Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет4/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
stud.kz-38836

Зерттеу жұмысының нысаны. Түркі халықтарындағы айтыс жанрының типологиясы
жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Түркі халықтарына ортақ мұра айтыстың түрлері, әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындау мақсатында төмендегідей міндеттерді алға тартамыз:
- Фольклор мен халық әдебиеті төңірегіндегі айтысқа байланысты зерттеулерді тұтастай негізге алып, бұл тақырыпта қазақ және түрік ғалымдарының зерттеулеріндегі жаңа пікірлерді ғылыми айналымға түсіріп, соны түйін жасау.

  1. - Мәселені жалпы сөз өнерінің дамуы шеңберінде қарастырып, қазақ пен түрік айтысының бағзы үлгілерін көне дүниетаныммен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен үндестікте зерделеп, айтыстың түрлерін, қызметтерін, әр елдегі орындалу ерекшеліктерін айқындау.

  2. - Айтыстың түркі халықтарындағы түрлі ерекшеліктерін жіктеп, оның себебі осы халықтардың өмір-тіршілік, еңбек-кәсібіндегі, сондай-ақ қоғамдық даму сатысындағы өзгешелікте екендігін көрсету.

- Қазақ және түрік айтыстарының өткізілу шартын жасау, арнайы талдау жасап және осы төңіректегі жалпы ерекшеліктерді анықтау.

  1. - Түркі халықтарындағы айтыстың түрлерін саралау, осы жанрдың әу баста салтпен бірлікте өмір сүріп, кейіннен поэтикалық жүйесі бар жеке қалыптасқан жанр ретінде қазақ, қырғыз, қарақалпақ, сонымен бірге түрік, әзербайжан елдерінде дамып, озық өнер дәрежесіне көтеріле алғанын дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері. Зерттеу барысында айтыс жанры туралы, сонымен бірге сөз өнері туралы айтылған, жарыққа шыққан пікір-тұжырымдар, ғылыми, әдеби-сын еңбектер жұмыстың әдіснамалық негізі етіп алынды. Қазақ ғалымдары қатарында Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Р.Нұрғали, М.Жармұхамедұлы, Б.Әзібаева, К.Матыжан, Ш.Керім, С.Дәуіттің; Түрік ғалымдар қатарында У.Гүнай, М.Бали, Д.Қайа, Х.Картары, Д.Дүзгін, Ф.Халыджы, Е.Арслан, И.Динчер, М.Адиль Өздер, Е.Артун пікірлеріне сүйендік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет