Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет15/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
stud.kz-38836

Өзбек айтысы. Өзбектерде кездесетін айтысқа ұқсас, бірақ сатиралық жанрға сүйенген бір өнер түрін «аския» деп атайды. Ғалым Р.Мухаммадиев аскияның қазақ пен қырғыздың айтысына ұқсас қырлары бар екенін атап өтеді [23, 126-б.].
Аския қазақ халық әдебиетіндегі сияқты шешендік пен әзіл-қалжыңға негізделген ұлттық жанр түрі. Бірақ аскияның айтыстан айырмашылығы – айтыс домбыраның сүйемелдеуімен орындалса, аския ешбір аспаптың сүйемелдеуінсіз ауызша орындалады. Бұл жанр ер адамдардың шешендігі ретінде танылып, көбінесе шайханаларда ұйымдастырылып отырған.
Р.Мухаммадиев аския материалын алғаш 1930-1932 жылдары Хади Зариф жинағанын, одан кейін 1960-1962 жылдары «Муштум» журналы, 1960 жылы ноябрь айынан бастап республика телевизиясы осы дәстүрлі жанрдың қайта халықпен қауышып жандануына мұрындық болғанын атап өтеді [23, 129-б.]. 1955-1962 жылдары Узбек давлет филармониясы әртістері концерт үзілістерінде аскияны орындап, елді шаттандырғанын, ал 1961-1965 жылдары ғалымдар Ферғана облысына екі дүркін экспедиция жасап, ел арасындағы аскияшылдарды қолдап, олардың өнерінің дамуына жәрдемдескені – бағалы іс болған. Қысқа метражды «Аския» фильмі де түсіріліп, аскияшылардың пластинка-үндері басылып, елге таралған [23, Б.129-130].
Аския ертеден Өзбекстанда кеңінен тараған, сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменістанда, Ауғанстанда, яғни өзбектердің жиі қоныстанған аудандарында дамыған.
Арнайы қолдаудың, ел болып атқарған үлкен шаралардың нәтижесінде Қенес заманынан бастап ежелгі жанр қайта қанаттанып, жылына екі-үш мәрте Өзбекстанда аския байқауы өткізіліп келген. 2000 жылдан бері Өзбекстанда Қырғызстан, Тәжікстан ақындарының қатысуымен «Халықаралық Аския Ақындар Байқауы» өткізілуде.
Аския суырыпсалмалық жарысу деп те аталады. Аския тақырыбы тәуелсіз түрде таңдалады, сондықтан да аския айтыскері өте білімді және сөз ұстасы болып келеді. Аскияда екі жақтың бір-бірімен қалжыңы, жеңілісі, кекетуі, күлкілі жағдайға түсіруі, кемшіліктерін көзіне басуы көрінеді. Аския кезінде әрі жеке тұлғалар, әрі қоғамдағы кемшіліктер, тәртіп бұзушылықтар сөз етіліп, оларға көрермен өнерпазбен бірге күліседі. Бұл жөнінен аскияның тек қана мәдени демалыс әдісі болып табылатын түр ғана емес, қоғам жағдайына бақылау жүргізетін, оған мән-мағына беретін дәрежеде жоғары дамуды бастан өткерген өміршең жанр екендігін білуге болады. Ертеде атақты Аския айтыскерлері бұл өнердің негізін қуаттандырып, шәкірттер тәрбиелеп қалдырып отырған.
Аския сөзі әдемілігімен, мәнділігімен және қисындылығымен халықтың көңілінен шыққан. Өзбек халық аскиялары үлкен бір тарихқа ие. Тарихи қайнар көздер аскияшылықтың XV ғасырдан бұрын қолданыста болғанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет