Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет12/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
422-бап. Тауардың сапасы

    1. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.
      2. Шартта тауардың сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге мiндеттi.

Егер сатушы шарт жасасу кезiнде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге мiндеттi.
3. Тауарды үлгiсi бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгiге және (немесе) сипаттамасына сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.

    1. Егер сатылатын тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген тәртiпке сәйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.

Сатушы мен сатып алушы арасындағы келiсiм бойынша, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келетiн тауар берiлуi мүмкiн.
5. Сатушы сатып алушыға беруге мiндеттi тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға сәйкестiгiн айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе, осы бапта көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс және қисынды мерзiм шегiнде әдетте осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар үшiн жарамды болуға тиiс.


423-бап. Тауардың жарамдылық мерзiмi

    1. Заңдарда, мемлекеттiк стандарттардың мiндеттi талаптарында немесе басқа да мiндеттi ережелерде бiтуiне қарай тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңi (жарамдылық мерзiмi), сондай-ақ тауарда оның жарамдылық мерзiмi көрсетiлетiн жағдайлар белгiленуi мүмкiн. Z040603

    2. Сатушы жарамдылық мерзiмi белгiленген тауарларды сатып алушыға жарамдылық мерзiмi бiткенге дейiн олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есеппен беруге мiндеттi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет