Дипломжұмысының дереккөздері ретінде Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң», Қ.Жұмаділовтың «Дарабөз», М.Мағауиннің «Аласапыран», басқа да шығармалардан алынған тілдік материалдар талданды.
Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Жұмыстың ғылыми әдіснамалық негізгі ретінде жалпы тіл білімі, орыс және қазақ тіл біліміндегі синонимдерге қатысты теориялық қағидалар мен лексикология, көркем әдебиет тілі бойынша жазылған зерттеу жұмыстарындағы ғылыми тұжырымдар басшылыққа алынды.
Диплом жұмыстың жаңалығы. Қазақ тіл білімінде лексикалық синонимдердің тіл жүйесіндегі орны, олардың семантикалық және стильдік ерекшеліктерінің теориялық тұрғыдан зерттелуі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осының негізінде қол жеткізген жаңалықтар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
-лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдердің стильдік ерекшеліктері ашылды.
-лексикалық синонимдердің тепе-теңдігі ұғым түсініктерінің бірдейлігіне қатысты екендігі көрсетілді.