіндік шығармашылықтың онтологиялық мәдени кеңістігіне айналады. Шығармашылықта адам Құдаймен теңеседі, сондықтан табиғи әлемнің заңдарына үстемдік ете отырып, табиғи қажеттіліктен босатылады.

Қорыта келе, батыстық философиялық тұжырымдамаларда еркіндік ең алдымен өзін-өзі анықтау, ерік еркіндігі, таңдау еркіндігі ретінде түсініледі. Ол сондай-ақ ақыл-ойдың табиғи және әлеуметтік-тарихи заңдылықтарды тану қабілетімен байланысты және адам мен қоғамның білім деңгейімен анықталады. Сонымен, еркіндікті түсінуде философия объективтіліктен субъективтілікке ығысады. Нәтижесінде адам табиғи қажеттіліктен босатылды. Философия тарихында еркіндік ұғымының мазмұнын тереңдету, бостандықтың мәдени форма ретінде қалыптасуы, үздіксіз дамуы болғанын атап өту керек.



2. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ЕРКІНДІК МӘСЕЛЕСІ
2.1. Еркіндік идеясының қазақтың ауыз әдебиетінде және ақын-жыраулар шығармашылығындағы бейнеленуі
Қазақ философиясында болмыстың іргетасы еркіндік деп қарастырады. Адам мен ғаламның қатынасы негізінде еркіндік мәселесі «Ғалам-Жер-Адам» тұтастықты қатынасы, табиғаттан ажырамас төл туынды ретінде адам деп саналады. Қазақтың – деп жазады Х. Досмұхамедов, - жеке өмірінің барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық әдебиетінде жырланады» [3. 15 б]. Сол себепті еркіндік мәселесін Ұлы Дала даналығында ауыз әдебиетінен және ақын-жыраулар шығармашылығында көре аламыз. Дүниетаным шексіз, шекарасы жоқ рухани тылсым әлем. Адам бар жерде дүниені тану, қабылдау, сезіну бар. Ал, ұлт бар жерде дүниені тану мен қатар игеру, демек дүниетанымдық құндылықтардың өмір сүрері һақ. Осы мазмұнда ой қозғасақ, қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарауда, оның ұлттық рух пен үндескен тарихи-әлеуметтік кеңістігін, өздерінің рухани кітапханаларында сақтап қалған. Және де, жырауларымыздың даналық сандығына үңілген сайын, сол дәуірде жеке адам, халық, жер тағдыры үшін қоғам шындығын зерделеген зиялы адам бейнесі де көз алдымызға оралады. Жыраулар дүниетанымындағы ерекшелік, адам еркіндігін ең жоғары құндылық деңгейінде қарастыруы. Ақын-жыраулардың шығармашылығына тән ортақ белгі – еркіндік, ел тұтастығы мен ұлт бірлігі мәселелерінің дәріптелуі. Қазақтың ақындық шығармашылығы өзінің тарихи қалыптасуы мен дамуында үш кезеңнен өтті деп санайды отандық философ Сегізбаев О.А.: шартты түрде жырау кезеңі деп атауға болатын кезең (XV ғасыр – XVIII ғасырдың бірінші жартысы), ақындық шығармашылық кезеңі (XVIII ғасырдың екінші жартысы – XIX ғасырдың бірінші жартысы) және ақын-өлеңшілердің өзіндік жарысы – айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басы)(2, 109 б Сегізбаев О.А.) . Ең алғашқы жыраулар буынының өкілдері – Қазтуған, Асан Қайғы (XV ғасыр), Шалкиіз жырау (1465-1560 жылдар), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), XVIII ғасырда Ақтамберді жырау (1675-1768 жылдар), Тәттіқара ақын (XVIII ғ.), Бұқар жырау (1668-1781 жылдар), Шал ақын (1748-1819 жылдар) және тағы басқалары халықтың арасында аса танымал және ықпалды болды. Жырау шығармашылығының негізі толғау немесе философиялық-дидактикалық пайымдаулар түрінде болды. Билеушілерге халықты басқару туралы бұл толғауларда ақыл-кеңестер баяндалып, ал халыққа өзін әртүрлі жағдайларда қалай ұстау керектігі жайында өсиет айтылды, табиғат дүниесі мен қоғам өміріндегі өзгерістерді түсіндіру талпыныстары да жасалды.

Әр кезеңде де ел басына үйірілген бұлт, сол дәуір тұлғаларын айналып өткен емес. Алтын Орданың шаңырағы ортасына түсіп, Ұлы Даланы көктей көшкен көшпелілердің басынан бақыт құсы ұшқан кезде, сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан əйгілі тұлғаларымыздың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау болған. Қазтуған жырау туралы деректер өте жұтаң болғанымен, XV ғасырда өмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырауы екені бізге мәлім. Жау жағадан алып, қысылтаяң кез туған шақта қарға бойлы Қазтуған елін аман сақтап қалу мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. Оның басты себебі-талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып, ел бірлігінің қожырай бастауынан болса керек. Жырау шығармашылығының шоқтығы биік «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты туған жермен қоштасу жыры саналады [4; 12, 13]:

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ағала ордам қонған жұрт,

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт,

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қоңымды жуған жұрт,

Қарағайдан садақ будырып

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт!

Осы қоштасу жыры оның XV ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткенінен сыр шертеді. Халық қамын ойлап, ел мұңын жоқтаған Қазтуғандай жорық жыршысы, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте алды, елінің болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді.

Алаштың бір туар перзенті С.Сейфуллин өзінің 1931 жылғы жинағында «Ноғайлар бытырағанда Қазтуған батырдың айтқаны» деген атпен «Арайна, билер, Арайна» деп басталатын жиырма шақты жолдай өлеңін жариялаған:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет