Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы


Айтыстың үшіші сатысы «Харбе-Зорба»



бет12/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
stud.kz-38836

Айтыстың үшіші сатысы «Харбе-Зорба». Қазақша мағынасы «рахымсыз соғыс» деген ұғымды білдіреді. Бұл бөлімде ақын өнерін, айтыстағы шеберлігін, ұстазының қадірін, өзі білім берген шәкірттерінен сөз етеді. Харбе-Зорбаны бірінші ақын қандай ұйқаспен бастаса, екінші ақын сол ұйқаспен жалғастыруға міндетті. Бұл бөлімде батырлар (Көроглу, Қорқыт ата сияқты) мадақталуы керек.
Харбе-Зорбада қарсыдағы ақынды таңқалдыру, өзінің биіктігін мойындату үшін дәстүрлі теңеулер мен ұлғайтулар асырып айтып қолданылады.
Сирек кездесетін жағдайларда харбе-зорбаның тақырыбы сатиралық характерде болады. Сондай жағдайларда жиынның ақсақалдары айтысқа араласып, кімнің қақылы болғанын айрықшылап, төрелік етеді. Мәселен әріптестер бір-біріне әдепсіз сөз айтса, ақсақал жөнсіз сөйлеген ақынның жеңілгенін мәлімдейді. Харбе-зорба кезеңінде масқараға ұшыраған ақынсымақтарға «жарым ақын» деген атақ таңылған. Халық әрқашан нағыз өнерпазды сүйіп көтерген және атын мәңгі жасатқызған.
Әр екі жақ бір-бірін ықтырып, сөзбен бастырып, өзін масқара болудан құтқару үшін қарсыласын әу басынан бопсалап, алаңды тастап кетуге мәжбүр етеді. Бірақ ешбірі өткір, қыршаңқы сыни сөзге құлақ түрмейді де, жасқанбайды, өз өнерін жалғастыруға, сайысуға тырысады.
Ақындық айтысының ең қызық және соңғы бөлімі «Гыфылбенд» (Қазақша мағынасы кілт бөлімі) деп аталады. Ақындар бұдан бұрынғы бөлімдерінде қарсыласын төмендете алмаса, осы бөлімде бұл шарт орындалады. Ақындар бір-бірін жұмбақ және сұрақтармен сынайды, білім мен ақындық өнерін пайдалана отырып жеңуге тырысады. Бұл бөлім түрік әдебиетінде ''муамма'', қазақ әдебиетінде ''жұмбақ айтыс'' деп аталады. Айтыстың бұл түрлері үш халыққа да тән.
Ғыфылбендде халықтың сан ғасырлар бойы жинақтаған білім нәрі түйінделеді. Бір шумақ жырға сан алуан мағыналы салқар ұғымдар сыйдырылады. Сонымен бірге тапқырлық, шешендік, философиялық сауал, даналық жауап тоғысып тұрады. Бір сөзбен айтқанда, оны данышпандықтың кеніші деуге болатындай. Гыфылбендтe қойылған сұрақтар табиғат пен өмір-тіршілікпен байланысты мәселелер. Бұларды тек қана терең ойлау қабілеті бар адамдар шеше алады. Жауабы былай: қол-аяқсыз туатын, үш айда қол-аяғы бар болатын, ол - құрбақа. Ал, төбесінде балалары бар зат адамзатқа азық болатын дәнді өсімдіктер, қанатында қалы кілемі бар мақұлық - көбелек.
Кейбір әзербайжан ғалымдары айтыстың бесінші бөлімінің болғанын айтады және бұған «Сазбенд» (Қазақша мағынасы саз бөлімі) деген атау берген. Бұл бөлімде жеңілген ақынның қолынан бағламасы алынып, жиыннан шығарылады. Бұл жиынның қиын, шиеленісіп кеткен, ең бір ширыққан бір бөлімі болып танылады. Кей жағдайларда жеңілген тарап өзінің әлсіздігін сезіп жиыннан өзі шығып кетіп, кейде қарсыласының шеберлігін мойындап, жарасымды бітіріп, жақсы сөздер айтып, жеңілгенін мойындайды. Кейде жеңілген ақынның қолынан бағламасы алынғаннан кейін жұрт алдына шығуына тыйым салынып, ол ақын шебер өнерпаздың қасына шәкірт ретінде жіберіледі.
Кеңес дәуіріндегі айтыстарда тақырып пен мақсат ауысып кеткен. Бұл айтыстарда жоғарыда көрсетілген бөлімдердің бәрі қолданылмайды. Негізінде жұмбақ (гыфылбенд-сұрақ жауап) бөлімі болады. Бұл бөлімде ақындар заманның қоғамдық маңызы үлкен мәселелер туралы бір-біріне сұрақ қойып жауап беретін. Бұларда жеңу мақсаты жоқ, яғни Кеңес системасы ұсынған тар шеңбермен шектеледі [20, 55-б.]
Бұлармен бірге «Гижаби» (жазулы) деп аталатын айтыстар да бар, әдетте олар жұмбақ түрінде болады.
Әзербайжан әдебиетіндегі айтыстың екінші түрі «Мейхана». Бұл түр уақыт өткен сайын елге тез жайылып, заманында күшейіп, дәуірлеген түр. Мейхана 1930-1940-шы жылдарда бүкіл ел көлемінде қатаң тыйым салынып, бір халықтың ұлттық өнері бола тұрып коммунистік қысымға ұшыраған. Ел 1990 жылдарда егемендік алғаннан кейін жаңадан сахнаға шыға бастады.
Мейхана бастауы көне замандарға таянған халық әдебиетінің байырғы бір түрі. Ең маңызды ерекшелігі – іштен келген ой-пікірлерді суырып салып, кейде еркін айтылатын ұзын өлеңдермен, кейде әзіл-сықақ пішінде, бірақ көбінесе диалог-сұхбат пішінінде бір музыкамен сүйемелдеп мейханашы тарапынан айтылады. Мейхана, негізінде, екі кісі арасында болса да кейде үш-төрт және де одан да көп мейханашы арасында алма-кезек айтылады. Бұдан басқа тойларда, салтанаттарда немесе кейбір мағыналы жиналыстарда да мейхана айтысы ұйымдастырылады.
Негізінде, «мeyhana» атауы парсыда «mey» ішімдік, «hâne» сатылатын орын мағынасындағы сөздерден шыққан. Сонда мейхана өнері мейханаларда музыкамен айтылған өлеңдер болып табылады. Басқаша айтсақ, ішімдік ішкеннен кейін шайырдың хош көңілмен суырыпсалма айтқан өлеңдері. Мейхана айту сайысын ұйымдастыруды «мейхана кошмак» ( мейхана қоспақ), мейхана айтатын ақынды «мейханашы», мейхана айтыскерлік кәсібін «мейханашылық» деп айтылады.
Ең бірінші жазба әдебиетте орын алған мейхана мысалдары XIX ғасырдың екінші жартысына келеді.
Мейханада ең кемінде екі мейханашы түрегеліп тұрып қарама-қарсы өлең айтады. Айтысқа шыққан мейханашылардың бірі, қонақтардан, көрермендерден немесе айтысты көруге келген ұстаз бір мейханашының берген бір өлең жолындағы белгілі ұйқаспен өлеңін бастайды. Және де мейханашылар бұл берілген ұйқасқа сәйкес суырыпсалмалық түрінде айтысады. Өлеңдер буын өлшемі немесе аруз өлшеміне сәйкес болып айтылады. Мейханада айтысқандарға неше түрлі музыкалық аспаптармен сүйемелдеу тән. Мысалы: дэф (даңғыра), гармонь және пианино сияқты аспаптар. Бірақ шайырлардың өздері музыкалық аспапта ойнамайды, тек қана саусақтарымен немесе ысқыруларымен саз ырғағына ән әуенін ілестіріп, үйлестіреді.
Екі кісі арасында айтылған мейханалар көбінесе белгілі бір тақырыпта өтеді. Кейде маңызды бір жарыс мақсатымен де өтеді. Мейханашылар тосыннан күшті және әсерлі суырыпсалма өлеңдермен шеберлік көрсетеді. Кейде көрермендердің көңіл күйін көтерумен қатар айтылған мейханаларда негізгі мақсат қарсыласқан мейханашыны жеңу болады.
Мейханашының топқа, қоғамға бағытталған міндеттерінің бірі – олардың көңіл күйін көтерумен бірге ойландыру. Бұл себептен мейханашы өте сақ және шыншыл әрекет етеді. Ол қоғамның сезімдеріне тілмаш болудың жауапкершілігін түсініп, қоғам өмірінің ішінде орын алатын кейбір ой-пікірлерді баяндауды бастайды. Кейбір адамдар мен ұйымдарды келеке етеді, кейде мадақтап, кейде оларға өнеге-насихат береді.
Мейханашылар көбінесе ұстаз-шәкірт дәстүрінде жетіледі, шыңдалады. Мейхана айтуға таланты болған жас шәкірт бір ұстазға байланып, одан айтыстың ерекшеліктерін үйренеді. Ұстаз қай жерге барса, шәкірті де сол жерге барады және мейхана айтыстарына қатысады. Уақыт өте келе ұстаз бен шәкірт қарама-қарсы айтысқа түседі. Шәкірт белгілі бір деңгейге келгенде ұстаз шәкіртіне бір ұйқас беріп, айтысуын қалайды. Шәкірт озат болса, бұл кезде өзіне ұйқас беруін қалайды. Осындай сынақта табысты болса, ұстаз жас шәкіртінің айтыскер болғанын жария етеді. Бірақ барлығы олай болмайды. Кейде өзінің қабілетті болғанын ойлайтын жас өз-өзін жетілдіріп, айтыскер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет