Диплом жұмысы Жұмыстың тақырыбы



бет18/22
Дата26.02.2023
өлшемі485 Kb.
#69979
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
dip -kone-turki-tilindegi-esim-sozder

Бұл есімдігімен түбірлес сөздер — мына, мынау. «Құдатқу білікте» бу есімдігінің муну түрі де кездеседі. Қазіргі түркі тілдерінде осы есімдіктердің дыбысталуы мынадай: башқұрт — бынау, қарақалпақ — мынау, т.б. Түркі тілдерінің біразында мұндай есімдік жоқ, оның мәнінде басқа сөздер қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде мұнау, мұнда, мұндай, бүндай тәрізді есімдік немесе есімдік негізді басқа сөздер де бар. Сонда мына, мынау, мүнау есімдіктерін осылардан туынды мынадай, мұндай, бүндай, мұнда, бүнда сөздерімен салыстырып қарасақ, бұлардың барлығына ортақ түбір — мын, мұн, бүн. Алайда дыбыстық ерекшеліктеріне қарай бұлардың әрқайсысы дербес түбір емес, бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары. Бұл жерде түркі тілдеріне ортақ, сол сияқты қазіргі қазақ тілі құрамында да ұшырасатын мынадай дыбыс сәйкестіктері бар: м-б, ы,ұ. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, бір ғана тілдің құрамында кездессе, сол тілдің о бастағы этникалық құрамының куәсы есепті деп қарау орынды. Бір-біріне ұқсас тілдерде сөйлеген тайпалардың қайсысында да өзіндік дыбыстық ерекшеліктер болған, жаңағыдай фонетикалық варианттар соның ізі. Әйткенмен мын, мұн, бұн түбірлерінің құрамындағы түбірдің элементі емес, бұл есімдігінің құрамындағы -л-дің варианты. Егер солай деп қарасақ, түбірдің өзгеру жолын былай көрсетуге болар еді: бу/бұ/му/ мұ/мы. Біздің байқауымызша, мына, мынау есімдіктері және мұн-дай, бұндай есімдік туынды сын есімдер бұл есімдігі қалыптасқаннан кейін барып пайда болған. Сондай екендігіне көрсетіліп отырған сөздердің барлығына ортақ түбір — мын (мұн) екендігі де дәлелдейді. Бұл есімдігінің септелетін негізі бұн (бұның, бұнан, бұнда, бұнымен) екендігін және осы түбірдің өзі атаудан басқа септік жалғауларында м дыбысынан басталып та айтыла беретінін еске алу керек. Мына, мынау есімдіктерінің арғы, алғашқы түбірі мын деп қарасақ, соңғы -а, -ау қосымшаларының арғы төркінін тап басып, дәл айту қиын. Бұл жайында әзірге Дипломшілердің әрқайсысы әр түрлі пікірде: элементін Рамстедт, мысалы, ол сілтеу есімдігінің айтылу практикасында танымастай болып өзгерген варианты деп қарайды 18, 36 б.. Егер осы пікірді мақұлдасақ, мына сөзі мын (бұл) негізі мен ол сөзінің бірігуінен пайда болды деп қарау керек болады. Бірсыпыра Дипломшілер мұны барыс септік қосымшасы деп есептейді. Алайда осы сөзде бағытты білдіру мәнінен гөрі сілтеу, нұсқау мәні басым жатыр. А. Ибатов басқа түркі тілдерінің материалдарына және Рамстедт келтіретін алтай тілдері фактілеріне сүйене отырып, -е, -а ескі қолданыстан қалған сілтеу есімдігі болу керек дейтін жорамал айтады. Бұл пікір бойынша, мына, міне, міні сөздері екі түрлі сілтеу есімдігінен қалыптасқан болып шығады. Егер түркі тілдерінде де бір кезде сондай сілтеу есімдігі болған болса, бір мағынадағы екі сөздің бірігуі нендей құбылысқа байланысты болды екен дейтін ой туады. Мынау сөзінің құрамындағы элементі жөнінде біршама сенімді болжамды В.М. Насилов айтады. Ол ұйғыр, т. б. түркі тілдерінің фактілері -у, -ву сілтеу есімдігінің қысқарған варианты екендігін дәлелдейді. Ал ву есімдігі ұйғыр тілінде манаву есімдігінің құрамында сақталса керек.
Ол жіктеу, сілтеу есімдігімен түбірлес ана, анау сөздерінің құрамындағы -а, -у элементтері жайлы да осы айтылғандарды қайталау керек. Қосымша айта кететін жай: ескі жазбалар тілінде, сирек те болса ан есімдігі кездеседі. Осы ан мен анау, ана есімдіктері төркіндес. Ал ан о баста шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты: о/а. Соңғы –н-ді ол құрамындағы -л-дің өзгерісі деп қарау керек пе, әйтпесе өз алдына дербес тұлға деп есептеу керек пе — ол жағы айқын емес. Алайда ескерткіштер тілінде ұшырасатын ан (атау тұлға) есімдігінің құрамындағы ол құрамындағы -л-дің фонетикалық варианты болмаса керек. Қайта ан құрамындағы -н-мен, сен жіктеуліктерінің құрамындағы -н-мен тектес болуы мүмкін. Алтай тілдерін Дипломшілер кейбір тілдерде қолданылатын ын, ін есімдіктері де осы ұялас сөздер деп есептейді. Сонда ол сілтеу есімдігінің алғашқы түбірінің мынадай фонетикалық варианттары болған деп қарауға болады: а//о//ы//і. ы, і дыбыстарынан басталатын варианттардың ізі ескі жазбалар тілінде ұшырасады: інче (інча) (солай, сондай, ҚБ), ынчып (ын-чып, сондай, солай, ТЖ.), ынару (ы-нару, немесе ын-ару, оған, соған, -ғару барыс септік, ТЖ.). Бұлардың сол тілдегі қолданысын еске алсақ, ол есімдігімен ұялас екеніне күмән тумайды, а дыбысымен келетін варианттың да ескі жазбалар тілінде ізі бар: анча (ан-ча, КБ), анчада (ан-ча-да — сонда, сол кезде), анчақынча (ан-чақ-ын-ча — сол шақта, сол кезде. ТЖ.), аңтағ (ан-тағ — андай, сондай. КБ). Бұл сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі анша (анша — мұнша), ан-дай (ғ — й) сөздерімен тұлғалас екені ешбір дау туғызбайды. Сөйтіп бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі ана, анау сөздері құрамындағы а мен ол дегендегі о бір түбірдің екі варианты болып шығады.
Осы ан түбірі әне, әнекей сөздерінің құрамында да ұшырасады, ән түбірі осы тұлғасында жалпы алтайлық ін (ын) есімдігімен тікелей байланысты, і>ә ауысуы тарихи тұрғыдан жеке фактілер ыңғайында ұшырасып отыратын құбылыс. Ән түбірі осы көрсетілген екі сөз құрамында ғана ұшырасуы да оның ескі қалдық екенін көрсетеді.
Сол сілтеу есімдігі нақ осы тұлғасында қазіргі қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілінде кездеседі. Басқа тілдерде бұл есімдіктің фонетикалық сипаты мынадай: башқұр, татар тілдерінде — шул, қырғыз тілінде — ошол, ошо, құмық тілінде—шол, со, түрік түрікмен тілдерінде — шу, якут тілінде сити. Осы фактілерді салыстыра келгенде с дыбысымен айтылу қыпшақ тобына тән екендігін байқауға болады. «Кодекс куманикусте» сол, шол тұлғасының екеуі де ұшырасады. Бір-бірінен мағыналық айырмашылығы жоқ, тек дыбыстық қана ерекшеліктері бар бұл сөздердің жалпысына ортақ түбір мен жасалу, қалыптасу жолын айқындауда қырғыз тіліндегі ошол тұлғасы басты тірек болса керек. Нақ осыған ұқсас тұлға «Құдатку білікте» кездеседі: ошул. Қырғыз тілінде және «Құдатқу білікте» ұшырасатын осы тұлғаны құранды деп қарауға әбден негіз бар: ош-ол (ул). Бұлай деуге қазақ тіліндегі осы сілтеу есімдігінің алдыңғы элементі ос (ош) және қазіргі өзбек тіліндегі ушбу есімдігінің алдыңғы морфемасы уш дәлел. Осыларды салғастыра келгенде, бір кезде тіл құрамында есімдіктерге қабаттаса айтылатын ош (немесе уш) күшейтпелі сөзі болған деп шамалауға әбден болар еді. Күшейтпелі ош (уш) сөзі сілтеу есімдіктерімен қабаттаса алдынан айтылған да, келе-келе әр түрлі фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан қазақ тілінде сол, басқа тілдерде шул, т. б. тұлғада қалыптасқан болса керек. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде сөздің алғашқы күйін сақтап қалған тіл деп тек қана қырғыз тілін атауға болады. Қазақ тілінде сол түрінде қалыптасуын ош-ол//ос-ол-шо-л//со-л/ш-с арқылы, яғни, алдыңғы дауыстының редукциялануы деп қана түсіндіруге болады. Соңғы дыбысы факультативті элемент. Түркі тілдерінің бірсыпырасында бұл (-л-сіз айтылу) әбден орныққан құбылыс.
Қазіргі қазақ тіліндегі сона, сонау (сонда үстеуі де) есімдіктерінің жасалуы да нақ осы тәсіл арқылы жүрген. Тек бұл жерде ош және ан (ол есімдігінің варианты) элементтерінің бірігіп қалыптасуын көру дұрыс. Әйтпесе, сона, сонау сөздерінің құрамында л емес, н дыбысының айтылуын дыбыстық үндесу заңдылығымен түсіндіру мүмкін емес.
Осы, осынау есімдіктері де ош және о есімдігінің тіркесінен қалыптасқан. Қырғыз тілінде бұл есімдік ушул, ушу түрінде айтылса, башқұрт тілінде ошо түрінде айтылады. Тағы да бұл ретте қырғыз тіліндегі ушул тұлғасын ең ескісі деп негізге алуға болады. Қырғыз тіліндегі тұлға уш+ул — құрама бөліктеріне ажырайтыны анық. Радлов қазақ тіліндегі осы сөзін ош+бу деп этимологиялаған. Біздің байқауымызша, Радлов сол дәуірдегі кітаби тіл құрамында көп қолданыс тапқан үшбу сөзімен байланыстырған тәрізді. Анығында, қырғыз тіліндегі ошу сөзіне берілген этимология қазақ тіліндегі осы сөзіне де келер еді. Қырғыз тіліндегі ошу сөзін былай талдайды: ош-у. Егер қазақ тіліндегі осы сөзін, Радлов айтқандай, ош-бу деп қарағанда, ортаңғы — б -дыбысының түсіп қалуын ешбір заңдылыққа сыйғызуға болмас еді. Ош сөзі мен о сілтеу есімдігінің тіркесінен құралғандығын қырғыз тіліндегі ушул сөзі де дәлелдейді. Сөз соңындағы (есімдіктер құрамында) -л-дің факультативті элемент екені қашанда белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былай деп қарауға дәлел бар: ош-ол//ос-ол//ш//ос-о >ос-ы. Сөз соңында еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне әсте жат құбылыс емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет