Диплом жұмысы Жұмыстың тақырыбы



бет21/22
Дата26.02.2023
өлшемі485 Kb.
#69979
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
dip -kone-turki-tilindegi-esim-sozder

Өздік есімдігі деп аталып жүрген топқа жататын бір ғана өз сөзі екені белгілі. Дипломшілердің қайсысы да өз сөзі о баста «сущность, самость», яғни, «бүтін, түгел бәрі, негізі» дейтін мән берген дейтін пікірге ойысады. Сонда өз сөзінің тәуелдіктің III жағында айтылуы кейін пайда болған құбылыс деп танылуға тиіс. Көне түркілік ескерткіштердің кейбірінде бұл сөздің айтылып отырған мәнде және тәуелдік жалғауынсыз қолданылуы ұшырасады. Өз ынча кергек болмыш (ҚБ). «Өмір де өзінше аяқталды». Қазақ тіліндегі өз-өзінен (сөйледі), өзі-өз болғалы, өзді-өзі, өз бетімен (бетінше), өз басы тәрізді тіркестер құрамынан да өз сөзінің алғашқы мәнін де, тұлғалық ерекшелігін де (өзі-өз болғалы, өз-өзінен) байқауға болады. Өзі-өз болғалы, өз-өзімен тіркестері құрамындағы қосымшасыз өз сөзі есімдіктен гөрі зат есім мағынасына жуық. Бұл фактілер түркологияда кең таралған пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі. Өз сөзі даму барысында тәуелдіктің III жағында есімдік есебінде қалыптасумен бірге, басқа да сөздерге негіз болған. Қазіргі тіліміздегі өзек (өз-ек), өзге (өз-ге), өзгеше // өз-ге-ше/, өзінше (өз-ін-ше) сөздері осы түбірден тараған.


ҚОРЫТЫНДЫ


Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық топтары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқанда дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, зат есімдер мен сын есімдер жайында әңгімелегенде солармен орайлас қолданылатын сан есімдер мен есімдіктерге де соқпай кетуге болмайды. Бұлардың қазіргі тіліміздегі қызметі мен қолданыс жағынан ыңғайластығы олардың тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен ұштасып жатады.
Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық, сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолданылу зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад. И.И. Мешанинов бұл туралы: «Зат есім өзінің сөйлемде заттык мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты» – дейді. Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы үндіеуропа тілдерінің материалдары негізінде акад. В.М. Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіеуропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді», – дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын Дипломшілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен, есім сөз таптарының грамматикалық топ ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады.
Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И. Мешаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше болып жүмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық топ болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз.
Көрнекті ғалым М. Томанов «Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болса, бірде етістік негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалылық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық топ деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілік үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел» деген өзінің тұжырымын айтады.
Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жататыны тіл білімінде әр кез айтылып келеді. Егер сандық үғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды.
Сонымен, есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи түрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады.
Тіл құрамында динамикалық дамудың нәтижесінде қалыптасқан элементтермен қатар, көне дәуірдің куәсы боларлықтай фактілер де кездеседі. Сондықтан тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып Диплом арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді Диплом арқылы да ашылады. Қазіргі казақ тілінің осы күнгі морфологиялық кұрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар колдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет