Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет13/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
stud.kz-38836

Қырым татар айтысы. Қырым татар түркілеріндегі айтыстың түрі «Чын және манелер» деп аталады. Бұл түр жеті-сегіз буынды тармақтарға негізделген өлең өрнегі.
Қырым татар түркілеріндегі халық әдебиетінің ең бай және құнды түрлерінің бірі болатын чын және манелер айтыстарға ұқсас түрлердің бірі. Бұл түр халық арасында кең тараған. Чын және манелер тойларда, отырыстарда айтылады және ел арасына кең жайылған. Мане Түркияда бар, әйткенмен Қырым татар фольклорына қатысты өзіндік ерекшеліктері бар. Чын және манелерде оқиғаның өрбу желісінде, сондай-ақ шарықтау шегінде күрт өзгерістер болып, халықтың тұрмыс-тіршілігін жан-жақты талдауымен қызғылықты сипатқа ие. Бұл туындыларда халықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси өмірі жанға жағымды түрде баяндалады.
Негізінен чын және манелерде адамның ішкі дүниесі, сүйіспеншілік сезімдері баяндалады. Чын және манелер жедел туындайтын кіші көлемді түрлер болғандықтан әр кезеңге сай бейімделіп, қолайлы жанрға айналды. Сол себептен халық әлеуметтік және саяси өмірде бұл түрге жиі жүгінетін болды. Чын және манелер мақсаты тек қана көңіл көтеру үшін ғана емес, халықтың пікірін ортаға салу үшін де қолданылды. Бұл жанр туралы халықтың ата сөз – мақал-мәтелі мол туды:

Чын дегені шық жөнелту, қайда болса кетер,


Аңламағанға бос сөз бұл, аңлағанға жетер.

Чын және манелер шарты ұжымдық. Бұл туындылар екі немесе одан да көп адамның қатысуымен айтылады. Чын және манелерді әрдайым айтатын танымал чыншылдар бар. Чыншыны кейде «кедай» деп те атайды.Олар халық арасында құрметке ие болған адамдар. Үйлену тойларында, отырыстарда чын және манелер кештерінде танымал чыншылар, кедайлер жиналған жерлерінде чын және мане айтысын ұйымдастырады.


Чын және манелер айтыстары қыздар мен жігіттер арасында да жасалады. Жиналыстарда қыз бен жас жігіттер екі топқа бөлініп айтысуды бастайды. Кезегі келген қарсы топ чын айтып, бұл чындар әзіл-қалжыңмен жасалады және бұл ренжитін әрекетке себеп болмайды.
Чындар тақырыбына және мақсатына қарай өмірмен байланысты және тарихи шындықпен қатысты болып екі топқа бөлінеді.
Өмірмен байланысты шындық негізінен халықтың қайғы-мұңын баяндайды. Оларды ішінара бақытсыз махабат және ескі салт-дәстүр туралы, дін және діни парыздар жайында деп тақырыптарға бөлуге болады.
Айрықша сөзжұмбақты чындар да бар. Бірақ жеті-сегіз буынды тармақтарға негізделген өлеңдер тақырыбына және мақсатына қарай ерекшеліктері бар. Ал манелер махаббат туралы болады [21, 8- б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет