Диплом жұмысы Жұмыстың тақырыбы


Көне түркі тіліндегі сан есім



бет14/22
Дата26.02.2023
өлшемі485 Kb.
#69979
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
dip -kone-turki-tilindegi-esim-sozder

2.3 Көне түркі тіліндегі сан есім

Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сөздер бірнеше түрлі және олар құрамы жағынан да әр түрлі. Сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір-бірінен алшақ, бір-біріне сай түспей жататын да осы сан есімдер. Г.И. Рамстедт алтай тілдеріне ортақ сан есім деп тек қана төрт сөзін көрсетеді [18, 64-65 бб.]. Алтай тілдерінде сөз таптырының басқа түрлері негізгі грамматикалық категориялар ыңғайында бір-бірімен байланысып жататындығы мәлім. Сан есімдер ыңғайындағы бұл екрешелік, олай болса, халықтардың тарихи даму барысында әр түрлі саяси-мәдени, экономикалық жағдайлардың негізінде ғана пайда болуы мүмкін. Кейбір халықтар тілінде, сан, санақ, мөлшерді білдіретін сөздердің жат тілдік элементтер негізінде қалыптасу фактілері де соны дәлелдейді. Бұндай фактілер түркі тілдерінде бірсыпырасы этимологиясы анық емес сөздердің о баста пайда болуы сондай жат тілдік әсердің нәтиежесі емес пе екен дейтін ойға итермелейді. Миллион, триллион тәрізді сөздер кейінгі дәуірлерде батыс тілдерінен келгені анық. Көне түркі тілдерінде мұндай сөздер де, бұндай ұғым да болған емес. Ал түмен «он мың» мәнін берген сөзі түркі тілінде қолданыс тапқанмен, қазір қолданудан шығуға айналған сан есім. Дипломшілердің бірсыпырасы бұл о баста монғол сөзі болса керек дейтін жорамал да айтады.


Тіліміздегі сан есімдерді басқа тілдер (туысқан тілдер) материалдарымен салыстырғанда, сондай-ақ, ескі түркі фактілерімен салыстырғанда, олардың бәріне ортақ кейбір жайлар анықталады. Сан есімдердің көпшілігі (түбірлер) өздерінің қалыптасу негізі жағынан басқа сөз таптарымен (есімдер, етістіктер) тығыз байланысты болып келеді. Бір кезде зат және қимыл-әрекетті білдірген сөздердің кейбірі адам баласының айналадағы дүние жайлы ұғымдарының дифференсациялануына, адам ойының интеллектуалдық өсуіне байланысты сан, зат пен құбылыстың сандық мөлшерін, шамасын білдіре бастауы әсте жат құбылыс емес [3, 201 б.].
Түркі тілдеріндегі сан есім сөздер о баста ескі үнді, қытай тілдерінен ауысқан дейтін жорамал айқын тілдік Дипломлерге құрылмай, ескі дәуірдегі мәдениет үндестігін немесе сол ежелгі дәуірдегі саяси және әскери байланыстар тарихын ескеруден ғана туса керек. Өйткені көне түркі тілінде сандар жүйесін білдіретін сөздер мен қазіргі сондай сөздерді салыстыра Диплом олардың жат тілдік ортада емес, түркілік топырақта қалыптасқандығын дәлелдейді.
Санау жүйесі және сонымен тығыз байланысты болып келетін есептік сан есімдер тарихи тұрғыдан сан жайлы ұғымды білдіретін басқа сөздердің алғашқы ізі тәрізді. Олай болатыны – қазіргі күрделі сандық ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы да осы сөздердің негізінде ғана пайда болғандар. Орхон және Енисей бойынан табылған тас жазуларда, сондай-ақ одан кейінгі ғасырларға қатысты ұйғыр, араб жазуының ескерткіштерінде көп қолданыс тапқан сан есімдердің қысқа тізімі мынадай: бір, ики (екі), уч (үш), төрт, дөрт (төрт), бичи, бечи (бес), алты, йити, йети (жеті), секиз (сегіз), тоқуз, он, йигирми, йегирми, отуз, қырқ, мин, бин (мың), түмен (он мың), алтмыш (алпыс), елиг (елу), йетміш (жетпіс), және т.б.
Сан есімдердің негізгі тобы – бірден онға дейінгі сандарды білдіретін сөздер.
Қазіргі түркі тілдерінде, соның бірі қазақ тілінде, оннан бастап санау тәсілі басталған санға келесі санды білдіретін сөзді тіркестіру арқылы жүреді, ал жүзден мыңға дейінгі аралықта жүздіктің мөлшерін білдіретін бірлік (не жүздік), содан соң жүздік айтылады. Көне мұралар тілінің материалдарын шолып қарағанда, анақтың осы жүйесі ежелгі болмаса керек. Орхон-Енисей жазбаларында оннан кейін жүретін санау жүйесі мүлде басқа. Ол тілде оннан кейін қажетті бірлік, оған тіркес санап бара жатқан ондық айтылады. Сонда, шамамен, 12 – екі жиырма, 35 – бес қырық, 46 – алты елу түрінде айтылған. Санаудың бұл тәсілі қазіргі түркі тілдерінің ішінде тек сары ұйғыр тілінде ғана сақталған. Бірақ ол тілде де тек 11 мен 31 аралығындағы құрама сандарды білдіру тәсілі есебінде қолданылады, 31-ден бастап қазіргі түркі тілдерінің бәрінде қалыптасқан санау жүйесі қолданылады.
Көне түркі тілінде санаудың басқа да бір тәсілі болған. Әуелі ондықты білдіретін сөз, оған тіркесе артуқ сөзі, сонан соң қажетті бірлік айтылған. Мысалы: қырқ артуқ йеті – қырқ артық жеті (47), отуз артуқ төрт (34), отуз артуқ бір (31), т.б. Жүзден жиырмасы артық тәрізді сан-мөлшерлік сөз тіркестері осындай қолданыстың ізі. Санаудың мұндай тәсілі қазақ тілінде діни ұғым, салтқа байланысты табу қызметінде де қолданыс тапты. Жүзден жиырмасы кем аулы (сексен аулы), алтыдан бір артық қайнаға (Жетібай), т.б.
Қазіргі қазақ тілінде реттік санды білдіретін сөздерді жасайтын -ншы аффиксінің прототипі сонау көне жазбаларда ұшырасады. V-VІІ ғасыр жазбаларында көбінше -нч түрінде ұшыраса, кейінгі дәуірлерге қатысты ескерткіштерде оның ұзақ түрі -нчы ұшырасады. Сонымен қатар, VІІІ ғасыр жазбаларында екі сын есімінен реттік сан -нті аффиксімен жасалған (екінті). Көне жазбалар тіліндегі реттік сандардың мынадай болып келеді: екінті (екінші), учунч (үшінші), бешинч (бесінші), алтынч (алтыншы), йетинч (жетінші), секизинч (сегізінші), тоқузунч (тоғызыншы), онунч (оныншы), беш йигрминч (он бесінші), йети йигрминч (он жетінші) және т.б.
Қазіргі қазақ тілінде түркі тілдерінде жинақтық сан есім жасайтын қосымша -ау, -еу. Көне түркі тілінде осы қызметте -ағу, -егу, кейде -гу қосымшасы қолданылған. Егер осы фактілерді еске алсақ, қазіргі тілдердегі –ау, еу қомысшасының қалыптасуын мына жолмен түсіндіруге болады: -ау//-еу, -ағу//-егу, екінші сөзбен, -ғ, -г дыбыстарының түсіп қалуы. Көне жазбалар тіліндегі тәуелдіктің ІІІ жағы еріндік дыбыстармен де -у, -ү берілетінін және жинақтық сан есімдер қолданылуының сол ерекшелігін еске алсақ, Ф.Т. Исхаковтың ізімен алтау жинақтық сан есімінің арғы сипаты алтағ, сол сияқты үчег, төртег, т.б. деуге негіз бар.
Қазіргі қазақ тіліндегі болжал санды білдіретін бірер сөзі көне жазбалар тілінде топтау мәнді сан есімін жасаған. Топтау сан есімдерінің жасалуының басқа тәсілдерінің қалыптасуы хронологиялық жағынан жаңа құбылыс. Бұған дәлел – топтау сандарды білдіретін сөздердің есімдердің өзгеруіне ұқсас болып келуі: үш-үш-тен, төрт-тен, т.б. Х-ХІІІ ғасыр жазбалары тілінде арагідік осындай сан есім жасайтын -дейін қосымшасы кездеседі. Алайда нақ осы қосымшамен қазақ тіліндегі -дан (ден, -тан, -тен) қосымшасын салыстыра қарауға келе бермейді. Сонымен бірге, қазіргі қазақ тілінде топтау сан есімдері етістік моделімен де жасала береді: бес-бестен, төрт-төрттен, екеулеп, т.б. Мұндай екі түрлі аффиксті байқауға болады: -ла (есімнен етістік жасайтын), -п (модификациялық аффикс).
Болжалдық сандардың ең көне түрі -екі-үші, -бес-алты тәрізді қос сөз тұлғаластары болса керек. Болжалдық сандардың басқа түрлері тіл қолдану барысында басқа сөздермен тіркесіп, тұрақталу арқылы ғана қалыптасуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет