Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді


-бап. Тауарды ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз



бет17/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
435-бап. Тауарды ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз
не тиiстi ыдысқа салмай және (немесе) буып-түймей берудiң салдары

    1. Ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиiс тауар сатып алушыға ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салынбай және (немесе) буып-түйiлмей берiлген жағдайда сатып алушы сатушыдан, егер шарттан, мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауардың сипатынан өзгеше туындамаса, тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп берудi не тиiстi дәрежеде емес ыдысты және (немесе) буып-түйiлген орауышты алмастыруды талап етуге құқылы.

    2. Сатушыға осы баптың 1-тармағында аталған талаптар қоюдың орнына, сатып алушы оған тиiстi сапасы жоқ тауар беруден туындайтын өзге де талаптар қоюға құқылы (осы Кодекстiң 428-бабы).

436-бап. Сатушыға шартты тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлау

    1. Сатып алушы шарттағы тауардың саны, түр-түрi, сапасы, жиынтықталуы, ыдысқа салынуы және (немесе) буып-түйiлуi туралы талаптардың бұзылғандығы жөнiнде сатушыға заң актiлерiнде, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген мерзiмде, ал егер мерзiм белгiленбесе, тауарлардың сипаты мен мақсатып негiзге ала отырып, шарттағы тиiстi талаптың бұзылуы байқалуға тиiс болғаннан кейiн қисынды мерзiмде хабарлауға мiндеттi.

    2. Сатып алушы осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттi орындамаған жағдайда, егер мұндай дер кезiнде хабарламау өзiнiң талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн болмауына әкеп соққанын немесе шарт талаптарының бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлаған жағдаймен салыстырғанда сатушыға өлшеусiз шығындар келтiретiнiн дәлелдесе, сатушы сатып алушының тиiстi талаптарын қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.

3. Егер сатушы сатып алушыға берiлген тауарлардың шарт талаптарына сәйкес келмейтiндiгiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, оның сатып алушының осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттi орындамауына сiлтеме жасауына құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет