Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет9/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
3. Ақындар айтысы. Бұл айтыста атақты ақындар немесе ақындық шеберлік сынаушы адамдар бір-бірімен айтысады. Ақындар айтысына қойылатын басты талап нағыз талант иесі болумен қатар, суырып салмалық өнерінің ұшқын болуын көрсетеді. Сөз құдіретін орынды пайдаланып, елге, халыққа өз өнерін паш етіп, сөз өнерімен тәрбиелей білу керек. Айтыстар той мен ойын-сауық жиындарда көпшіліктің алдында ақынның сөзге ұсталығын көрсету мақсатында айтылады.
Бұл ғасырда Қарақалпақ әдебиетінде ақындар айтысының үш түрі болғандығы көрінеді:
1.Туысқандық, татулық айтысы. Бұл айтысты танымал және де классикалық ақындар басқарады. Көрші қалалардың атақты айтыскерлері жарысады. Тақырып ретінде әр қаланың әдет-дәстүрі, географиялық тұрғысынан, өмір сүру шарттарынан сөз айтылады. Соңында да «түбі бір болған қаламыз ғой» түрінде сөйленіп, достық пен бауырлық сөздермен айтыс аяқталады. Тегінде, шаһарды мекен еткен отырықшылық-диқаншылық өмір бұл айтыста да көрініс береді. Мәселен, түрік, қарашай, өзбек, түрікмен, тәжік секілді көптеген халықтар жұмбақ айтысып, жеңілгендер өз шаһарынан айырылатын бәсеке түрі де бар. [15, 93-б.].
2. Ақындар айтысы. Екі ақын бір-бірінің мінез-құлқын, кемшіліктері мен артықшылықтарын сынайды. Кейде ақындардың өмір сүрген ауылдарын, сол ауылды билеп отырған жоғарғы билік басындағылардың жомарттығы мен әділетсіз тұстарын мінеп, сол жерде өмір сүрген адамдардың сауатсыздықтары мен көргенсіздіктері айтылып, кемшіліктері сыналады. Қаншама өткір сын айтылса да, мазақ етілсе де айтыстың аяғында екі ақын татулықпен, ынтамақтастықпен қоштасады.
3. Халық ішінен шыққан ақын табиғаты болған адамдардың айтысы. Бұл түрде екі бөлек ауылдан екі жігіт немесе бір жігіт пен бір қыз айтысады. Бұлар, бәлкім халыққа танымал ақындар болмаса да сөз шебері, айтыстары халық арасында үлкен бір қызығушылықпен тыңдалған шешендер болып саналады.
Қазақ айтысы мен қарақалпақ айтысы бір-біріне қатты ұқсас. Екі елге кең тараған қазақ және қарақалпақ ақындарының айтысы да бар. Бұл айтыстарда түркі тектес екі халықтың өздеріне ерекше әдет-дәстүрлерінен, этнографиясынан сөз айтылады. Қарақалпақтардың ақындар айтысында ең көп жеңіп келгендер әйел айтыскерлер болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет